Жаңа сабақ: (Ұ)Көздеріңізді жұмып, өздеріңізді ертедегі адамдар өмір сүретін жерге келгенін елестетіңдер. Телескоп. Оқушылардың назарын дүрбінің суретіне аудару. –Мынау не? Олардың жауаптарын ақпаратпен толықтыру. Ғалым Галилео Галилей алғаш рет ғарышты қарапайым дүрбінің көмегімен бақылап көрді. Осылайша алғашқы телескоп пайда болды. Теле грек сөзінен аударғанда «алыс» дегенді білдіреді. Ал «скоп» деген грек тілінен аударғанды нені білдіретінін алдарындағы сөздерін тауып алыңдар. (балалардың алдында «қараймын, жүремін, ұшамын» сөздері бар. Олар тиісті сөзді таңдайды. «көремін») Қандай қорытынды шығаруға болады? Телескоп деген- алысқа қарап, ғарышты бақылауға арналған құрал. (осы кезде мұғалімнің дауысы естіледі. «Балалар, сендер қайдасыңдар?» Галилео балалармен қоштасады. Қазіргі кезде телескоп қандай деп ойлайсыңдар? (мұғалім сыныпқа қазіргі кездегі телескопты көрсетеді) Ертедегі мен қазіргі телескоптарды салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? (Қазіргі телескоп заттарды айқын, нақты көрсетеді. Алыстағы заттарды жақындатады.) Телескопты қайда қою керек? (мұғалім расытхана туралы түсіндіреді) Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау” сөзінен шыққан. Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра сытхана. Суретшінің жіберген қатесін табыңдар. Ойлан. Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба? Есте сақта! Ұшатын аппараттар. -Жерден барлығын көруге бола ма? -Ғарышқа бару үшін адамдарға не қажет? (Зымыран) Зымыран – ғарышты зерттеуде кең қолданыс тапқан ұшу аппараты. Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жаққа ұшақпен, тікұшақпен, әуе шарларымен ұшу мүмкін емес. Ғарышкерлер дем алу үшін скафандр деп аталатын арнайы киім киеді. Ұшу аппараттары арқылы ақпарат алып отырады. Топтық жұмыс: топтық жұмысты қолмен бағалайды. Егер тапсырманы дұрыс орындаса, екі қол көтереді. Егер қателер бар болса, бір қол көтереді. 1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады. 2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды. 3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаз дан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсету.) 4- топ: бөлшектерден зымыран жинайды Жердің алуан түрлі жасанды серіктері бар. Олар Күн жүйесін, басқа ғаламшарларды, ғарышты зерттеуге арналған. Метеорологиялық серіктер ауа райын болжауға көмектеседі. Байланыс серігі радио және теледидар хабарларын таратуға арналған. /өзара бағалау/ |