Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Құқық негіздері

Сынып: 11

Бөлім

Іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақ тақырыбы

Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері.

Оқу мақсаттары

11.4.2.3 – Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету.

Бағалау критерийлері

Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен азаматтық сот ісін жүргізудің кезеңдерін біледі.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі бойынша жағдаят жағдаят құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік құзыреттіліктерді дамыту:

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: сұрақтарға жауап беруде жазба жұмысты орындау.

Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар жұпта жұмыс жасау кезінде.

Оқушылар:

-Оқушылар жұмыс нәтижелерін қарастыру барысында барлық сыныппен талқылауға (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары) қатысады.

Пәнге тән лексика мен терминология

Азаматтық іс жүргізу кодексі, Азаматтық іс ісін жүргізу түрі, Азаматтық сот ісін жүргізу кезеңдері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары...

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері...

Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмысты және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен академиялық шындық.

IT-дағдыларды қалыптастыру

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Пәнаралық байланыстар:

Тарих пәні

Бастапқы білім

Оқушылардың 10 сыныптағы азаматтық іс-жүргізу негіздері бөлімі бойынша игерген білімдері бар.

Саралау

Жасырын саралау қабілеті жоғарырақ оқушы қабілеті төменірек оқушыға қолдау көрсететін жұптарды қалыптастыруда көрінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Б Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу)

М Оқушыларға презентацияны қолдана отырып, сабақ мақсаты мен бағалау крийтерийлерімен таныстырады.

Сабаққа қысқаша кіріспе жасап шығу.

Сотқа азаматтық істер бойынша айтарлықтай айырмашылықтары бар әртүрлі істер келіп түсседі. Әртүрлі іс топтарын тиімді қарау үшін оларды қараудың әртүрлі тәртібі қарастырылған.

Азаматық сот ісін жүргізудің кезеңдері:

Сабақтың ортасы

10 минут

2 минут

8 минут

15 минут

Д Оқушыларға азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері бойынша мәтін ұсынылып, тапсырма беріледі.

Тапсырма №1. Мәтінмен танысып шығып, азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен азаматтық сот ісін жүргізудің кезеңдерін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

  • Азаматтық сот ісін жүргізудің 3 түрін анықтайды.
  • Азаматтық сот ісін жүргізудің кем дегенде 3 кезеңін анықтайды.

Жұмыс нәтижелері бойынша жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. Берілген мысалдар бойынша азаматтық іс жүргізудің қай түріне жататынын , сондай-ақ екінші мысалға сай азаматтық іс-жүргізу үрдісін анықтаңыздар.

Дескриптор:

  • Мысал бойынша азаматтық іс жүргізудің қай түріне жататынын анықтайды.
  • Мысал брйынша азаматтық іс-жүргізу үрдісіннің сатысын анықтаңыздар

Ж. Тапсырма №3. 177-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі бойынша жағдаят құрастыру.

Дескрипторлар:

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 177-бабына сәйкес Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі бойынша жағдаят 1 жағдаят құрастырады.

Б Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр жұп өз жұмысын жанындағы жұпппен алмастырып, өзара бағалау ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

  • Мен үшін орындалуында қиындық тудырған мәселе...
  • Бұған дейін мен естісем де, аса мән бермей келген қызықты мәлімет...
  • Өтілген сабақ бойынша менің түйінді ойым ...

Презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?