Жабайы және мәдени өсімдіктер. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе 2 – бөлім «Менің мектебім»2- бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және мәдени өсімдіктер | Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | ||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Өсімдіктер. Өсімдіктердің көп түрлілігі | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау; 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату; | ||||||
Тілдік мақсаттар | Өсімдіктер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқылай және салыстыра алады (мысалы, жабайы және үй өсімдігі) | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Өсімдік түрлерін ажыратып, айта алады. Өсімдікке қажетті жағдайларды біледі. Өсімдік түрлерін және тірі ағза екенін білу керек | ||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, музыка, бейнелеу өнері. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| Психологиялық дайындық (Ұ)Гүлдей өмір сүрейік, Қызыл, жасыл, сары боп Әдемі болып жүрейік, Гүл әдемілік белгісі. Гүлдердің қасиетін білейік. Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер - Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі. - Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! - Түрлі - түсті күлтелері құлпырып тұр. - Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен. | ||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (Ж,Т) оқушыларды 4 топқа бөлеміз. Төмендегідей жұп суреттерді береміз. Сұрақтарға жауап әзірлеу. Сұрақтар: -Бұл қандай өсімдіктер? -Ұқсастықтары -Екеуінің қандай айырмашылығы бар?
Мәдени өсімдіктерді сәндік үшін және тағам ретінде өсіреді. Ал жабайы өсімдіктер жануарларға қорек ретінде өседі және кейбір шөптер бізді құмды бархандардан қорғайды. (МК) Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Қызықты мәліметтер. Дүниедегі ең биік өсімдік – бамбук. Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол- шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады. Әлемдегі ең биік ағаш — эвкалипт. Ол Австралияда өседі.Оның биіктігі 100-110 метр.Бразилияда өсетін ағаштардың діңін кессе сүтке ұқсас шырын шығады. Шырынның дәмі сүттің дәміндей. Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі.Оның күнге кептірілген жемістері кәмпит сияқты тәтті болады. (МК) Жұмбақ шешу Адамдардың бәрі қызығады, Ұстай берсең сәні бұзылады. ( гүл) Мақал – мәтелдер
Басыңда болар саябақ. Кілеше үстінде. (Ұ) Гүл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Гүлдің де тағдыры, тіршілігі, мінезі бар. Олар өте сезімтал. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз. Гүл - дүниенің көркі. Гүл – жердің көркі. Гүл - әдеміліктің символы. Гүл – нәзіктің белгісі. Гүл – көңіл ашады. Сергіту сәті. Аппақ гүлдер. (әуенімен қосылып айту) Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. (Ұ) Өзге аймақтың өсімдіктерімен жұмыс. Оларды жабайы және мәдени деп екі топқа бөлу. Олардың неге жабайы, неге мәден болып бөлінетінін талқылау. Қалыптастырушы бағалау: оқушылар өсімдіктерді жабайы және мәдени деп ажырата алады. (Ұ) Бүкіл сынып болып, жергілікті 10 өсімдіктің тізімін не кестесін құрастыру; суреттерді пайдаланып, өсімдіктерді атау. «Образға кіру» оқушыларға эссе жазғызамын. «Егер мен өсімдік болсам...» | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім ? | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Тәжірибелік тапсырманы басшылыққа алу. | өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтай алды. |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?