Өсімдіктердің негізгі бөліктері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||||||||||||
Күні:1-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып:2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктердің негізгі бөліктері | ||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өсімдіктің негізгі бөліктерімен таныстыру және ажыратуға үйрету, бөліктерінің қызметін түсіндіру. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Өсімдік, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым, және т.б. сөздерді пайдаланады. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, биология, | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан өсімдіктерді қорғау маңыздылығын біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут | (МК) Шаттық шеңбер Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./ (МК)Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу -Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін жұмбақ шешіп көрейік. Үйi де жоқ, Күйi де жоқ. Бiрақ Жауыннан да, Дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да, Суыққа да Шын шыдайды Шешуiн айта ғой, Балалар бiлсiн жайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру. ӨСІМДІКТЕР Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Топтарды анықтау Оқушыларды стикерде жазылған өсімдік бөліктері арқылы топтарға бөлу. 1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл | Интерактивті тақта Жұмбақ суреттер | |||||||||||||
Сабақ ортасы 5-35 минут
| (Т) Ассоциациялық картаны толтыру -Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ) Оқушылармен диалог құру Мақсаты:Оқушылардың өсімдіктер жайлы ойларын, түсініктерін анықтау. -Балалар, өсімдіктерді тірі ағза деуге бола ма? -Өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар? -Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ,Т) Проблемалық сұрақ Мақсаты:Өсімдік мүшелерінің қызметі жайлы оқушылардың бастапқы білімдерін анықтау. -Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай? /оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/ Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топта пікіралмасуды ұсыну. (Т,Қ) «Лото» ойыны Мақсаты: Өсімдік бөліктерінің негізгі қызметі жайлы түсінік қалыптастыру. Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар тарату. Оқушылар «Лото» ойыны бойынша өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді және әр бөліктің қызметін оқып талқылайды. Топта талқылап болған соң, сынып ұжымы алдында баяндама жасауды ұсыну. (Ө,Қ)Өздік жұмыс Мақсаты:Оқушылардың сабақтағы білімін жинақтап, бекіту. Тапсырмаларды орында а) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауын жаз: б) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндір. Оқушының жұмысын тексеріп, дескриптор арқылы бағалау.
| Ассоциациялық карта Қима суреттер ҚБ жұмыстары | |||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Сөздік жұмыс жасадық, Соныменен сабақта Нені оқып үйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - қандай жұмысты жалғастыру қажет Бағалау Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды». | 2 жұлдызша 1 тілек парақшалары | |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |||||||||||||
Топта отырып, өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді және әр бөліктің қызметін оқып талқылайды. | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауларын білуін және өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттауын бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?