Табиғи ресурстардың түрлері мен көздері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері.Табиғи ресурстар.

Күні:

Cынып:2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи ресурстардың түрлері мен көздері

Оқу мақсаттары

2.3.4.1 табиғи ресурстардың түрлері мен көздерін анықтау

2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Табиғи ресурстар туралы түсінік қалыптастыру. Табиғи ресурстарды анықтап, түрлері мен көздерін ажырату.Табиғи ресурстардың маңыздылығын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Табиғи ресурстардың түрлері мен көздерін анықтай алады

 Сөздік қор

Табиғи ресурстар, сарқылатын және сарқылмайтын , атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I.Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.Күндей жадырап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір, таза көңілменБүгінгі сабақты бастайық!

-Балалар, бұл тілекте мен қандай сөздерді пайдаландым?

-Оларды бір сөзбен не дейміз? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі сабағымыз табиғат, нақтырақ айтатын болсам табиғи ресурстар жайлы болмақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

презентация

Сабақ ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Бейнероликті тамашалау

«Табиғат қызықтары» атты бейнефильмді тамашалауды ұсынамын.

-Балалар, бұл фильмді мұқият қарап, есте сақтаңыздар.

Суретпен жұмыс

-Балалар, суреттерге назар аударыңдар.Сендердің ойларыңша «табиғат ресурстары» дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

-Осы суреттердің арасынан табиғи ресурстарды анықтай қойыңдар.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, суреттерді жіктейді.Оқушылардың ойын тыңдау.

-Бұл табиғи ресурстар адамға керек пе? Не үшін?

Ендеше, табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

(МК,Т) Аудиоматериалды тыңдау

Тапсырма:«Табиғи ресурстардың жіктелуі» атты роликті мұқият тыңдап, табиғи ресурстардың түрлерін естеріңе сақтаңдар.

Топтық жұмыс.Қима суреттермен жұмысты жалғастыру.

Тапсырма: Суреттерді критерийлер бойынша 3 топқа жіктеңдер:

*Сарқылатын ресурстар:Орнына келмейтін

*Сарқылатын ресурстар:Орнына келетін

*Сарқылмайтын ресурстар

(Ө,Қ)Дәптермен жұмыс 34-бет

Бейнефильм

Суреттер

Аудиоматериал

Тыңдалым

суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Қандай жаңалық алдыңдар?
  • Қай кезең сендерге қиындық туғызды?

Өздерін бағалау

Ата аналарына СМС жазу.Өздеріне баға беру.

Үйге тапсырма: 48-49-бет, оқу.

Стикерлер

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың табиғи ресурстары жайлы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу