Көліктер қалай қозғалады? Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім: «Табиғат физикасы. Күш және қозғалыс» | Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні : | ||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Көліктер қалай қозғалады? | ||
Оқу мақсаттары | 2.7.1.1 Қозғалыстың түрлі жолдарын зерттеу және оларды суреттерде көрсету; 22.5.1.1 түрлі денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалу мысалдарын келтіру | ||
Сабақ мақсаттары | Сұрақтар қою және түрлі көліктердің қозғалысын бақылау арқылы жауап беру. Бақылау нәтижелерін суреттер түрінде таныстыру. | ||
Бағалау критерийлері | Қозғалыстың түрлі жолдарын зерттейді және оларды суреттерде көрсетеді. | ||
Тілдік мақсаттар
|
Талқылауғаарналғансұрақтар:
Неліктен …
түрліжылдамдықтыңтежелужолыәртүрліболатынынайтааласыз | ||
Құндылықтарды дарыту
| ынтымақтастық; - өмір бойы білім алу | ||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану. | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1-сыныптағы 2В «Күш және қозғалыс» бөлімінде алынған білімге негізделеді | ||
Сабақбарысы | |||
Сабақтың Жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 0-5 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:Оқушылар өз орындарында тұрады: Мұғалім көлік түрлерін айтады, ал оқушылар оны қимылмен көрсетеді. Мысалы: Ұшақ, машина, пойыз... -Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақта біз не туралы атамыз? Көлік жайлы -Ал, көліктер не істейді? қозғалады Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу. Сабақтың тақырыбы: Көліктер қалай қозғалады? Мақсаты: Қозғалыстың түрлі жолдарын зерттеу және оларды суреттерде көрсету; көліктердің түрлі жылдамдықпен қозғалу мысалдарын келтіру. | ||
Сабақ Ортасы 5-35 минут | (Ұ,Қ) Бейнероликті тамашалау Өрт сөндіру, полиция, жедел жәрдем машиналарының қызметін көрсететін бейнероликті бақылау.
Өрт сөндіруші полиция көлігі жедел жәрдем көлігі Бейнероликті талдау -Қандай көлік түрлерін көрдіңдер? -Олардың қозғалысы туралы не айтуға болады? -Қай көліктің жылдамдығы тез? -Қай көлік ақырын қозғалады? -Бұл көліктердің қызметі қандай? /оқушылардың жауаптарын тыңдау және толықтыру/ (Ұ) Ұшақтардың ұшуы мен қонуы туралы бейнероликті көріп, жақын маңайдағы әуежай суретімен таныстыру
ӘУЕЖАЙ ҰШАҚТЫҢ ҰШУЫ ҰШАҚТЫҢ ҚОНУЫ (ОТ) Ұшақтың әуедегі қозғалыс модельдерін бақылау үшін және оның аспандағы отын ізінің суретін бормен не пастельмен салу (Ұ,)Оқулықпен жұмыс. Қозғалыс туралы мәтінді тізбектей оқыту. -Денелердің қозғалысын зерттеу. -Машинаның қозғалыс траекториясы. -Зерттейік! Екі бала бір-біріне лақтырып тұрған доптың траекториясын қалай өзгеруге болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру, қалыптастырушы бағалау. (Ө,Қ)Карточкамен жұмыс 1-тапсырма Суреттегі көліктерді бір сөзбен қалай атауға болады? А) жеңіл көліктер В) жүк көліктері С) Әуе көліктері 2-тапсырма:Жылдамдығы баяу және тез жүретін көліктердің суретін салу Оқушылар жұпта отырып, карточкаларымен ауысады. Мұғалім өзара бағалау жұмысын ұйымдастырады. | Қозғалатын ойыншықтар, Көлік түрлерінің суреттері Бейнежазба Оқулықтағы мәтін карточкалар | |
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия: - Не үйрендік? -Нені білдік? -Не қиын болды? Бағалау: Оқушылар басбармақ арқылы өздерін бағалайды. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |
Дифференциация – Деңгейлік тапсырмалар беру | Оқушыларды пайыздық көрсеткіш бойынша бағалау. | Қауіпсіздік техникасы-ның ережелерінен | |
Кабілеті жоғары оқушылар өз беттерімен көліктердің қозғалыстарын зерттеу | Оқушылардың қабілеті топта жұмыс істеу барысында бақыланады, мұғалім жазбалар жүргізеді. | Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. | |
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Шеңберге шығу сабақ бойынша кері байланыс жүргізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?