Қазір ғарышты қалай зерттейді? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сабдина А.А.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

 Сабақ мақсаттары

Ғарышты зерттейтін құралдар және аппараттармен танысады, оларды сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Телескоп, зымыран

 Бағалау критерийі:

  • Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу аппараттарын анықтайды.
  • Құралдарды сипаттау үшін қарапайым терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Жер, ғарыш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

2-5

I.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

(Ұ)«Керісінше» ойыны

Мұғалім допты лақтырып, «биік» дейді, оқушы допты қайта лақтырып, «аласа» дейді.

Жақын-

Кеше-

Қазір-

ІІІ. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Оқушылар бағалау критериіне тоқталады.

ІҮ. Өткенді қайталау.

Ертеде адамдар ғарышты қалай зерттеген? Қандай жаңалықтар ашқан?

Доп

Сабақ ортасы

5-12

12-20

21-35

Ү. Жаңа сабақ:

(Ұ)Көздеріңізді жұмып, өздеріңізді ертедегі адамдар өмір сүретін жерге келгенін елестетіңдер. (сиқырлы музыка) Балалар көздерін ашқанда, Галилеоны көреді.

Галилео:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздер қайдан келдіңіздер?

- Мен Галилео Галилей. Мен жұлдыздарға қарағанды өте жақсы көремін. Ал жұлдыздар жақын ба әлде алыс па, қалай ойласыңдар? Тамаша. Әрине алыс. Сондықтан аспандағы денелерді бақылау үшін мен телескоп ойлап таптым. Қараңдаршы, менің телескопым қандай? (оқушылар сипаттайды) (ұзын, сары, онымен көруге болады) Телескоп сөзін буынға бөліңдерші.

Теле грек сөзінен аударғанда «алыс» дегенді білдіреді. Ал «скоп» деген грек тілінен аударғанды нені білдіретінін алдарындағы сөздерін тауып алыңдар. (балалардың алдында «қараймын, жүремін, ұшамын» сөздері бар. Олар тиісті сөзді таңдайды. «көремін») Қандай қорытынды шығаруға болады? Телескоп деген- алысқа қарап, ғарышты бақылауға арналған құрал. (осы кезде мұғалімнің дауысы естіледі. «Балалар, сендер қайдасыңдар?» Галилео балалармен қоштасады.

Қазіргі кезде телескоп қандай деп ойлайсыңдар?

(мұғалім сыныпқа қазіргі кездегі телескопты көрсетеді)

Ертедегі мен қазіргі телескоптарды салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

(Қазіргі телескоп заттарды айқын, нақты көрсетеді. Алыстағы заттарды жақындатады.)

Телескопты қайда қою керек?

(мұғалім расытхана туралы түсіндіреді)

Расытхана ғаышты зерттейтін арнайы ғимарат. Оны биік, таулы жерде орналастырады. Айналада көпқабатты ғимараттар мен жарық отттар болмауы тиіс.

Суретшінің жіберген қатесін табыңдар.

Ғарышты зерттеуге арналған құралды анықтаңыз және сипаттап айтыңыз.

Сергіту сәті.

Телескоп арқылы ғарышты толығымен зерттеуге болады ма?

Терең зерттеу үшін адамдар не істеді? (зымыран)

Зымыран қандай болады?

Топтық жұмыс: топтық жұмысты қолмен бағалайды. Егер тапсырманы дұрыс орындаса, екі қол көтереді. Егер қателер бар болса, бір қол көтереді.

І топ: зымыранды бояйды.

ІІ топ: зымыранды ермексаздан жасайды.

ІІІ топ: мозайка құрастырады.

ІҮ топ: бөлшектерден зымыран жинайды

Дифференциация: ІҮ топ оқушылары зымыранды бөлшектерден жасап, тәжірибені көрсетеді. Тәжірибені берілген нұсқау бойынша айтып, жасайды. Қалған балалар қарайды. Қорытынды шығарады.

Нұсаулық:

  • Шыныға су құямын.
  • Шыныға көпіретін 3дәрі саламын.
  • Шыныны тығынмен жабамын.
  • Тығынның үстіне зымыранды қоямын.
  • Бәріміз бірге санаймыз.

«Зымыран қалай ұшады?» мультфильмін көру.

Жердің алуан түрлі жасанды серіктері бар. Олар Күн жүйесін, басқа ғаламшарларды, ғарышты зерттеуге арналған. Метеорологиялық серіктер ауа райын болжауға көмектеседі. Байланыс серігі радио және теледидар хабарларын таратуға арналған.

Презентация, мультфильм, ермексаз, аппликация, баяғыш, телескоп, қағаздан жасалған телескоп, Галилеоның киімі

Диктафонда жазылған мұғалімнің даусы.

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

Балалар, сендер бүгін ғарышты зерттейтін құралдар мен ұшу аппаратымен таныстыңыздар. Егер сендер ата-аналарыңа осы сабақ бойынша хат жазсаңдар, не жазар едіңдер?

Сәлем хат!

Сәлеметсің бе! Мен бүгін сабақта .... білдім.

Маған сабақта .... жұмыс істеу ұнады.

Сабақта ... түсінбедім.

Маған .... түсінуге көмек керек.

Бағалау

Егер мен ғарышты зерттейтін құралды және ұшу аппаратты білемін және сипаттай аламын десеңдер- күнді көрсетіңдер.

Егер әлі толық түсінбедім дегендер бар болса, айды көрсетеді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыстағы тапсырмалар деңгейі

Мұғалімнің бақылауы, оқушылардың өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу