Қазақстанның таңғажайып жерлері. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су- тіршілік көзі» | ||||||||||
Мерзімі: 4-тоқсан |
| |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның таңғажайып жерлері | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.4.1. Қазақстанның ерекше тартымды туристік нысандарының рейтингісін құру. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - Туризм саласындағы су нысандарының рөлін түсіндіреді; - Қазақстанның туристік су нысандарының рейтингісін құрады. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - Туризмнің түрлерін анықтайды; - Қазақстандағы туристік су нысандарын біледі; - Туризм саласындағы су нысандарының маңызын түсіндіреді;
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Қазақстанның тартымды туристік су объектілері туралы әңгімелейді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақстанның қандай тартымды туристік су нысандарын білесіңдер? Жазуға берілетін тапсырма: - Қазақстанның туристік су нысандары рейтингісін құру. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатқа үйлесімділік – адам мен табиғат арасындағы өзара байланысты түсіну. Патриоттық сезім – Қазақстанның таңғажайып жерлерімен мақтану және насихаттау. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек: туристік су нысандарына постер жасау. | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1 сыныпта « Дені саудың- жаны сау» тарауында су ресурстарының адам өміріндегі қолданылуын, 3 сыныпта «Жанды табиғат» тарауынан Қазақстанның туристік нысандарын біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-6 7-8 |
Оқушыларға Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бейнематериалын көрсету ұсынылады. Оқушылар топта берілген кестедегі өз сұрақтарына жауап жазып отырады. Кейіннен топта талдайды. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын айқындауға жетелейді.
-Туризм саласындағы су нысандарының рөлін түсіндіреді; - Қазақстанның туристік су нысандарының рейтингісін құрады. | Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=1rmw5d2G7c0 ұзақтығы- 3:09 Кесте (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||||||
Сабақ ортасы 9-12 13-17 18-31 32-36 |
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға үш үстелге арналып туризм түрлеріне суреттер таратылады. Әр топта туризмнің екі түріне арналған суреттерді сәйкесінше топтастырулары қажет. Әр топ өз тапсырмаларына сай туризм түрлері туралы қысқаша айтып береді. Өздері білетін Қазақстанның туристік нысандарын атайды. Бағалау критерийлері:
Қазақстанның физикалық картасы. Талқылау сұрақтары: - Қазақстанның су нысандарын атаңдар. -Қазақстанның қандай су нысандарын туризм саласына қолдануға болады? - Қазақстанның қандай су нысандарына туристер көп барады? - Қазақстанның қай аумағында су нысандары ауданы жағынан үлкен? Бағалау критерийлері:
Оқушыларға Қазақстанның табиғи су нысандары жайлы жарнамалық буклет жасау ұсынылады:
Тапсырма:
Буклетті бағалау критерийлері:
Оқушылар тобы «Туристік компания» болып «офисте» өз қызметтерін жарнамалап, «туристерді» көндіруге тырысады. Басқа оқушылар «Жолдамалар» сатып алу арқылы бағалайды. Қай топ саны жағынан көп «жолдама» сатты, сол топ жеңіске жетеді. Бағалау критерийлері:
Қазақстанның ерекше тартымды туристік су нысандарының рейтингісін жасайды. Ол үшін жарнамалық буклеттердегі сатып алынған «жолдамалар» тақтаға жазылған әр топтың қатарына тізіліп жабыстырылады. Қай топта ең көп сатылым жасады,сол топтың рейтингісі, сәйкесінше туристік су нысанының рейтингісі жасалынады. Бағалау критерийлері:
| Туризм түрлеріне суреттер топтамасы (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Қазақстанның физикалық картасы (дидактикалық материалға қараңыз)
Маркерлер, А3 парағы, қарындаштар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Жарнама үлгісі (дидактикалық материалға қараңыз)
Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия «Кеме» (жеке) Оқушылар сабақ бойынша кері байланысты кеменің желкенін жасыл/сары/қызыл түске бояу арқылы береді. | (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға Қазақстанның өзен-көлдері туралы сандық ақпараттар дайындауларын ұсынуға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Жарнамалық буклет» стратегиясына су нысандары туралы қосымша мәліметтер беруге болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Топтастыру және «Картаға саяхат» тапсырмасы оқушылар өз-өздеріне «лайк» басу арқылы бағалайды. Жарнамалық буклет, «Туристік компания» тапсырмасында оқушылар бір бірінің жарнамаларын бағалайды және рейтинг құрады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?