Жануарлар адамға не береді? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Жануарлар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 29. 03. 2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар адамға не береді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.4 Үй жануарларынан алынатын өнімдерді анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Оқушыларда сиырдан, түйеден, биеден, қойдан, ешкіден үйректен, тауықтан алынатын өнімдер туралы білімдерін қалыптастыру;

Ұлттық өнімдерімен таныстыру.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар сиырдан, түйеден, биеден, қойдан, ешкіден үйректен, тауықтан алынатын өнімдерін біледі;

Ұлттық өнімдерімен танысады.

 Сөздік қор

 

Сиыр, жылқы, қой, ешкі, шұбат, қымыз, құрт,

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға жануарлардың аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күту туралы біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

-Өткен сабақта не үйрендік?

- Жануарларды қандай екі топқа бөлуге болады?

-Қандай үй жануарларын атай аласыңдар?

- Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Үй және жабайы жануарлар несімен ұқсас?

-Айырмашылығы неде?

- Үй жануарларлары қайда тұрады?

- Ал аңдар?

Сабақтың ортасы

(Ұ) Кіріспе тапсырма.

Тақтаға «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары» деп кеспе қағазға жазылған атауларын екі бағанға іліп қою. Оқушылар кезекпен ұсынған белгілерін қажетті бағанға орналастырады.

Үй жануарлары Жабайы жануарлар

адам асырайды ормандарды мекендейді

адам оларға қора салады тауларды мекендейді

оларды қоректендіреді далаларды мекендейді

оларды бағады өзін-өзі қорғайды

төлдерін адам күтіп-өсіреді өзін-өзі емдейді

қорада тұрады өздері қорек табады

оларды арнайы маман емдейді өздері мекенін салады

(Ұ) «Тағам және сусын» ортақ тақырыбы аясында жұмыс ұйымдастыру. Сұрақтар қою:

- Суреттерді көрсетіп, тағамдарды атауды сұрау: ірімшік, айран, сүт, құрт, ет, жұмыртқа. Осы тағамдар қайдан әкелінеді?

Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында суретпен жұмыс жасау.

- Анасы не сатып алды?

-Олар қайдан алынады?

-Жануарлар азқ-түлік өнімдерінен басқа не береді?

- Сатушы ұлға не ұсынды?

- Ол неден жасалынған?

-Дүкеннің сөресінде жануардан алынған қандай заттар бар?

1- мәтінді оқуды ұсыну.

Сөздерді өқыған белгілерге қарай табуды ұсыну:

Бұл түйенің сүтінен жасалған қышқыл сүтті сусын. Ол ақ түсті, майлы, және қою болады. (ШҰБАТ)

Оны бие сүтін ашытып жасайды. Ол көп ауруға ем болатын сусын.(ҚЫМЫЗ)

Ашыған сүтті қайнатып, қоюланған соң жасалынатын тағам (ҚҰРТ)

ШҰБАТ, ҚЫМЫЗ, ҚҰРТ сөздерін айтқызып жаттықтыру.

Суретке назар аударту.

-Адамдар аквариумдағы балықтарды, тотықұсты, мысықты не үшін асырайды?

  • Ал үй құстарын адам не үшін өсіреді?

(Т) Әр топқа тізбектің бөлшектері бар үлестірмелі материал жинағын ұсыну. Оларды дұрыс тәртіппен қоюды ұсыну.

Жұмыртқа алу тізбегі:

ТАУЫҚТАН –ФЕРМЕРГЕ, ФЕРМЕРДЕН – ДҮКЕНГЕ, ДҮКЕННЕН ҮЙГЕ, ҮЙДЕ ТАҒАМ ДАЙЫНДАЛАДЫ.

(Уақыт артылса. «Үй жануарларының хоры» ойынын ойнату. Әр топқа бөлек.

1.Қымыз беретін жануар.

2. Сүт беретін жануар.

3. Жұмыртқа беретін жануар.

4. Қуаныш сыйлайтын жануар.

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында өзіндік жұмысын ұсыну.

-Біз бүгін не үйрендік?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу