Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 - сабақ.


Қосымша 3.

 

 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Заңы

 30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

 1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

 2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.

 3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.

 4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

 

 

 37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу

 1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.

 2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиіс.

 3. Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

 Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.

 

 

 145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

 1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

 2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

 3. Балалардың әрқайсысынан өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.

 4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот балалардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.

 5. Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық міндеттерін орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

 Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

 6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері сияқты айқындалады.

 

 

 146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығыстарға қатысуы

 1. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертігуі, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу қажеттігі, оны медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастыру және басқалары) болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкін.

 2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін ескере отырып айқындайды.

Қосымша 4.

1-топ

 

 А мен В некесін бұзу және ортақ мүлікті бөлу жөніндегі талаппен сотқа шағымданады. Сот отырысында жауапкер бөлінуге жататын заттардың қатарында бейнемагнитафон, жұмсақ жиһаз, кілем және т.б. А-ның ата-анасы тойға сыйлаған мүліктердің көрсетілмегенін айтады. Сот аталған заттардың той күні екеуіне тарту етілгенін анықтаған.

 

 

2-топ

 Ерлі-зайыпты Әшімбаевтардың арасында 7 жасар Зерені тәрбиелеу мақсатында дау туады. Әкесі қызын ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектеп-гимназияға беруді қалайды, ал шешесі қызының денсаулығының жарамсыздығын айтып, қарсылық көрсетеді.

 

 

3-топ

 Азамат В әйелімен ажырасқан бері өзінің кәмелетке толмаған қызына алимент төлеп отырды. Бірнеше жылдан соң, қызы кәмелет жасқа толып, колледжді аяқтап, жұмысқа тұрғаннан кейін әкесі қызынан материалдық көмекті сұрайды. Бірақ қызы оған қарсылық білдіреді. Қызының айтуы бойынша, әкесі шешесімен ажырасып, жеке тұрған және оған тәрбие беруде қатысқан жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 4-топ

 

 Соттың шешімі бойынша азамат Р тиісінше қартайған әкесіне алимент төлеуі тиіс, оған қоса қартайған және ауырып жүрген әкесіне қарайтын күтушінің жұмысына ақы төлеуге міндетті. Бұл шешім әділетті ме?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?