Жарық – физикалық құбылыс. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5- бөлім. Табиғат физикасы: Жарық

Күні: 27.03.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарық– физикалық құбылыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.1 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

Сабақ мақсаттары

Жарықтың не екенін біледі. Табиғи жарық көздерімен танысады

Бағалау критерийлері

Жарықтың ерекшеліктерін сипаттайды.

Қараңғылықтың ерекшеліктерін

сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Жарық,жарық көзі, табиғи және жасанды жарық көзі

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін-өзі тану пәнімен байланысты

Бастапқы білім

Электрлік туралы білімдерін пайдаланады

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын

(Ұ)Ойын «Кім тапқыр?»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі. Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады.

Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)   Қараңғыда жымыңдай жанады,Жарық түссе бірден сөніп қалады  (Жұлдыз)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. /Күн/

Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады. /Күн/Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/Су ішінде екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын./Ай мен күн/

Сығырайып қарады,

Аласарып барады.

Жан-жаққа жарық шашады.

Майы тамшы боп ағады. /Майшам/.

Жарығыкүндей, Таңқалдырарадамды,Жалындапкүймей,

Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/

-Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды?

-Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не?

-Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ

.

Интерактивті тақта

Тақырыптық суреттер мен жұмбақтар

Сабақ ортасы

6-15мин

16-20 мин

21-23мин

25-35мин

) Жарықтың түрлі көздерін атаңыз. Оларды табиғи және жасанды деп жіктеңіз.

Оқушыларға қима суреттер беріледі. Оқушылар топта бірігіп отырып, ақылдасады.Табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады.

(Ұ) -Балалар, біздің кабинетімізде қандай жарық көздері бар?

-Олар жарық көздерінің қай түріне жатады?Неліктен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ) «Жарық қайдан пайда болады?» деген сұрақ аясында әңгіме құрып, видео материалды тамашалау, талқылау.

(ҚБ) Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың табиғи және жасанды көздерін анықтай алады.

Сергіту сәті: «Жарық-қараңғы» ойынын ойнау

Оқушылар мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша «Жарық» дегенде әр түрлі қимылдар мен іс-әрекеттерді көрсетеді, ал «қараңғы» деген кезде тоқтау немесе ұйықтау керек.

(Ө)Дәптермен жұмыс

80-81-бет: Табиғи жарық көздерін анықтап, аттарын жазу,суреттерді қоршап сызу.

Тақырыптық суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=a20eai3UOtk

 

 

Көңілді әуен

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия:-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

«Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу