Су дегеніміз не? Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2B бөлім: Менің әлемім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 2 – тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.5.3.1 Судың қасиеттерін анықтау (дәмі пішіні, сұйықтығы);

2.5.3.2 Судың үш күйде болатынын түсіну және бір күйден екіншісі күйге ауысуын зерттеу.

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар судың сұйық, бу және қатты күйде болатынын біледі. Пішінінің ыдысқа байланысты болатынын тәжірибе жүзінде анықтайды. Судың бір күйден екінші күйге ауысатынын зерттейді.

 Бағалау критерийлері

Топпен жұмыс барысында судың бір күйден екінші күйге ауысуын тәжірибе жүзінде көз жеткізіп, судың қасиеттерін анықтай алу дағдылары бақыланады.

 Сөздік қор

Қатты, бу,сұйық күйде,мұз,буланады,қатады.

 Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қорғау, өсімдіктері, ағаштарды жұлмау, суды үнемдеу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байаныс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта жануарларды топтарға жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ,МК) Оқушылардың сабаққа қызығушылық дағдыларын дамыту мақсатында сабақты жұмбақ жасырудан бастаймын.

Жұмбақтар

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. ( Су )

 

Еш тесікте тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.

Бұл не?  ( Су )

Таныстырылым

Сабақ ортасы

(МК,Ұ) Су туралы мақал-мәтелдер оқу.

1.Сусыз тіршілік жоқ.

2.Жер – қазына,

   Су-алтын.

3.Бұлақ көрсең көзін аш.

4.Сулы жер-нулы жер.

5.Тамшыдан теңіз құралады.

6.Жаңбыр жауса – жер ырысы,

   Батыр туса – ел ырысы.

7.Тіршілік көзі – су.

Балалар, біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада 85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен.

Сергіту сәті.

(МК) Термометрді ұстау және қолдану жолдарын көрсету.

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

(Ж, ОТ, Қ) Суық, жылы, ыстық судың және мұздың температурасын өлшету. көрсеткіштердегі айырмашылықтарды талқылау. Таза судың 1000С қайнап, 00С қататынын көз жеткізу.

(ОТ, Ж, Қ) Мұз текшелерін алып 3 топқа беру.

Тапсырма.

  • 1 – топ. Оларды мұз күйде қаншалықты ұзақ сақтауға зерттеулерін тапсыру.
  • 2 – топ. Мата, фольга материалдардың жиынтығын алып, мұз текшелерін ораңыз және оның қанша уақыттан кейін ери бастайтынын бақылауларын тапсыру.
  • 3 – топ. Полиэтиллен, А 4 форматтағы қағаз материалдардың жиынтығын алып, мұз текшелерін ораңыз және оның қанша уақыттан кейін ери бастайтынын бақылауларын тапсыру.
  • 4-топ. Топ мүшелеріне стакан, банка, кесе, шелек беріледі. Әр ыдысқа су құйып, қорытында жасауларын тапсыру.

(ОТ) «Қатты» және «сұйық» деген сөздерді пайдалана отырып, текшемен болған өзгерістерді жазыңыз.

      Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге зауыт, фабрика тұрғын үйжайлардан сарқынды таза емес сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті. Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.

Әр топта термометр, судың үш күйде (ыстық,сұйық,мұз) температурасын өлшеу, кестеге жазу.

4 топқа 4 мұз текшелері, мата, А4 форматтағы қағаз, полиэтиллен, фольга.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар дидактикалық материалдағы мақал – мәтелдердің оқып, не туралы екндігін әңгімелейді.

Жұптық, топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу