8 Наурыз құтты болсын! 8 наурызға арналған өлеңдер

8 Наурыз құтты болсын! 8 наурызға арналған өлеңдер

 8-ші наурыз келіпті
Қыздар жайнап өсіпті
Көктемнің жайнаған күнінде
Әдеміленіп кетіпті

Құттықтаймын қыздарды,
Болса екен бақытты.
Дүниенің бір бөлігі
Әсем қандай сөздері

Нұргүл,Жанель, Айзада , Нұрлыайым,
Сыныптың үздік белсені
Басқа сыныпқа үлгі боп
Сабағына үлгерді.

Малике, Құралай, Нұрай, Аружан
Әр сыныптан жиылған
Қазіргі кезде бір үйдің
Қыздарындай боп кеткен.
Әсем-ай, Мадина , Индира, Айзат ,
Оқуыда керемет
Сыныптың үздіктеріндей
Озат болсын деп тілеймін.

Рамиса,Арайлым, Шолпан
Көңілденіп жүреді
Әрқашанда татумыз
Қыздарменен біргеміз

Біздің қыздар керемет,
Әр сөздері нәр береді.
6-Б ның жігіттері құттықтайды
Аруларын 8-ші наурызымен

Ақбота ,Динара апайымыз
Олар біздің анамыз
Сіздерді біз құрметтеп
Басымызды иеміз. 

Автор: Шерхан Журсiнбек

8 наурызға тілек, жиен қыз!

Құтты болсын көктемнің мерекесі,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Әрбір күнің қуанышқа бөлей берсін,
Күнің көп боп шаттықты күлімдеткен.

Нағашыңның ақ тілегін қабыл алғын,
Жиеніне арнайтын бар бақытты.
Гүлді көктем жаныңды тербей берсін,
Қызықты етіп өткізіп әр уақытты.

Орындалып арманың бақытты бол,
Тілейтінім жиенім тек ашық жол.
Биіктерден көрініп, шаттана бер,
Әрбір күні орналып жақсылық мол.


Қарындасым, мерекең құтты болсын,
Құшақ ашып көктеммен бірге келген.
Әрбір күнің қарындасым нұрға толсын,
Әр күніңе көңілді күйін берген.

Бақытыңның базары тарқамасын,
Қуанышын сыйлап тек өмір жолың.
Алла саған жар болып қарындасым,
Сыйлай берсін өзіңе шаттық молын.

Мерекеде құлпырып, жарқырай бер,
Таудан аққан бұлақтай мөлдір болып.
Бағың жансын өмірде қарындасым,
Әрбір жасар ісіңе көңлің толып.


Қызым 8 наурыз құтты болсын!

Бауыр етім жан қызым құтты болсын,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Пәк көңілің ән менен жырға толсын,
Жандүниеңді құлпыртып, гүлді еткен.

Бар әлемнің қуанышын тілеймін мен,
Амандықта жан қызым жүр күлімдеп.
Бағың жанып алтыным бұл өмірде,
Шаттығыңа бөлесін әр күнің тек.

Тілекші боп жүреді анаң саған,
Тәнті болсын саған деп барлық адам.
Көңіліңде жайма шуақ жаз орнасын,
Сәттілікте, құтты боп әрбір қадам.


Ару қызым, 8 наурызға тілек!

Үйіміздің қуанышы, шаттығы өзің,
Бар бақытқа бөлейді көзің сенің.
Құтты болсын көктемнің мерекесі,
Гүл көктемдей жайнаған қызым менің.

Бар жақсыны тілейді әкең саған,
Әрбір күнді жұлдыздай жарқыраған.
Арманың мен мақсатың орындалсын,
Ел алдында абыройың артып бағаң.

Алла өзі жар болып, қолдасын деп,
Жүрем қызым өзіңе тілек тілеп.
Таусылмасын шаттығың, қуанышың,
Деп тілейді өзіңе әке жүрек.


Құрметті арулар!

Құттықтаймын сіздерді мерекемен,
Ару көктем, гүл көктем ашты есігін.
Бүршік жарып табиғат бейнелері,
Тербетуде құлпырып тал бесігін.

Жүздеріңіз жайнасын, жадырасын,
Күндеріңіз шаттықты күйге еніп.
Ән менен жыр тербетіп көңліңізді,
Жаныңызды жіберсін гүлді етіп.

Армандарың орындалсын, мақсаттарың,
Аруларым асқақтап жан сарайың.
Бар жақсылық тек қана орнасын тек,
Тілерім сол, нұрын төксін күн арайын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі