Міндеттемелік құқық. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Үй тапсырмасын сұрау:

«Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы» тақырыбына қатысты теориялық сұралым.

«Меншік құқығын қалай түсінеміз және оның қорғалуы қалай жүзеге асырылады?” тақырыбына жинақтаған оқушылардың инфографика мазмұнын талқылау.

Қорытындылаушы сұрақ:

«Қалай ойлайсыздар, қазіргі Қазақстан қоғамында әрбір жкек және заңды тұлғалардың өз меншік құқығын заңдарға сәйкес қорғауы қаншалықты маңызды?»

Ой қорытынды.

Сабақ аспектілері:

Пәні: Құқық негіздері

Сыныбы: 10

Тоқсан: 3

Бөлім: Жеке құқық

Сабақ тақырыбы: Міндеттемелік құқық

Оқу мақсаттары:

10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу;

10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау;

Бағалау критерийлері:

10.3.1.9. оқу мақсаты бойынша-

Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

Дескрипторы:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, борышкер, шарт, мәміле, сенімхат терминдеріне түсіндірме жауап жазады:

10.3.1.10. оқу мақсаты бойынша-

Сыни тұрғыдан ойлау:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы мәселелердің шешімдерін ұсыну

Дескрипторы:

Екі кейс стадиді талдау арқылы кестенің сұрақтарына өз көзқарас жауаптарын жазады

Талдау:

Міндеттемелердің түрлеріне мысалдар келтіріп, талдайды;

Дескрипторы:

Әр білім алушы жұбымен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріп, талқылайды

Пәндік терминдер:

Міндеттеме,

борышкер,

шарт,

азаматтық құқықтық жауапкершілік

Мәміле

Сенімхат

тараптар

Бөлімнің басты сұрақтары:

Міндеттемелік құқықтың анықтамасы және оның құрамдас бөліктері қандай?

Міндеттемелік құқықты шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болады?

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түсініктеме:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз -шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру жауапкершілігі.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің әрекет белгілері:

а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;

б) борышқорды міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қызметтері:

Жазалау қызметіміндеттемені бүзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.

Тәрбиелік қызметіқұқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

Қалпына келтіру қызметішығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру

Міндеттеме артрибуттары (ерекшеліктері):

Мiндеттеме деп отырғанымызбiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) алдында ие болған мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер тізбесі.

Міндеттеме бөліктері:

Айып төлеу ұғымы

Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес

Кепiл ұғымы

  Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) егер де борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған мүлiк құнынан ақша өндіру әдiсi. 

Кепiлпұл ұғымы.

Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.

Терминдерге түсініктеме:

Шарт ұғымы

      Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады

     Борышкер несие берушінің алдында өз міндетіне қаржылық немесе материалдық міндеттеме алған тараптар

Мәмілелер – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Сенімхат – бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Сыни ойлау дағдысы бойынша тапсырма:

Талдау дағдысы бойынша тапсырма:

Тапсырмалардың орындалуын бағалау:

Әрбір жеке және жұптық жұмыстардың орындалу дұрыстығын бағалау критерийлері мен дескрипторларға сай оқушылар қалыптастырушы бағалау парағына өздері қояды;

Егер де бағалауды жүргізуде оқушылардың қиналған тұстары болса, оған мұғалім арнайы рефлексия жасап, тиісті кері байланысын береді

Бағалау және рефлексия:

Үй тапсырмасы:

Өз жұбыңмен бірге келісім-шартқа отырып, мәтінін жазбаша жазып келу.

Қолданылатын дереккөздер:

ҚР Конституциясы 22, 25, 26 -баптары

Пайдаланылған дереккөздер:

ҚР Азаматтық Кодексі, 268 -390 баптар;

http://referat-kz.kz/referattar/kukik-kriminalistika/167-shart-trlern-zhalpy-sipattamasy-zhne-rylymy.html

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мәміле_түсінігі,_шарт_және_оның_түрлері

ҚР Конституциясы, ІІ бөлім: «Адам және азамат»

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы;

Жумабаев К.С.ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Практикум, Ақтөбе 2014 ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?