Жануарлардың көбею жолдары. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Жануарлар | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жануарлардың көбею жолдары | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.2.2.4 Жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Жануарлардың көбею жолдарымен танысу. | |||||
Бағалау критерийлері | Жануарлардың көбею жолдарымен танысады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілерлер, уылдырық, жұмыртқа, қуыршақ. | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету. | |||||
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/ /интернационализм | Жер шарындағы жануарлар тобын қорғауға қатысу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, қазақ тілі және әдебиеті. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Жануарлардың көбею жолдарына арналған таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Жануарлар әлемінің көптүрлілігі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық Армысың, ару Күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! | |||||
Сабақ ортасы 25 минут | Оқу мақсатымен таныстыру. Жануарлардың көбею жолдарымен танысу. (Ұ) Інілері мен қарындастары туралы сұрақтар қойыңыз (мысалы, оларға не ұнайды?, не жейді?, өздігінен не істей алады? не істей алмайды? т.б.) Адамның тіршілік циклінің кезеңдерін талқылап, тіршілік етудің маңызды бөлігі ұрпақ көбейту екенін атап көрсету. (Ж, Ө, қ) Сүтқоректілер мен олардың балаларының атауларын еске түсіру, енесі мен төлін сәйкестендіру үшін жұмыс парағын толтыру. (Ұ) Белгілі жануарлардың (мысалы, бақа, қоян, құстардың тіршілік циклдері туралы бейнероликтерді қарау) (Т,Қ) Топтарға: шабақ, уылдырық, құс, балапан, түлкі, мыршай (түлкінің күшігі), көбелек, дернәсіл, құрт, жұмыртқа, балық деген жазулары бар бөліктерге бөлінген үлестірмелі парақшалар тарату.Оларға үлестірмелі парақшалардан жануарлардың көбеюі туралы тізбек құрастыруды тапсыру. (Ұ) Әр класқа жататын жануарлардың тіршілік циклдерінің диаграммасын жасау. Баламалы нұсқа ретінде видеоматериалды қарау. (Ұ) Инкубатордың көмегімен тауық жұмыртқасынан балапан жарып шыққан сәтін көрсететін бейнефильм немесе суреттерді қарау. Тауықтың даму кезеңдерінің сызбасын жасау. Оқушыларға жұмыртқаны/балапандарды күту бойынша түрлі рөлдерді бөліп беру. Ұрпақ өзін туған жануардың түріне жататына оқушылардың назарын аудару (мысалы, мысықтың баласы – марғау (бала мысық), иттің баласы – күшік) Кейбір жануарлар баласын тірі туатынын, кейбірінің жұмыртқалайтынын талқылау. Зерттеу барысында жануарлардың ұрпақ таратуы туралы оқушылардың алған білімдерін бағалау. Кейбір жануарлардың тіршілік циклі туралы бейнесюжет жасау. Суреттер мен бейнефильмдер қолдану (Т) Топпен жұмыс. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=VQcNZUdN5qU Суреттер, үлестірмелі карточкалар Жануарлар суреттері | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорыту. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Омыртқалы жануарларға қандай жануарлар жатады? Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады? Кері байланыс: ----- білдім. ----- қызықты болды. ----- ойландырды. ----- басқаларға айтып бере аламын. | |||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?