Глобусты қалай қолданады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сабдина А.А.

Сынып: 1А

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Глобусты қалай қолданады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

 Сабақ мақсаттары

глобуспен танысады;

oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Модель, глобус

 Бағалау критерийі:

  • Жердің пішінін анықтайды.
  • Жердің жасанды моделін анықтайды.
  • Жерді жасанды моделінің негізінде сипаттайды.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Жер, ғарыш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

2-10

I.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

  • Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз.
  • Ғарыш кемесімен қайда сапар шегуге болады?

ІІІ. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Оқушылар бағалау критериіне тоқталады.

ІҮ. Өткенді қайталау.

  • Сапарға шығу үшін тапсырманы орындау қажет. (ҚБ жұмысын орындау)
  • Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет?
  • Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма?

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсету. Оларды талқылау. Мынадай сұрақтар қою:

— Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

— Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

— Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Оқушылардың пікірін толық тыңдау.

Сабақ ортасы

11-20

21-30

21-35

Ү. Жаңа сабақ:

Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттардың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға:

­ “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші­ейтілген көшірмесі” — деп ескерту. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізу. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін, макеттерін дайындау. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұрау. “Тек жекелеген заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айту. Алдыңғы тапсырманы орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам­ шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта оралу. Оқушылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кішірейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеу. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген қорытындыға келуі тиіс.

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыну. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұрау. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қою.

Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті стикер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті стикерлерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен­ іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның­ бейнелерін жапсыртуға болады.

Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны туралы оқушылардың өздері қорытындылайды. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау.

Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өткен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсіртіңіз. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айту. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіру. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беру.

Фиксики мультфильм көру. Мақсаты: Глобус туралы қосымша ақпарат алу.

Шарға Қазақстанның картасын орналастыру. Өз еліне деген құрмет пен мақтаныш сезімін тудыру. Көлемі бойынша нешінші орын алатынын «Қазақ елі» мультфильмі арқылы анықтау.

Дәптермен жұмыс

Презентация,

Глобус

Стикер

Доп

Карта

https://www.youtube.com/watch?v=IHmwnr-m-M4

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

«Ішкі-сыртқы шеңбер» ойыны

Оқушылар екі шеңбңр құрып, бір-біріне қарама –қарсы тұрады. Бүгінгі сабақта қандай жаңалық ашқанын айтады.

Бағалау

Егер мен Жер планетасын сипаттай аламын десеңдер- оң қолды көрсетіңдер.

Егер әлі толық түсінбедім дегендер бар болса, сол қолды көтереді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыстағы тапсырмалар деңгейі

Мұғалімнің бақылауы, оқушылардың өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу