Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді _______________ӘБ жетекшісі И.Ж.Ұзақбай

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Р.Саменова

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.4.3 – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау

 Сабақ мақсаттары

Қорғаншылыққа зәру балдардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлерін анықтайды

 Бағалау критерийлері

Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлерін анықтайды

Заң талаптарын бағалап,себебін түсіндіреді

Сандық мәліметтерді пайдаланып ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған ұйымдар жұмысын сипаттайды

«Қазақстанда ата-ана қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесі толық қорғалған» деген пікірмен қаншалықты келісетінін ПТМС формаға салып қорғайды

Тілдік мақсаттар

Бала асырап алу- сот шешімі негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.

Патронат-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі.

ПТМС бойынша «Қазақстанда ата-ана қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесі толық қорғалған» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

Позиция. .............. деген пікірмен келісемін/келіспеймін

Түсіндіру Себебі ...........................

Мысалы Айтылған ойымды мынадай мысалдармен ..................... дәлелдей аламын

Салдары. Ойымды қортындылай келе .......................

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық пен құрмет құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

«Жетімін жылатпаған ел» ұғымының өзектілігін шығарғанда Қазақстан тарихымен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Microsoft Teams платформасында тапсырмаларды орындау

Бастапқы білім

Ата-аналардың балалры алдындағы және балалардың ата-аналар алдындағы құқықтар мен міндеттерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

БЫМ.

«Жетімін жылатпаған ел» ұғымы өзінің өзектілігін сақтап тұр ма?

Оқушылар топпен 2мин ақылдасып, жауабын 3 сөйлеммен жеткізеді

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

Ресурстар

Слайд№1

Слайд№2-3

Сабақтың

1 бөлімі

Т.Айналмалы бекеттер стратегиясы бойынша сынып қабырғасына 3 түрлі мәтін ілінеді. Сынып оқушыларын 3 топқа немесе 4 топқа бөлуге болады. 3 топ қабырғадағы мәтінмен танысып берілген сұрақтарға өз жауаптарын жазса, 4-топ өкілдері топтардың тапсырманы орындау барысын бақылап бағалайды.

Мақсаты:

Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.

Ұйымдастыру:

Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз).

Жұмыс алгоритмі:

Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін, топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

1бекет тапсырмасы:

1.Ата-аналық құқықтан қандай жағдайда айыратынын анықтаңыздар

2.Ата-аналық құқықтан айырылған ата-ананың құқықтары мен міндеттерін ажыратып көрсетіңіздер

3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының заңды талаптарын (жоғары,орта,төмен) бағалаңыздар. Бағалау себебін түсіндіріңіздер

2бекет тапсырмасы:

1. Қамқоршылық пен қорғаншылық мақсатын айқындаңыздар

2. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары қызметтерін анықтаңыздар

3. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметтеріне тағы қандай қызмет қосар едіңіздер. Түсіндіріп кетіңіздер

3бекет тапсырмасы:

1. Бала асырап алуда қандай жайттар ескеріледі?

2.Патронатты тәрбиенің ерекшелігін анықтаңыздар

3. Патронатты тәрбиенің жұмысын жетілдіруге қандай ұсыныс қосар едіңіздер?

Топтар әр бекеттің тапсырмасын орындап болғасын, 4 топ өкілдеріне «Сэндвич» тәсілі арқылы өзге топтардың жұмысына керібайланыс бергізуге болады

Слайд№5

http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)

Қосымша№1

Сабақтың

2 бөлімі

 Т. Зерттеу жұмысының сандық мәліметтерін пайдаланып ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған ұйымдар жұмысына сипаттама жасаңыздар

Дескрипторы:

-Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған ұйымдар жұмысын сипаттайды

-Сандық мәліметтерді тиімді қолданады

- Кезең бойынша сандық мәліметтердің өзгеруіне болжам жасайды

Ж. ПТМС бойынша «Қазақстанда ата-ана қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесі толық қорғалған» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

Позиция. .............. деген пікірмен келісемін/келіспеймін

Түсіндіру Себебі ...........................

Мысалы Айтылған ойымды мынадай мысалдармен ..................... дәлелдей аламын

Салдары. Ойымды қортындылай келе .......................

Слайд№6-7

Қосымша№2

Слайд№8

Сабақтың соңы

Рефлексия

Слайд№7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзара бағалау «Сэндвич» тәсілімен

Мұғалімнің керібайланысы

Жұптық бағалау

Слайд №10

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?