Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


«Құқықтық алаң» әдісі арқылы оқушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқығын қарастырыңыз.

Зерттеу және талдау:

ҚР Неке және отбасы кодексінің 15 тарауы: 115-116 баптарын қарстырады

ҚҰЖАТ 15 тарауы: 115-116 баптары

Зерттеу сұрақтары

  • Құқықтарын қорғау
  • Мүдделерін қорғау
  • Құқықтарын қорғау нысандары
  • Мүдделерін қорғау нысандары

Маңыздылығы (оқушының көзқарасы)

Қоғамда қабылданған норма

Отбасы қатынастары аясында мәселелік жағдаяттарды шешу. Оқушыларды төрт топқа бөліңіздер.

1 топ:

Ново-Алексеевка орта мектебінің оқушысы Петя Воронов мектепке беті-қолы жарақаттан көгеріп келіп жүреді. Мұны байқаған мектеп мұғалімі оның ата-анасын мектепке шақыртады. Алайда мектепке тек Петяның анасы ғана келеді. Баланың беті-қолындағы жарақат қайдан пайда болған деген сұраққа анасы нанымды жауап бере алмайды. Мектеп басшыларының өтініші бойынша ұйымдастырлған қорғаншы және қамқоршы орган жүргізген тексеру нәтижесінде, төмендегідей мән-жайлар белгілі болады: Петяның әкесі - Алексей Воронов көп жылдардан бері араққа салынып, маскүнем болып кеткен, сол себепті ол күнде жанұя мүшелерімен жанжалдасып дау шығаруды дағдыға айналдырған. Арақ ішіп, мас болғанда ол баласын себепсіз ұрып соғатын, сонымен қоймай Петяға араша түспек болған әйелін де соққыға жығатыны белгілі болады.

Баланың құқығын қорғау мақсатында Петяның әкесіне қандай шара қолдануға болар еді?

Петяның анасы тарапынан Алексей Вороновқа шара қолданбау істің мәні өзгерте ме?

2 топ:

2000 жылдың сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық соттың шешімі бойынша Биғаным Смайлованың күйеуі — Абдулла Жарылғапов әрекет қабілетсіздігі жоқ деп танылған болатын. Жарылғаповтың қорғаншысы болып оның анасы — Бәтима Жарылғапова танылған болатын. Арада бір жыл өткеннен кейін Биғаным Смайлова сотқа талап-арыз беріп, Жарылғаповпен некені бұзуды сұрайды.Талап-арызында Биғаным Смайлова өз балаларының өмірі үшін қауіптенетіндігін айтады, себебі ауруы асқынған кезде күйеуі Абдулла Жарылғапов үнемі балаларды өлтіретіндігімен қорқытады. Биғаным Смайлова өз арызында, сондай-ақ күйеуін бір жыл бойы облыстық психиатриалық ауруханаға орын болмауына байланысты орналастыра алмай жүргенін мәлімдейді. Абдулла Жарылғаповты балалардан басқаша бөлектетудің өзгеше амалы жоқ еді. Абдулланың қорғаншысы болып табылатын Бәтима Жарылғапова өз міндетін іс жүзінде атқармайтын, себебі оның пікірінше Абдулла әлі күнге дейін оның заңды күйеуі болып табылады, сондықтан да Смайлова өзінің күйеуін өзі күтуге міндетті деп санайды. Сот Биғаным Смайлованың өтінішімен танысып болып оны қараудан бас тартады, соттың пікірі бойынша Смайлованың бұл әрекеті күйеуінің басына қиын жағдай туған кезде зайыбын күту міндетінен әдейі, саналы түрде жалтарғандық болып табылады. Істі шешіңіздер.

Қандай жағдайларда некені АХАЖ органдарында бұзуға жол беріледі?

Абдулланың қорғаншысы болып табылатын Бәтима Жарылғапованы өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартуға бола ма?

3 топ:

Максимова 1998 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Кравченкомен занды некеде болған болатын. Бұл некеден оларда бала болған жоқ. 1999 жылдың қараша айында екеуінің өзара келісімі бойынша Кравченко өзін АХАЖ органында Максимованың 1997 жылы 17 тамызда туған баласы — Алешаның әкесі етіп жаздыртады. 2001 жылдың наурыз айында бұл ерлі-зайыптылардың некесі бұзылады, ал 2001 жылдың шілдесінде Кравченко сотқа талап-арыз беріп баланың туу туралы куәлігіндегі өзін баланың әкесі деп көрсететін жа- зуды жарамсыз деп тануды сұрайды.

Осы іске қатысты сот қандай шешім шығаруы керек?

Өзін ерікті түрде баланың әкесімін деп таныған тұлға үшін қандай құқықтық салдар туындайтындығын атаңыздар.

Заңды некеде болмаған әйел туған сәбидің әкесі қалай көрсетіледі? Әкелікті (аналықты) анықтауға байланысты туған дау қандай тәртіппен шешіледі және нені сот дәлелдеме ретінде қарастыруға құқылы? Әкелікті (аналықты) даулау мерзіммен шектелген бе?

 

4 топ:

Ерлі-зайыптылар София Досаева мен Игорь Иванов занды некеде 11 жыл тұрған болатын және олардың осы некеден 10 жасар Слава есімді ортақ балалары бар еді. София жанұяда өзінің мінезімен ерекшеленетін, яғни өзінің күйеуін ерекше қызғанатын. Игорь келбетті әрі ақ жарқын мінезімен әйелдеодің назарына көр ілігетін және тіпті ол кейде олар дың қайсыбірімен оңаша отырыстарға да барып жүретіндіктен. Бір күні Игорьдың бұл жүрісі жайлы Софияға Игорьмен бір мекемеде жұмыс істейтін Ольга есімді құрбысы айтып береді.Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас тым салқындап кетеді. Осы оқиғадан кейін София күйеуінің қарсы болуына қарамастан некені бұзуға бел шешеді және ұлы Слава Игорьдың тегін (фамилиясын) әкесіне қайтарып беруі тиіс деген пікірге келеді. Сонымен Славаның тегін (фамилиясын) ол Иванов емес өзінің тегіне (фамилясына), яғни Досаев деп жаздырмақшы болады. Игорь болса Славаның тегінің өзгертілуіне үзілді-кесілді карсы болады. Сот әуел бастан бұл ерлі-зайыптылардың татуласуларына уақьгг береді, алайда одан ешбір оңды нәтиже шықпайды. Көп өтпей олардың некесі заң жүзінде бұзылады.

Ерлі-зайыптылардың арасында баланың тегін өзгертуге байланысты ортақ келісім болмаған жағдайда бұл іс қалай шешіледі, осыған негіздеп жауап беріңіздер. Тек (фамилия) өзгертуді қандай орган жүзеге асырады? Баланың тегін (фамилиясын) өзгерту кезінде Игорьдің пікірі ескерілуі тиіс пе?

Ой түйін: «Жетім көрсең – жебей жүр»

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?