Жарық көздері. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім:Ғарыш Күні: Сынып: 1 | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Тақырыбы | Жарық көздері | |||||
Оқу мақсаттары | 1.8.1.1Табиғи және жасанды жарық көздерінің (мысалы, күн, электр энергиясы, от) бар екендігін білу және оларды атау. Дағдылар Бақылау 1.1.1.2.Таңдалған сұраққа қалай жауап іздеу керек екендігін талқылау (топ болып) | |||||
Бағалау критерийлері:
| Табиғи және жасанды жарық көздерін біледі (мысалдар келтіреді) және ажырата алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану,өзін тану пәнімен байланысты | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Терең ғылым сананың, Тегідөп ой саламын. Маңызберіпоқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын (Ұ)Ойын «Кім тапқыр?» Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі. Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады. Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі) Қараңғыда жымыңдай жанады,Жарық түссе бірден сөніп қалады (Жұлдыз) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. /Күн/ Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. /Күн/Кейде орта, кейде толы бір тегене, Көрінер кейде күндіз, кейде түнде, Бетіне ақ шағыдан перде тартқан, Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын./Ай мен күн/ Сығырайып қарады, Аласарып барады. Жан-жаққа жарық шашады. Майы тамшы боп ағады. /Майшам/. Жарығы күндей, Таң қалдырар адамды,Жалындап күймей, Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/ -Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды? -Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не? -Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар. /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ Жетістік критерийлерін анықтау. | Тақырыптық суреттер мен жұмбақтар | ||||
Сабақтың ортасы | (Т) Жарықтың түрлі көздерін атаңыз. Оларды табиғи және жасанды деп жіктеңіз. Оқушыларға қима суреттер беріледі. Оқушылар топта бірігіп отырып, ақылдасады.Табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады.
(Ұ) -Балалар, біздің кабинетімізде қандай жарық көздері бар? -Олар жарық көздерінің қай түріне жатады?Неліктен? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ) «Жарық қайдан пайда болады?» деген сұрақ аясында әңгіме құрып, видео материалды тамашалау, талқылау. (Қ) Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың табиғи және жасанды көздерін анықтай алады. Сергіту сәті: «Жарық-қараңғы» ойынын ойнау Оқушылар мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша «Жарық» дегенде әр түрлі қимылдар мен іс-әрекеттерді көрсетеді, ал «қараңғы» деген кезде тоқтау немесе ұйықтау керек. (Қ) Қалыптастырушы бағалау – оқушылар табиғи және жасанды жарық көздерін анықтай алады. (Ө)Дәптермен жұмыс 80-81-бет: Табиғи жарық көздерін анықтап, аттарын жазу, суреттерді қоршап сызу. | Тақырыптық суреттер https://www.youtube.com/watch?v=a20eai3UOtk Көңілді әуен Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия:-Не білдім? -Не қызықты болды? -Қандай қиындықтар кездесті? «Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды. | Тақтадағы сұрақтар | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Тәжірибе жасау барысында және оқушылардың күннен қорғану туралы жақсы ойларын сұраймын. Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу. | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Суретпен жұмыс істеу барысында | Пәнара лық байланысДенсау лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары | ||||
Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?