Ғаламшар үшін ауаның маңыздылығы. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. «Заттар және олардың қасиеттері. Ауа.»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғаламшар үшін ауаның маңыздылығы

Оқу мақсаттары

3.2 Ауа

2.3.2.1 - біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;

2.1.2.1 - «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Әр түрлі ресурстарды қолдана отырып, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын анықтап, талқылайды, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Ауаның және ауа тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіре алады.

 Сөздік қор

Атмосфера, оттегі, азот, көмірқышқыл газы, таза, тіршілік үшін маңызды, т.б. сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір,таза көңілменБүгінгі сабақты бастаймыз!

ІІ.Қызығушылықты ояту”

ЖұмбақБір нәрсе жер мен көктің арасында. Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.Бұл не?

Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.

Бұл ненің дыбысы?

-Жел дегеніміз не?

-Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

-Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

презентация

Аудиоматериал

Сабақ ортасы

3 минут

5 минут

4 минут

2 минут

10 минут

5 минут

4 минут

(Ж,Ұ,Қ) Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау. Ауаның негізгі қасиеттері туралы сызбаға жазу.

иүссіз мөлдір

иіссіз дәмсіз

тұрақты пішіні жоқ

(Ұ)Ауаның басқаша болуы мүмкін жерлер туралы ойланыңдыру (мысалы, биік тауда, қылқанжапырақты орманда).

-Балалар, қай жерде ауа таза болады?

-Биіктікте тыныс алу қабілеті мен жаттығулар жасау қандай өзгерістерге ұшырайды?

(Т, Ж, Ө) Шарды үрлету.

Мақсаты: Әр түрлі пішіндегі шарларды үрлей алуын анықтау.

- Сендер немен және қалай тыныс аласыңдар?

- Демді ұстап, қанша уақытқа дейін тұра аласыңдар?

/Зерттеу жасау/

Қосымша ақпарат.

Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады.

Сергіту сәті: «Дұрыс тыныс алу» жаттығулары

Мұғалім оқушыларға дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларды көрсетеді, пайдасын түсіндіреді.

(Т)Шығармашылық тапсырма

Оқушыларға топтарға бірігіп, А3 форматты қағазға суреттер салғызу. Бұл суреттер кейін кинотаспа секілді біртұтас суреттер желісіне біріктіріледі.

Сурет тақырыптарының мысалдары:

  • Көгілдір ғаламшар;
  • Ағаштар – Жердің өкпесі;
  • Машиналар – ауаның жауы;
  • Зауыттардың сорайған мұржалары;
  • Мұздықтардың еруі;
  • Су тасқыны;
  • Құрғақшылық;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы;
  • Ғаламшарды құтқарамыз

 Суреттерді біріктіріген кезде ғаламшар өмірінің кинотаспасы шығады. Топтарға суреттер бойынша әңгіме құрастырып, сынып алдында оқып не айтып беруді ұсыну.

 

(Ө,Қ)Эссе жазу

Тапсырма:Суреттерге сүйеніп, шағын эссе жазыңыз.

Ауа не үшін қажет?

(Ө,Қ)Карточкамен жұмыс

  • ____________________________________________
  • ____________________________________________
  • ____________________________________________
  • ____________________________________________

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, карточкаларымен ауысады, дайын нұсқа бойынша бір-бірін бағалайды.

Әртүрлі пішінді шарлар

Аудиоматериал

А 3 форматтағы ақ қағаздар, қарындаштар мен фломастерлер.

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

4 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасау.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Ең басты сабақта не ұнады?

-Не қызықты болды?

  • Не қиындық туғызды?

Бағалау

Оқушылар басбармақ арқылы өздерін бағалайды.

Басбармақ

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру.

Оқушылардың ауа жайлы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу