Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 3.


Дереккөзі: https://articlekz.com/kk/article/16829

Тақырыбы: Қазақстандық мұрагерлік құқық

Біздің  жыл  санаумызға  дейінгі  (б.ж.д) 16-9 ғасырларда мұрагерлік құқығының оның ішінде заңды мұрагерлік жəне өсиет бойынша мұрагерлік деген ұғымның болғандығын растайтын дəлелдер Ежелгі Мысыр ескерткіштерінен табылған [1]. Бұл ескерткіштерден мұра қалдырушы өзінің заңды мұрагерін белгілі себептер болған жағдайда мұрадан шектей алатындығын көруге болады. Мұнда бірінші дəрежелі мұрагерлер – мұра қалдырушының балалары болмаған жағдайда екінші дəрежедегі заңды мұрагерлері – бауырлары арасында мұра тең бөлінген. Құл иеленушілік кезеңінде ең дамыған мұрагерлік құқығы б.ж.д 6-шы ғасыр мен біздің жылсанауымызша (б.ж) 5-ғасырлар арасында жазылған Рим құқығы бүгінгі таңдағы азаматтық құқығының негізгі десек дұрыс болар. Рим құқығында мұрагерлер, заң немесе өсиет бойынша мұрагер болған. Осылайша, Рим құқығында өсиет бойынша мұрагерлік болған жерде  заңды  мұрагерлікке  жол   бермеген [2, 28 б.]. Бұл құқықта да өсиеттің нысаны ашық түрде болғандықтан мұра қалдырушы халық алдына шығып өсиетін жариялаған.

Біздің жыл санаумызша 6-шы ғасыр мен 14-ші ғасырлар арасындағы феодалдық кезеңде мұрагерлік құқығы айтарлықтай даму көрсетпеген. Бұл кезеңде жерге қатты негіз бергендіктен, жерді мұрагерлер арасында бөлмеген, майорат жүйесі (системасы) бойынша жерді ең үлкен ұлы иеленіп отырған. Мұнымен бірге діннің əсерінен мұрагерлер арасында теңдік болмаған, əйелдердің құқығы еркектерден азырақ болған [3, 355].

Өсиет бойынша мұрагерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1046-бабына сəйкес: азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондайақ заңды  тұлғаларға  жəне  мемлекетке  өсиет етiп қалдыра алады. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан  айыруға  құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң  бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi  ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға жəне өзгертуге ерiктi жəне күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1060-бабына сəйкес заңды мұрагерлiк:

  • Заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстiң 1061, 1066-баптарында көзделген кезек тəртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
  • Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған жəне оның ұрпақтары жəне екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
  • Заң бойынша мұрагерлердiң əрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
  • Азаматтық кодекстiң      заң     бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы жəне олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куəландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-бабында көзделгендей, егер мұрагер кейiн мұрадан бас тартпаса (осы кодекстiң 1074-бабы), мұрагерлiк құқығынан айырылмаса (Азаматтық кодекстiң 1045-бабы) жəне оны мұрагер етiп тағайындау туралы өсиеттiк өкiмдi жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлiк құқығын жоғалтпаса (Азаматтық кодекстiң 1056-бабы), ол мұра ашылған уақыттан бастап өзiне тиесiлi мұраға немесе оның бiр бөлiгiне (үлесiне) құқық алады.

Мұраға  құқық  туралы  куəлiк  беру туралы Азаматтық кодекстің 1073-бабында былай делінген:

  • Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куəлiк беруге мiндеттi.
  • Мұрагерлiкке құқық туралы куəлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.

Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куəлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куəлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

Азаматтық кодекстің заң бойынша мұрагерді мұрагерлікке шақырудың кезектілігі туралы жəне олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы  ережелері  мүдделі   мұрагерлердің мұра ашылғаннан кейін жасалған  əрі  нотариат куəландырған келісімімен өзгертілуі мүмкін. Алайда мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердің,  сондай-ақ міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлердің құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1060-бабы). Айтылғандарды жинақтай келе:

  • өсиет қалдырушының өсиет қалдырмауынан немесе өсиеттің жоқ болуы салдарынан.
  • мұрагер өсиетте көрсетілген мұрадан бас тартса немесе қабылдамаса;
  • өсиет бойынша мұрагер мұрагерліктен шеттетілсе, яғни ол лайықсыз мұрагер деп танылса;
  • өсиетте мүліктің бір бөлігі ғана өсиет етілсе;
  • өсиет ішінара немесе толығымен дұрыс болмаса;
  • мұра қалдырушы өсиет қалдырмас бұрын мұрагері қайтыс болса, заңды мұрагерліктің келесі жағдайларда пайда болатынын анықтауға болады.

Іс жүзінде заңды мұрагерлік өсиет бойынша мұрагерліктің балама түрі болып  табылады. Оның өсиет бойынша мұра қалдырудан айырмашылығы      сонда, өсиет бойынша мұрагерлікте мұрагерлерді тану жəне олардың өзара мүлікті бөлісу тəртібін өсиет қалдырушы белгілейді. Ал заңды мұрагерлік негізінде пайда болатын мұрагерлік құқық заңда белгіленген тəртіпке сəйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ мұрагер мен мұра қалдырушының туыстық қатынастары:

  • АХАЖ органдарының куəлігімен;
  • метркелік кітапшалардан алынған көшірмелер арқылы;
  • туыстық қатынастар фактісін белгілеу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен анықталады.

Мұрагерлік кезек тəртібі Азаматтық кодекстің баптарына сəйкес жүзеге асырылады. Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегімен мұраны мұра қалдырушының балалары, ол қайтыс болғаннан кейінгі кезде көзі тірі болған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады. Негізінен, мұрагерлік мүлік мұра қалдырушының жақын туыстарына ауысады. Мұра қалдырушының жақын туыстары деп, мұра қалдырушының балаларын, жұбайы, ата-анасы, асырап алушылары, асырап алған балалары, əкешешесі бір жəне əке-шешесі бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары), ата-əже, немерелерін айтады.

Көріп отырғанымыздай, мұра қалдырушының балалары бірінші кезекке еніп отыр. Егер ата-ананың некесі заңды деп танылса, онда балалары əкесінің жəне шешесінін, заңды мұрагері болып есептеледі. Заңсыз некеден туылған балалар шешесінің (егер іс-əрекеттері заңға қайшы келмесе) мұрагері бола алады. Ал əкесінің мұрагері деп, егер ата-анасының бірге жазған арызы негізінде неке органынан немесе əке болуды тану фактісі сотта дəлелденген ретте ғана танылады.

 

Əдебиеттер

 

  • Қазақстан Республикасының 1-Конституциясы. 1995. – 30 тамыз өзгеріс жəне 2007 21 майының толықтыруларларымен. Алматы: Заңгер,
  • Қазақстан Республикасының азаматтың кодексінің өзгеріспен жəне толықтыруларлармен 1995 г. 31 тамызынан, 2007 г. 7 тамызының "Заңгер" деген баспа 2007 г. Алматы.
  • Басин Ю.Г Азаматтың құқығы. – Алматы: Заңгер,
  • Диденко А.Г. Азаматтың құқығы. Ортақ бөлік. Дəрістің курсы. "Нұр – тығыздауыш". – Алматы, 2006.
  • Чигир В.Ф. Физикалық жəне заңды бет сияқты азаматтың құқығының субъекттері. – Минск,
  • Азаматтың құқығы: оқулық. Ч. II / ред. астына А.П. Сергеевтің, Ю.К. Толстого. М.,
  • Азаматтың құқығының:    бөлік   екі.    Міндеттеуші   құқық:    Отв    дəрісінің/   курсы.   ред. О.Н. Бақшалардың. М., 1997. С.
  • Азаматтың құқығының. Оқулық. общ астына. ред. А. Г. Калпина. Ч. 2. М. – 1999 г. Юрист

 

Автордың аты-жөні, тегі: С.С. Елеуова

Тег: Құқықтық мемлекет

Журнал: ҚазҰУ Хабаршысы

Жыл: 2013

Қала: Алматы

Категория: Құқық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?