Жер атмосферасы. Ғарыш туралы не білеміз? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім: Ғарыш

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жер атмосферасы. Ғарыш туралы не білеміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу.

1.1.1.2.Бейнеклиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар неігізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу.

 Сабақтың мақсаттары

Глобус – Жердің кішірейтілген моделі екенін түсіну;

Бақылау жүргізу үшін қарапайым ғылыми терминдерді қолдануға үйрену;

Жерде атмосфера қабаты бар екенін түсіну.

 Жетістік критерийлері

Глобус Жердің моделі екенін түсінеді және оған қарапайым анықтама бере алады.

 Сөздік қор

 

Шар, глобус, Жер, модель, шекара, көршілес, таулар, теңіз, атмосфера қабаты, қоқыс, ауа райы, табиғат құбылыстары, ауа райы болжамы, күн жүйесі, Жер ғаламшары.

 Құндылықтарды дарыту

Ауаның таза болуы өзімізге байланысты екенін түсіндіре отырып, оқушылардың бойларында жауапкершілікті тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Сурет салу мен мүсін жасау барысында «Өнер» пәнімен байланыс жүзеге асады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді біледі. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқаны туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

(Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ұйымдастыру сәтін өткізу. Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында оларды шеңберге жинап, әр оқушының қолына «жаңбырлы күн», «ызғарлы күн», «ашық, жылы күн» кеспе қағаздарға жазылған сөздерді тарату. Оқушыларға киім бейнеленген суреттерді кезекпен көрсетіп тұру. Олардан сол киімді қандай ауа райында киетіндерін көрсетуді сұрау.

Глобус, желім, түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштар, ермексаз, су, шыны ыдыс

(Ұ,ЖЖ) Тарау бойынша оқып білгендерін қорытындылау сабағы болғандықтан сабақтың басында оқушылардың назарын сыныптың қабырғасына аударту. Қабырғада 16 тірек сөз жазылып ілінген. Оқушылар сөздерді оқып болған соң, «Ғарыш кемесімен жасаған саяхатымызды бүгінгі сабақта аяқтаймыз», - деп хабарлау. Ол үшін біз соңғы тірек сөзді қосуымыз керек деп, қызыл түспен табиғат деп жазылған сөзді қабырғаға ілу. Сөздің мағынасын сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдап алған соң, оқулықтағы бірінші мәтінді оқытып, қорытыдылау. «Табиғат – ол бізді қоршаған орта. Табиғатты аялап, қорғау керек!»

Сабақты жалғастыра отырып, жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға үлестірмелі қағазды ұсынып, суреттерге сүйене отырып, «Ғарыш» бөлімінде не туралы білетіндерін естеріне түсіріп, қасындағы сыныптасымен әңгімелесуді сұрау. Олар талқылайтын сұрақтарды нақтылап беру:

  • Жер ғаламшарының көрінісі қандай?
  • Қазақстан қайда орналасқан?
  • Атмосфера дегеніміз не, оны қалай қорғаймыз ?
  • Ауа райы қандай болады?

Оқушылардың әңгімелескен кезеңін бақылау арқылы бағалап жүру.

Сергіту сәтін өткізу.

Тақырыпты ары қарай бекіту үшін оқушыларды деңгейлері бойынша 5 топқа бөліп, зерттеу жұмысын ұсыну. Оларға нұсқау беру. Әр жұмыс уақытын белгілеу.

1-топ. «Суретші». Ғарыш туралы сурет салады.

2-топ. «Мүсінші». Ермексаздан ғарыш туралы мүсіндер жасайды (ғарышкерлер, күн жүйесі, жер ғаламшары, зымыран).

3-топ. «Оригами». Қағаздан зымыранның макетін дайындайды (жұмыс барысында бағыт-бағдар беруді, қажетті көмек көрсетуді жоспарлау).

4-топ. «Эксперимент». Зымыранды ұшырады (суы бар шыны ыдысқа құрамында газы бар екі дәрі салынады және оның бетіне қағаздан кішкентай зымыран жасап орналастырады. Ол 10 секунд ұшады).

5-топ. «Сұхбат». Зымыран туралы сұхбат жүргізеді (бұл топтағы оқушылар ғарыш туралы сұрақтарды тізіп алып, мектептегі 3-4 сынып оқушылары мен ұстаздарынан сұхбат алады).

Осы жұмысты орындап болған соң, барлық топ мүшелерін жинау. Әр топтың таныстырылымдарын мұқият тыңдауға шақыру. Әр топқа бір тілек пен ұсыныс айтуды ұсыну.

Барлқ оқушыларды тыңдап болған соң, оларға сұрақ қою.

- Ғарыш туралы тағы да не білгілерің келеді?

Жауаптарын жазып алып, келесі сыныптарда ғарыш туралы көбірек білетіндерін, осы сұрақтарды қарастыратындарын айту.

(МК) Оқушыларға «Жер шарының ең биік нүктесі – Гималайда орналасқан Эверест шыңы. Бұл төбеде қатты жел соқса да, көп альпенистер оны бағындарғысы келеді» деген акпарат беру. Оқулықтағы суреттін көрсету.

Сабақтың соңы

(Қ) Сабақтың соңында қалыптастырушы бағалауды жүргізу. Алдымен жеке парақтардағы тапсырманы орындауды сұрап, артынан глобустан тұратын жеріміз бен бас қаланы көрсетуді сұрау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қағаздан зымыранның макетін дайындағанда бағыт-бағдар беріп, қажетті көмек көрсетіп қолдау. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу. Қалыптастырушы бағалау барысында қабілеті жоғары оқушыларға мемлекетіміздің басты қаласын ғана емес, басқа қалаларды да көрсетіп атауды ұсыну.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу