Параллельдер мен меридиандар. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім:Қоршаған ортаны қорғау | Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С., Оспанова Т.А. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Параллельдер мен меридиандар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу 4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарымен танысу; ғаламшардың жартышарлары мен полюстерді көрсете білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерилері | Экватор, параллель, меридиан, ғаламшардың жартышарлары мен полюстерді анықтайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: глобус, параллель, мередиан туралы түсіндіре алады. Пәнге тән лексика мен терминология: параллель, меридиан, бастапқы (Гринвич) меридианы, градус торы, жердің жарты шарлары. Неліктен екенін айта аласыз ба?
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өмір бойы білім алу құндылығы: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, математика, тарих пәндерімен байланыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Глобус ұғымымен таныс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 4 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Өткенді бекіту. «Сиқырлы қорапша» ойыны. Оқушылар қорап ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: -Климаттың ауа-райынан қандай айырмашылығы бар? -Климат адамзат дамуына әсер етеді ме? -Ертеде адамдар ауа-райын қалай болжаған? -Су, жер, ауаның ластану факторларына нелер жатады? -Біздің өңірімізде қандай қауіпті апаттар кездеседі? --Ол адамдарға қандай зардап әкеледі? -Өрт болған жағдайда қандай ережелерге сүйенуіміз керек? Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. Жұптық жұмыс. Оқушыларға карточкада жазылған сөздер беріледі. Бірақ сөздердегі әріптер адасқан. Оқушылар жұпта отырып, дұрыс сөздер шығарады.
Тексеру. Сөздерді тақтаға ілу. -Сабақта не туралы айтамыз? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 5 мин 5 мин
4 мин 5 мин 2 мин | 2. Мағынаны тану. 2.1. Венн диаграммасын толтыру. Топтық жұмыс. -Балалар, глобус пен картаның арасында қандай айырмашылық бар? Оқушыларға Венн диаграммасы сызылған парақ пен тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздерді тиісті дөңгелектердің ішіне орналастырып, жапсырады. Тірек сөздер: географиялық обьектілерді нақты көруге болады, жер бедері тегіс жазық түрінде беріледі, жоғарғы жағы – солтүстік, төменгі жағы – онтүстік, сол жағы – батыс, оң жағы – шығыс бағыттарын көрсетеді, қалалардың атаулары қара әріппен жазылған, көлдер мен өзендердің атаулары көкшіл әріппен жазылған, латын тілінде «шар» - оның әр түрлері бар, өзендердің ұзындығын, екі пункттің ара қашықтығын, жердің кішірейтілген дәл үлгісі, таулардың биіктігін анықтауға болады. Топтар өз жұмыстарын қорғайды. 2.2. Пәнаралық байланыс. Тактадағы ілінген сөздерге назар аудару: Параллель, экватор, меридиан, полюс. -Бұл сөздердің ішінен қандай сөз сіздерге таныс? -Ол математикалық тілде нені білдіреді? -Ал, қазір осы сөздер географиялық тілде қандай ұғымды білдіретінің байқаймыз. 2.3. (Ө) Мәтінмен жұмыс. - Ежелгі глобусты кім жасаған? Оның ерекшелігі неде? - Мәтіннен жаңа сөздердің (параллель, экватор, меридиан, полюс) анықтамасын тауып, қарындашпен қоршап алыңыздар. 2.3. (Т) Сызбамен жұмыс. Оқушыларға глобустың суреті беріледі. Сызбада параллель, экватор, меридиан, полюстерді анықтап, атауларын жазады. Бұл жұмыстарды дескрипторлар бойынша бағалау. Дескрипторлар:
3. Қалыптастырушы бағалау. (Жұпта тексеру) «Дұрыс-бұрыс?» ойыны (егер дұрыс болса «+», бұрыс болса «-« қоямыз):
4. Қосымша тапсырма. «Виртуалды саяхат» ойыны. - Вена қаласына виртуалды саяхат жасаймыз. Бұл қала Көкшетау қаласынан қандай бағытта жатыр? (батыс) -Токио қаласы Астана қаласынан қандай бағытта жатыр? (шығыс) /Ойынды жалғастыруға болады./ | Тірек сөздер Мәтін, жаңа сөздер, презентация, ежелгі глобус суреттері Сызба ҚБ тапсырмасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | 5. Қорытынды. Күрделі және жай сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың қорытындысын жасайды:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация ресурстар (глобус, карта, кесте, диаграмма) көмегімен жүргізіледі. Қабілетті оқушылар іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмаларды орындайды, ашық сұрақтарға толық жауап бере алады. | Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өз білімі мен түсініктерін зерттеулерін талқылау, пікірталас, жаңа ақпаратты талдау және жұпта өзара келісетін бірлескен қорытындылар жасау арқылы жүргізіледі. | Белсенді іс-әрекет түрлері.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?