Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін зерттеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.3 - ауаның жылуөткізгіштік пен кеңістікті толтыру қасиеттерін зерттеу

2.1.2.1 - «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижесін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары

Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін зерттей, ауа туралы толығырақ білім алады

Бағалау критерийлері

Ауаның негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады.

Тілдік мақсаттар

Ғаламшар, ауа, тазалық, тыны салу,

мөлдірлік, газдану, сақтау

түсі жоқ, иісі жоқ, көлемі жоқ

жылуөткізгіш, кеңістікті толтыру, газ тәрізді.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

АКТ,математика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Бастапқы білім

Оқушылардың ауаның бар екендігі, адамның ауамен тыныс алатынын, ауаның жануарлар мен өсімдіктерге де қажет екендігі туралы түсінктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Біріне-бірі табиғат туралы сұрақтар қояды.

Жұмбақ шешу.

Көзге көрінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сабақтың ортасы

(Ұ, Т) Үрленген және ауасы біраз шығарылған шарлармен ойнап көріңіздер. Айырмашылық бар ма? Дөңгелегіндегі ауасы біраз шығып кеткен велосипед теуіп көріңіздер (немесе балалар осы жағдайлар туралы өз тәжірибелерімен бөліссін), қатты үрленген дөңгелектердің маңыздылығын қарастырыңыздар.

(Ж) Ауаның бүкіл бос кеңістікті толтырып тұратыны туралы ой қорыту үшін әр жұп ауаны тағы қайда кездестіруге болатынына бір мысал жазуды ұсыныңыз. Оқушыларды тапсырманы орындауда тың, бір бірін қайталамайтындай мысалдар ойлап табуға ынталандырыңыз.

(ОТ, Т, қ) жылуды қай материал барынша ұзақ сақтайтынын зерттеңіздер. Оқушыларға шөлмектегі судың температурасын тұрақты сақтау үшін түрлі материалдарды пайдаланып көруді ұсыныңыз. Жылуды сақтауға барынша қолайлы келетін (мысалы, термос үшін) материалды таңдап алыңыздар.

(Ж) Оқушыларға қысқы киімдері мен жазғы киімдерін салыстыруды ұсыңыз. Қыстық киім неге қалың болады? Ол неліктен тондырмайды? деген сұрақтар арқылы оқушыларды жетелей келе, мынадай сұрақ қоюға болады: «Қыстық киімнің қалыңдығы мен ауаның жылуөткізгіштік қасиеті қалай байланысты?»

(Т) Ауаның жылуды нашар өткізетінін түсіндіреді. Қоршаған ортадан ауаның жылуды сақтайтынына мысал іздестіреді

Ауа жылуды нашар өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты. Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т. б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес. Қасқырдың құйрығы үлкен әрі жүні қалың. Қардың үстінде қасқыр ұйықтар алдында ол өзінің тұмсығы мен аяқтарын жүнді құйрықтарымен жауып жатады. Сұр тышқандар үлкен биік қар үйінділерінің астындағы індерінде қыстайды. Онда оларға әрі жылы, әрі қолайлы. Ал, кейбір құстар құрлар мен саңырау құрлар ең күшті аяздарда қалың қардың астына кіріп кетеді

Қалыптастырушы бағалау Аты жөні:.......................

Ауаның қасиеттерін анықтауға арналған қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.

Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп сал. Стақан бірден суға тола ма? Енді стақанды бір жағына қарай қисайт. Не байқадың? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр?

Себебі,

 Әр түрлі пішіндегі (дөңгелек, сопақ, ирек ) шарларды үрлеп көр. Ауа неге әр түрлі пішінге ие болды?

Себебі,

Бұл тәжірибеден ауаның қандай қасиеті анықталады?

http://www.youtube.com/embed/Kz2c5OJ5Yx0

Қақпағы бұрап жабылатын пластик шөлмектер, термометрлер, жылы су, түрлі материалдар жиынтығы, таймерлер.

Мультфильм «Ауаның қасиеттері» https://www.youtube.com/watch?v=P7-9aOe08Rk

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу