Ғарышкерлер және ғарышқа саяхат. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.


Ғарышкерлер және ғарышқа саяхат

Юрий Алексеевич Гагарин (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысында дүниеге келген. Ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).

***************************************************************************

**********************************************************************************

Төретам деп те аталатын Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдегі ең бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының шөлді даласында, теңіз үстінен 90 метр биіктікте, Төретам теміржол вокзалынан алыс емес, Сырдария өзенінен солтүстікке қарай Арал теңізінің шығысына қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Т.Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшты. Онда 8 күннен астам уақыт өткізді. Ол Қазақстан үшін зерттеу жүргізді. Т.Әубәкіров – ғарышкер ретінде бекітілмей, бірақ ғарышқа ұшып барып келген алғашқы кеңестік ғарышкер.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында туған. Талғат Мұсабаев зияткерлер отбасынан тәрбие алған. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы біледі. Т.Мұсабаев ғарышкер ретінде 1990 жылдың 11 мамырында белгіленді. Ол ғарышқа үш рет барып келген сынақтағы ғарышкер еді. 1994 жылы ол ғарышта 126 күн болған.

**********************************************************

2001 жылы тарихи оқиға болды. Экипаж командирі Талғат Мұсабаевпен бірге ғарышқа алғаш рет ғарыштық турист ұшты. 

Айдын Ақанұлы Айымбетов

(27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Дұрыс нұсқасын тауып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқан күнін көрсетіңіз.

А. 5 қазан 1957 жылы

В. 15 сәуір 1968 жылы

С. 12 сәуір 1964 жылы

D. 12 сәуір 1961 жылы

  • Ғарышқа алғаш ұшқан ғарышкерді көрсетіңіз.

А. Нил Арсмтронг

В. Юрий Гагарин

С. Т. Әубәкіров

D. А.Леонов

3. Байқоңырдың екінші атауын көрсетіңіз.

А. Төретам

В. Торғай

С. Ақтөбе

D. Қарғалы

4. Талғат Мұсабаев ғарышкер ретінде қашан тағайындалғанын көрсетіңіз.

А. 1991 жыл 11 мамыр

В. 1990 жыл 11 мамыр

С. 1990 жыл 12 сәуір

D. 1961 жыл 12 сәуір

5. Тоқтар Әубәкіровтың туған жерін көрсетіңіз.

А. Қарғалы

В. Қостанай

С. Төретам

D. Қарағанды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу