Жаңа жыл

Жаңа жыл

Автор: Аяулым Жиенбаева


Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады » деген сөз бар.
Достар, біз де өпке-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, екі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!


Қажетті сілтемелер:

  1. Жаңа жыл тілек пен құттықтау
  2. Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер
  3. Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар
  4. Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар
  5. Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  6. Ата-ана жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  7. Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
  8. Жаңа жылға арналған өлеңдер
  9. Жаңа жылға арналған тақпақтар
  10. Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер


Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлықтарыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!
Ортамыз ойсырамай, көбейіп, Алла тағала жылдан жылға аман-есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
Жаңа жыл құтты болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу