Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал, 1 - сабақ


1-жағдаят: Алматы қаласының тұрғыны əскери-медициналық Академияның курсанты Николай Шмидт эстрада цирк-колледжiнiң 4 курс студентi Ксения Лазеровамен некеге тұрады. Ашық та ақжарқын мiнездi Ксения күйеуге шыққаннан кейiн де өз уақытының басым бөлiгiн өзiнiң бұрынғы достарымен өткiзiп жүредi. Ксения өзiнiң достары өткiзетiн бiрде-бiр кештер мен отырыстарды жiбермей, барлық кезде Николайсыз өзi ғана барып тұрады. Əрине, Ксеняның бұл қылығы күйеуiне ұнамайтын, сондықтан да ол бiр күнi əйелiнен бұл “жүгенсiздiктiң дереу тоқтатуды талап етедi. Алайда Ксения күйеуiмен келiспейдi, оның ойынша күйеуi оның бостандығына шек қоюға құқығы жоқ деп санады. Николайдың пiкiрi бойынша Ксеня оның əйелi болғандықтан ол қыдыруға немесе демалуға барлық уақытта онымен бiрге баруы керек деп түсiндiрдi. Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Ерлi-зайыптылардың пiкiрлерiне құқықтық тұрғыдан баға берiңiздер.

2-жағдаят: Заң институтын бiтiргеннен кейiн бiр айдан соң Василий Шумов пен сол институттың 3 курс студентi Светлана Сорокина заңды некеге тұрады. Көп ұзамай жас маман Василий Шумовқа Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қалалық прокуратурасына жұмысқа жолдама берiледi. Светлана күйеуiмен бiрге аттанып кете алмады, себебi оның институтты оқып аяқтауына əлi бiр жыл бар болатын. Сонымен Петропавл қаласына Василийдiң жалғыз өзi кетуiне тура келедi. Қысқы каникул кезiнде Светлана Петропавлға күйеуiне барып қайтады. Алайда, оған қаланың өзi жəне климаты ұнамай қалады. Бiрақта Светлана ол жайында күйеуiне ештеңе айтпаған болатын. Сол жылы жазда Светлана институтты аяқтайды, осы кезде Василий оған Петропавл қаласын да көшiп келудi ұсынады. Светлана Алматыдан кеткiсi келмегендiктен күйеуiнiң бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартады. Василийдiң пiкiрi бойынша Светлана заңды неке бойынша оның əйелi болып табылатындықтан – күйеуiнiң бұл талабын орындауға мiндеттi деп табады. Светлана болса ерлi-зайыптылардың бiрге тұруы мiндеттi емес жəне олар бiр-бiрiне еңбек демалысы кезiнде барыпкелiп тұрса да, жеткiлiктi деп санайды. ҚР отбасылық құқығы бойынша ерлi-зайыптылардың тұрғылықты жердi таңдау құқығы деген ненi бiлдiрiедi? Василийдiң Светланаға қойған талабы, яғни əйелiнiң оның қызмет орнына көшiп келуiн мiндеттеуi дұрыс па? Светлананың пiкiрiне қандай сараптама берер едiңiздер?

3-жағдаят: Бектемiров ойынханада (казинода) iстейтiн Курбановамен некеге тұрады. Некелерi тiркелiнгеннен кейiн күйеуi əйелiнiң жұмысына қатысты түрлi наразылықтар бiлдiре бастайды. Ол əйелiнен басқа бiр жұмысқа ауысуды талап етедi, Курбанова болса бұл жұмыстың өзiне ұнайтындығын айтып күйеуiнiң талабын орындаудан бас тартады. Осы келiспеушiлiктен кейiн Бектемiров некенi бұзу туралы сотқа талап-арыз бередi. Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? Неке жəне отбасы туралы заңда некенi бұзудың қандай негiздерi мен тəртiбi белгiленген? Бектемiров өз əйелiнiң қандай да бiр құқығын бұзды деп ойлайсыздар ма?

4-жағдаят: Мезенцев пен Амирова, некеге тұрар алдында əрқайсысы өздерiнiң тегiн (фамилияларын) сақтап қалуды ұйғарады. Олардың жанұясында тұңғыш бала дүниеге келiп, оны тiркеткеннен кейiн ерлi зайыптылар өздерiнiң бастапқы шешiмдерiн өзгертiп, ендi олар ортақ тек ретiнде өздерiнiң бi-реуiнiң тегiн таңдап алу туралы шешiм қабылдайды. Осыдан кейiн ерлi зайыптылар АХАЖ органына өтiнiш бiлдiрiп Ами-рова деген фамилияны зайыбының фамилиясына ауыстыруды сұрайды. Осы жағдайда АХАЖ органдары қалай, қандай шешiм қабылдауы тиiс? Тек (фамилия) өзгертудiң негiздерi мен тəртiбiн атаңыздар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?