Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығы. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Пән: Ғылымға кіріспе

Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.2.5 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіре, «Қызыл кітап» туралы толығырақ мағлұмат беру.

Бағалау критерилері

Білім алушы

Жануарларды қорғаудың маңыздылығы туралы айтады

Сөздік қор

«Қызыл кітап», сілеусін, қабылан

Құндылықтарды дарыту

Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Математика қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

(Ұ) Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз

Балалар,біз жануарлардың сан алуан түрлері бар екенін білдік.Ал,осы жануарлар қалай көбейеді деп ойлайсыңдар?

Жақсы,ендеше бүгінгі сабақта жануарлардың көбею жолдарымен таныс болады екенбіз.

Сабақтың мақсаты:

Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсінесіңдер.

Сабақ ортасы

Тыңдалым және айтылым

Блиц турнир Сұрақтар:

Жануарлардың қандай түрлерін білесің?

Жылан бауырымен жорғалаушылар тобына жатады ма?

Бейне сұрақ (Тасбақа жануарлардың қай тобына жатады?)

Бунақденелілер тобына нелер жатады?

Сүтқоректілер тобына нелер жатады?

Бейне сұрақ (балықтың дене мүшелерін ата)

(Ұ) Оқушыларға әрқайсысы неғұрлым көбірек жануар аттарын жазуға тапсырма беріңіз. Барлық жазылған жануарлар атауын тақтада ортақ тізімге тіркеңіздер (немесе бір плакатқа әркім өз жануар атуын жазып, ортақ постер жасауға болады). Тізімдегі жануарларды талқылаңыздар. Ерекшеліктерін атау, белгілері бойынша топтастыру, ақпарат көздерінен мәлімет іздеу тәрізді жұмыс түрлерін орындатыңыз. Жұмыс барысында оқушылар жануарлардың түрлері өте көп, олар әртүрлі, бір біріне ұқсамайды, олардың әрқайсысының табиғатта өз орны бар деген ой қорытындылануы қажет.

(Т) Енді топтарға

1) «Егер әлемдегі жануардың бәрі бірдей болса, олар қандай болар еді?» деген сұрақ бойынша ойланып, сол жануарды бейнелеуге тапсырма беріңіз.

2) Бірінші тапсырманы барлық топ орындап, жұмыстарын таныстырып болған соң, «Егер шынында да барлық жануарлар бірдей болса, жер бетінде не болар еді?» деген сұраққа жауап берулерін өтіңіз. (жануарлар бірдей болса, оларға қорек табу қиын болар еді; қызықсыз болар еді т.с.с пікірлер айтылуы мүмкін)

(МК, Ұ) Оқушылармен бірге Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар туралы видео тамашалаңыз.

(Ұ, Т) Оқушыларды Қызыл кітаппен таныстырып, оның маңызы туралы айтып беріңіз.

(Т) Топтарға анаграмма ұсыныңыз: РСАЫБ, СЕУІЛНІС, ҚАРАР, НҰҚАЛ. Жануарларды анықтап, суретін табуға тапсырма беріңіз. Осы жануарлар туралы не білетіндерін жоспар бойынша постерге жазуды ұсыныңыз:

1.Сыртқы түрі.

2.Мекен ету ортасы.

3.Немен қоректенеді?

4.Қанша баласы болады?

5.Азығын қалай аулайды?

6.Өмір сүру ұзақтығы.

«Әлемді шарлау » әдісі

Осы жануардың жойылып кету себебі туралы ойлануды ұсыныңыз.

Оқушыларға зерттеу үшін нақты мысалдар беріңіз. Таңдап алынған жануар туралы ақпараттық буклет, постер не таныстырылым жасаңыздар.

Неліктен ол құрып кету алдында тұр?

Оны қорғау үшін қандай шаралар жасалып жатыр?

Алынған нәтижелерді таныстыру қажет.

(Ө, Қ) Қызыл кітапқа енгізілген алты жануарды атауды сұраңыз. Суреттерді пайдалана отырып, жойылып кету қаупі бар басқа жануарларды атау.

Олардың табиғи өмір сүру ортасын, қорегін және тіршілік үшін күрес жолдарын талқылаңыздар.

(Ұ, Т, Ж) Жануарларды қай кезде аулауға, болатынын талқылаңыздар

Әр топ бір-бірінің жасаған жұмыстарын бағалайды

Тапсырма

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларды ата.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген тағы қандай жануарларды білесің? Жаз.

Қызыл кітапқа енгізілген 10 жануар туралы видео

https://www.youtube.com/watch?v=uaA81ydrnzg

Анаграмма : РСАЫБ, СЕУІЛНІС, ҚАРАР, НҰҚАЛ және барыс, сілеусін, арқар, құланның суреттері

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту.

Есте сақта!

Дұрыс дене бітімі дегеніміз– адамның арқасын тік,

денесін еркін, басын көтеріңкі ұстауы.

Кері байланыс:

Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу