Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы ҚГБ | Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру; 11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - халықаралық құқықтағы адам құқықтары механизмдерімен анықтау; - қазіргі адам құқықтарын қорғаудың халықаралық негізгі рәсімдерін зерттеу және бағалау. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -ҚР халықаралық құқығы мен міндеттемелерін анықтап, түсіндіре алады; - ҚР азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын зерттеп бағалай алады. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| 1) ҚР халықаралық құқығы мен міндеттемелерін және құқығтары менбостандықтарын түсіндіріп оның тиімді жолдары туралы пікірталасқа қатысады (айтылым, тыңдалым); 2) презентация жасап қорғайды (айтылым, тыңдалым); 3) қысқаша қорытынды резюме жазады (жазылым) | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу құндылықтарын тақырыптың мазмұнына байланысты талқылау.Жалпыадамзаттық құндылық пен ұлттық құндылықты байланыстыра алады. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География,дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы пәндерімен тақырыпқа байланысты көрсетіледі. | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырыптың мазмұнын ашуда ғаламтор материалдарымен жан-жақты жұмыс жасайды. Дербес компьютер немесе ноутбукпен жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қазақстан Республикасының Конституциясын, еліміздің халықаралық ұйымдар мен одақтарға мүше болуы ,олардың арасындағы міндеттер. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл : -Шетелдегі Қазақстандық азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруларына халықаралық шарттар қалай әсер етеді? - Шетелдерде білім алу кезінде Қазақстан азаматтарына қандай қиындықтар туындауы мүмкін ?
(М) Тақырыпқа қысқаша шолу жасап, «Адам құқығын қорғау» атты бейнефильм арқылы халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары туралы ақпараттар ұсынылады. Бейнефильмді көрген соң келесі критерийлері бар сұрақтарға жауап беру арқылы талқылау ұсынылады. Критерийлері: Қадағалау сұрақтары (нені көріп отырмыз?) Шешім қабылдау сұрақтары (қандай мақсаттарды көздейді?) Ерекшелендіру сұрақтары (қандай мағынада, ерекшеліктері қандай?) Салыстыру, болжау сұрақтары (не болды? не болып жатыр? не болады?) (М) Адам құқығы мен бостандығын қорғау механизмінің элементтері
Мағынаны тану . Т. Мәтінмен жұмыс : БҰҰ-ның бір комитетін таңдап, оның құрылымын, құқығы мен өкілеттігін анықтап,зерттеп, талдау жасау. Ұсынылатын комитеттер : 1.Адам құқығы жөніндегі комитет; 2.Азаптауларға қарсы комитет; 3.Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитет; 4.Бала құқығы туралы комитет. Дескрипторы : 1. БҰҰ бір комитетін таңдап,оның құрылымын құқығы мен өкілеттігін анықтайды; 2. БҰҰ бір комитетін таңдап,оның құрылымын, құқығы мен өкілеттігін зерттейді, талқылайды. 3. БҰҰ бір комитетін таңдап,оның құрылымын, құқығы мен өкілеттігін презентация жасап қорғайды. Жұптық жұмыс. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылдың 28 қыркүйегіндегі БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзіне талдау жасап, айтылған бес ұсынысқа пікір білдіріңіздер.( қорғау ерікті формада) Дербес жұмыс . Халықаралық актілер негізінде ҚР азаматтарының шетелдерде білім алу және еңбек ету құқықтарын қорғау туралы PEST талдауын жасаңыздар.
Үй тапсырмасы : «БҰҰ құрылымы мен механизмі» тақырыбында презентация дайындау. | https://www.youtube.com/watch?v=B8IsflWP-qg Адам құқығын қорғау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы https://bilim-pavlodar.gov.kz/content/view/112/6140 БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ https://online.zakon.kz/Documen Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк қ., 2006 жылғы 13 желтоқсанда) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000317_ ҚР Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылуы туралы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000245_ Қ Р Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияға қосылуы туралы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Бұл сабақта не оңай болды? Бұл тақырыпта не түсініксіз болды? Мұғалімге келесідей сұрақтар қоюға болады:
| ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?