Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары, 1- сабақ.


Ұзақ мерзімдіжоспар бөлімі: Мектеп:

Мұғалімнің аты жөні:

Күні:

Сынып: 11 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұрагерлік құқық (1сабақ)

Сабақтың мақсаты

«Өсиет қалдыру» ұғымын айқындай отырып, мұрагерлікке ие болу жолдарын ажырату

 Оқу мақсаты

Дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, мұрагерлік құқық нысанын анықтау

 Бағалау

 критерийлері

  • Мұрагерлік құқық ұғымын түсіндіреді;
  • Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың екі айырмашылығына мысал келтіреді

 Тілдік мақсаттар

Мұрагерлік жолдары бойынша заңдық актілер келтілірген мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап береді (оқылым дағдысы). «Сіз ата-анаңыздан қандай меншікті мұрагерлік арқылы иелене аласыз?» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырады (жазылым дағдысы). Оқушылар азаматтардың заң бойынша мұрагерлікке жету ерекшеліктерін анықтап, пікірталас ұйымдастырылады (айтылым дағдысы)

 Құндылықтарды

 дамыту

Мұрагерлік құқық жолдарын біліп-меңгеру арқылы азаматтардың Конституцияда көрсетілген азаматтық құқықтарын қорғауды үйренеді

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы

 АКТ қолдану

 дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы таныстырылым жасалады

 Бастапқы білім

Мемлекеттік органдардың қызметі неде?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

БЫМоқушыларға Ой шақыратын сурет көрсетіліп, төмендегідей сұрақтар беріледі. Осы сұрақтардың төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастыруға болады.

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Суреттерді көргенде ойыңызға не келді?
  • Суреттерді өзара қалай байланыстыруға болады?
  • Сабақтың тақырыбын анықтаңыз.

М Сынып оқушыларын сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырылады

1-слайд

2,3-слайд

Сабақтың ортасы

30-минут

Зерттеу сұрақтары:

  • Мұрагерлік құқық қалай жүзеге асырылады?
  • Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың жолдары қандай?

М Оқушыларды «мұрагерлік» ұғымымен таныстырып,

Мұрагерліктің жүзеге асуының 2 жолын көрсетіп түсіндіреді.

Ж Оқушыларға тақырыпқа байланысты терминдер мен ұғымдар жазылған кесте ұсынылады. Оқушылар «қар кесегі» әдісі бойынша кестені алдымен жеке өз беттерінше толтырып, кейін жауаптарын қасындағы жұбымен бірге талқылап, екі жауаптың ішінен үздігін таңдайды, мұнан кейін 2 жұп бірігіп, қай жұптың жауабы үздік екендігін таңдап, сол жауапты сыныпқа ұсынады.

Тапсырма:

Кестеде берілген «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты терминдер мен ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:

Мұра

Мұрагер

Өсиет

Мұрагерлік құқық

Мұрагерлік құқық туралы ҚР заңы

Мұрагерлік құқық нысаны

Т Сыныпқа Мұрагерлік туралы жалпы ережелер жазылған мәтін таратылады. Сынып 4 топқа бөлініп, әрбір топқа тапсырма беріледі. Әр топ өз жұмыстарын постер ретінде жасап, сынып қабырғаларына іледі. «Галерея» әдісі бойынша оқушылар сыныпты аралап, әр постерге өзге түсті маркермен өз ұсыныстарын жазып қалдырады.

Тапсырма:

Мәтінді және өз білімдеріңізді пайдаланып, тапсырманы орындаңыз.

1-топ: Азаматтардың заң бойынша мұрагерлікке жету ерекшеліктерін сипаттап, мысалы келтіріңіз;

ІІ топ: Азаматтардың өсиет бойынша мұрагерлікке жету ерекшеліктерін сипаттап, мысал келтіріңіз;

ІІІ топ: Екі жолдың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін талдаңыз;

ІVтоп: Екі жолдың кемшіліктері мен қауіп-қатерін талдаңыз.

Топтық жұмыстың дескрипторлары:

  • Топ спикерін өзара тағайындау;
  • Берілген уақытты тиімді пайдалану;
  • Топтық жұмысқа барлық оқушы қатысу;
  • Өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият тыңдау;
  • Құрдастарының пікірін құрметтеу.

4-слайд

5-слайд

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

6-слайд

Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар

Жүкешов Қ.М. Адам, қоғам, құқық. Алматы, 2005.

7-слайд

Қосымша мәтін.

Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII.

Б Оқушылар алған білімдерін қорытындылап, «Сіз ата-анаңыздан қандай меншікті мұрагерлік арқылы иелене аласыз?» деген тақырыпта мына сұрақтар бойынша шағын мәтін құрастырады. Оқушылар дайын болған жауаптарын сағат тілі бойынша алмастырып, бір-біріне кері байланыс бере алады.

Тапсырма:

Сабақтағы және өз біліміңізді пайдаланып, төмендегі сұрақтар бойынша «Сіз ата-анаңыздан қандай меншікті мұрагерлік арқылы иелене аласыз?» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырыңыз

  • Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?
  • Біз осы мұрагерлікті иелену туралы заңды құқықты қалай аламыз?

Дескрипторлары: Оқушы:

  • Мұраға берілетін нысандарды атай алады;
  • Мүлікті мұраға алудың екі жолын жолын біледі;
  • Заң арқылы мұраға мүлікті иеленудің ерекшеліктерін анықтай алады.

8-слайд

Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?