Жер ғаламшарының көрінісі. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

ПӘН: Ғылымға кіріспе3A бөлім: « Ғарыш»

ТАҚЫРЫБЫ: «Жер ғаламшарының көрінісі»

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Абдилова Б.М.

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.6.1.1. Жердің пішіні шар тәріздес екенін білу

Дағдылар:

Бақылау1.1.1.2. Бақылау жүргізу арқылы сұрақтарға жауап іздеп табу (мысалы, глобусқа қарап отырып, Жерге қатысты сұрақтарға жауап табу)

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Тірек сөздерді есте сақтайды.
  • Оқушылар жер ғаламшарының шарға

ұқсайтынын біледі;

  • Ғарыштағы 4-5 ғаламшарларды есте сақтайды және ең алғаш ғарышқа ұшқан жануарларды біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Жердің шарға ұқсайтынын анықтайды;
  • Ғарышкерлердің атын атайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;
  • Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде біледі және сабақты қолданады;

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Ғарышқа ұшқан жануарлардың аты қалай аталады? Қазақстандық қандай ғарышкерлерді білесің? Ю. А. Гагарин кім?

Алдыңғы білімдер

Оқушылар Жер ғаламшарында тұратынын біледі. Сонымен қатар Жер ғарышта орналасқанын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу

Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтауПсихологиялық ахуал Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

(Ұ) Бүгінгі сабақта ғарышқа саяхат жасаймыз.-Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Жан жағымызға қарап бақылайықшы. Не байқадыңдар?(МК) Мұғалімнің түсіндірмесіЕрте заманда адамдарды Жер ғаламшарының пішіні қандай екендігі көп ойлантатын. Ежелгі гректер біздің ғаламшар жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш деп санаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес күйдегі дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайды деп есептеп, осы себепке байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. Ежелгі Үндістандықтар Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған. Ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген ой қалыптасқан. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп есептеген. Бұл байлам шындыққа жақын болды. ) «Зерттейік!»

2 -топқа: энциклопедиядан көкжиек туралы

материал беріледі. Содан кейін «Ойлан» айдарын оқып, тәжірибе өткізу ұсынылады. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның үстімен жүргізіп

көреді. Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс. «Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге болады ма?»-деп сұраңыз.(Тұтас) Енді сол кемені доптың үстімен жүргізеді.Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы(төбесі) көрінгенін айтады. Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.

(Ж) Шарға ұқсас заттарды ата. Шарға ұқсайтын заттар бар, олар: доп, алма,

глобус, шар

(Ұ)Ойлан! Жақындап келе жатқан кемені ең алдымен

кім көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба,

әлде биік ағаштың басында отырған адам ба?

Жауабы: Ағаш басында отырған адам бірінші көреді. Оған алдымен кеменің желбіреген туы көрінеді

(Қ) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма1-тапсырма: Пішіне Жердің пішініне ұқсас заттарды белгіле.

Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздер жазылған үлестірмелі парақшалар

дайындау.Шар-шар-ball,Жер-земля-earth. Алдымен оқушылар берілген сөздерді оқиды. Үлестірмелі қағаздарды араластырып ұсыну, оқушылардан оларды топтастырып жинауды өтіну.

Бағалау: Зымыранды боя

- Егер сабақта бәрі түсінікті болса, зымыранның бірінші бөлігін қызыл түспен боя, Егер сабақ түсініксіз болса, онда зымыранның екінші бөлігін жасыл түспен боя. Егер сізге көмек керек болса, онда зымыранның үшінші бөлігін сары түспен боя.

https://www.youtube.com/watch?v=Op34XToHoYE

Карточкалар

Зымыранның суреті

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма беріледі.

Оқушылар өздігінен «Суретті боя» тапсырмасын орындайды.

Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшардың

атауын біледі.

Оқушы жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын

білуі бағаланады.

Өнер. Жер ғаламшарындағы құрлық пен сулы

жерлерді көрсете отырып, суретін салады.

Математика. Шардың физикалық қасиеті

қарастырылады. Геометриялық шар

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақты талдау қорытындысын осында жазыңыз. Өткізген сабағыңызға байланысты сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу