Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Тірі табиғат әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні : Шамиганова Р. М

Сынып: 2В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

22.2.

Гүлдейтін өсімдіктердің бөліктері және олардың маңызы

 Сабақ

 мақсаттары

2.2.2.2 Сабақтың өсімдікті ұстап тұратынын және су мен қоректік заттарды өткізетінін білу

Дағдылар:

Бақылау

2.1.1.1. Сұрақтар қою және тамырды бақылау арқылы жауаптар табу

Зерттеу жұмысын жоспарлау

2.1.2.3.Күтілетін нәтижелерді болжау

Мәліметтерді алу және таныстыру

2.1.3.4.Алынған нәтижелерді суреттер немесе жазбалар түрінде көрсету

Нәтижелерді түсіндіру

2.1.4.1.күтілетін және алынған нәтижелерді салыстыру

 Жетістік

 критерийлері

Өсімдік мүшелерін біледі.

Тамырдың ролі мен қызметін біледі.

 Тілдік

 мақсаттар

 

өсімдіктер арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылап, салыстыра алады

Құндылықтардыдарыту

 

 

Сыйластық

Жауапкершілік.

Еңбекқорлық

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі,дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-сыныптағы «Өсімдіктердің көптүрлілігі» бөлімінен өсімдіктер туралы жалпы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

Терең ғылым сананың,

Тегі көп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын.

Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).

- «Өсімдіктің мүшелерін ата?

Берілген сөздерден өсімдік мүшелерін тауып, орнына орналастыру.

Тамыр, шөп, сабақ, гүл, емен, шөп, жапырақ, ағаш.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері.

Мақсаты: Өсімдіктің тамыры суды сіңіретінін білу.

Жетістік критерийлері:

  • Өсімдік мүшелерінің атауларын біледі.
  • Тамырдың қызметін біледі.

Өсімдік мүшелерінің суреттері

Сабақтың

ортасы

Ой шақыру.

(Ұ) Оқушылар өздерін ыстық, күншуақты күндерде, әсіресе дене қимылдарынан кейін қалай сезінетінін талқылау. Шөлдеу сезімін сипаттап беруін сұрау.

Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).

Өсімдік мүшелері:

Сабақ Жапырақ Гүл Жеміс Тұқым Тамыр

Балалар, «тамыр» деген сөзді естіген кезде қандай ой туады?

Оқушылардың жауабың тыңдау.

Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?

- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.

- Тамыр өсімдікті минералды және қоректі заттармен қамтамасыз етеді.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

Сұрақтар:

- Қандай өсімдіктердің тамырлары шашақ тамыр болып келеді? (ОТ, Т, Ж,Қ) Өсімдіктердің суды қалай жұтатынын бақылау үшін зерттеуді бастау.

1-тәжірибе жасау.

Зертханалық тостағанға аздап боялған су құю.

Суға балдыркөк таяқшасын салу.

Тамырдың зерттеу басында және соңындағы түсі қандай болатынын оқушыларға көрсету үшін балдыркөк тамырында көлденең қима жасау.

(Т, Ж) Гүлді суы жоқ құмыраға салып, біраз уақытқа қалдыру.

Су құйып, не болатынын қарау.

Оқушылар «дейін» және «кейін» не көргенін суретке салады, «Судың тамыр үшін маңызын» бағалайды

Оқушылардың сабақ өсімдікті ұстап тұратынын түсінгеніне көз жеткізу.

Суда қоректік заттар бар екенін түсіндіру. Адамдарға тәрізді қажетті қоректік заттар өсімдікке де қажет екенін салыстыру.

Адам Өсімдік

(Ұ) Өсімдіктің топырақтан алатын заттары суда да болатынын талқылау (қоректік заттар)

Сабақтың

соңы

Қорытынды жасау.Не үйреніп,не білдік?

Сонымен, балалар бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық?

- Өсімдіктердің қандай мүшелері бар екен?

- Бүгінгі біз қарастырған өсімдік мүшесі қалай аталады?

- Тамырдың қандай түрлері бар екен?

Денсау

лық

және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуыы

Дифференциация –топтық жұмыстарда деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Өзін-өзі бағалау.

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергіту

сәттері мен белсенді

іс-әрекет

түрлері.

Деңгейлік тапсырмалар орындау..

Сергіту

Сәттерімен

Белсенді

іс-әрекет

түрлері.

Сабақ

бойынша

рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы бейнелеу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу