Айналамыздағы қауіп-қатерлер. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Артық сөз» стратегиясы.

Оқушылар қатардағы сөздердің ішінен артық сөздерді алып тастап, кілт сөзді анықтауларына да болады. Жетекші сұрақтар қоя отырып, оқушылардың сабақ тақырыбы мен мақсаттарын өздері анықтауларына жол ашыңыз.

Мүмкін жауабы: дауыл, қар көшкіні, құйын, боран, жер сілкіну, жер, қауіпсіздік, су, өрт, су тасқыны, лай көшкіні, гүл.

  • «Сұрыпта» тапсырмасы

Оқушылар берілген кестеге берілген сөздерді атауларына қарай сұрыптап, жинақтаулары тиіс.

Табиғи (қолайсыз) климаттық апаттар - адамның іс-әрекетіне тәуелді емес апаттар: құрғақшылық, су тасқыны, т.б.

Техногенді апаттар – адамның іс-әрекеті нәтижесінде орын алатын апаттар: судың ластануы, радиация тарау,зауыттағы жарылыс т.б.

Осы тапсырманы қаншалықты түсінгендерін байқау үшін өзіндік бағалауға түрлі түсті стакандарды пайдалануға болады.

Үш түрлі стакан әрбір оқушыға беріледі (алдын-ала сатып алыңыз).

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- сұрағым бар

Жасыл- түсіндім

Үш стаканды бір-біріне кигізіп қояды, яғни қай түсті көрсеткісі келеді, сол түсті стакан ең жоғары жағына қояды. Қызыл және сары стакан қойған оқушылармен диалог арқылы қолдау көрсетіп, ойландыратындай, нақты көмек беріңіз.

  • «Стикердегі диалог» әдісі

«Сел ағындары», «Су тасқыны», «Қар көшкіні», «Лай көшкіні» сөздері жазылған қағаздарды (дид.материалда) қиып дайындаңыз. Оқушылар аталған жағдайларға байланысты пікірлерін білдіріп, қауіпсіздік ережелері жайлы ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі. Стикердегі пікірлерді топ жетекшілері оқып, толықтырады. Бірдей пікірлерді топтастырып, қауіпсіздік ережелерін дайын параққа (дид.материалда) құрады.

Талқылау сұрақтары:

- Су басу мен су тасқынының айырмашылығы не?

- Қар көшкіні қандай жерде болады?

- Сел ағындарының пайда болу себебі неде?

- Лай көшкіні деген не?

  • Бейнефильм көрсету.

«Жер сілкінісі кезінде қалай қорғануға болады?» деген бейнефильм көрсетіңіз. Мұнда барлық қауіпсіздік шаралары туралы айтылған. Оқушылар соларды ескере отырып, сынып бөлмесінде оқу-жаттығу жасауларын сұраңыз. Бұл олардың қауіпсіздік шараларын ойда сақтап қалуларына көп пайдасын тигізеді.

Талқылау сұрақтары:

  • Жер сілкінісі деген не? Төтенше жағдай ма?
  • Жер сілкінісі кезінде қандай жерлер қауіпсіз?
  • Қауіпті аймақтар қандай?
  • Үйдегі қауіпсіз орындар қандай?
  • Алдын ала дайындалу үшін не істеу керек?
  • Осы сынып бөлмесінің қауіпті/қауіпсіз жерлері қайсысы?

  • «Суреттер топтамасы» әдісі

Оқушыларға әр түрлі тақырыптар таратылып, суреттер топтамасын жасауды ұсыныңыз. Альбом немесе бүктеме (буклет) түрінде жасаса да болады. Сурет салу арқылы өзін өзі ұстау ережелерін көрсетулері керек. Әр топтың мүшелері жұппен, топпен емес, жеке бір-бір суреттен салса, топ бойынша суреттер топтамасы дайын болады.

  • «Автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша пікір алмасу

Оқушылар бір топтан екінші топқа ауыса отырып, суреттер топтамасымен танысады. Суреттер топтамасының сәтті және сәтсіз жақтарын анықтап, бағалайды.

Бір бірін өз стакандараның сәйкес түсін топтарға қалдырып кету арқылы бағалау тиімді. Кімде жасыл стакан көп жиналады, сол топтың суреттер топтамасы «Үздік» болып танылады.

  • Рефлексия. «Воллейбол» стратегиясы.

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім немесе бір оқушы бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қойғысы келген оқушыға добын лақтырады. Ол оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады, егер жауап бере алмаса қайтадан өзіне допты лақтырады.

Теориялық материалдар

 Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апатсалдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. 

 Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. 

 ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені. 

 http://flatik.ru/i-ttenshe-jadajlardi-trleri-men-sipattamalari-ttenshe-jadaj

 

 Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және жер сілкінісінен кейін не істеу керек

 Жер сілкінісіне дейін: өзіңізге үлгі жасап шығарыңыз: күшті жер сілкінісі болды делік, сіздің құтқару бағытыңыз қандай болады, егер сіз мысалы жұмыста, үйде болсаңыз, ал сіздің балаларыңыз мектепте немесе балабақшада болса?

 Өзіңіз және өз жанұяңыз үшін мүмкін нұсқаларды әзірлеңіз: жасырыну үшін қауіпсіз орындар қайда бар, жер сілкінісінен кейін қай жерде кездескен жақсы және т.б. Сіздің «сценарийіңіз» авариялық ахуалда абыржымастан әрекет жасауға көмектеседі.

 Мыналарды:

 Құжаттар;

 Үш күнге тамақ және су қоры;

 Бірінші медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен;

 Электр шамы және сіріңке;

 Жылы киім және аяқ киім салынған сөмке немесе рюкзакты алдын-ала дайындаңыз және дайын етіп ұстаңыз.

 Жер сілкінісінің бірінші дүмпуі кезінде:

 Ең бастысы есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса, үрейленбеңіз және басқалардың үрейіне берілмеңіз. Газды, суды және электрді сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күшті аз болса, қорықпаңыз және дұрысы өзіңіз тұрған жерде күте тұрыңыз.

 Екінші және одан жоғары қабатта болсаңыз үй-жайды тастап кетпеңіз. Ішкі қабырғадағы қауіпсіз жерде, бұрышта, есік ойығында, тірек бағанасының қасында тұрыңыз, ваннаға жатыңыз. Кереуеттің, үстелдің астына жатыңыз – олар сізді құлайтын заттардан немесе сынықтардан сақтайды. Терезелерден және ауыр жиһаздан алысырақ тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

 Егер сіз көшеде болсаңыз:

 Ғимараттардан және электр беру желілерінен алыс ашық жерге барыңыз, жұлынған электр әуе желілеріне жақындамаңыз. Ғимарат бойымен жүрмеңіз және олардың ішіне кірмеңіз.

 Егер сіз автокмобильде болсаңыз:

 Дүмпу тоқтағанша, автомобильді тастамай, ашық жерде тұрыңыз. Жер сілкінісі кезінде топырақтың қозғалысынан адам құрбандары өте сирек болатынын есте сақтаңыз. Жер сілкінісі кезіндегі жазатайым оқиғалардың басты себептері:

 Ғимараттың жеке бөліктерінің құлауы

 Сынған әйнектердің құлауы

 Жұлынуы электр желілері

 Пәтердегі ауыр заттардың құлауы

 Өрттер

 Үрей кезінде адамдардың бақылаусыз мінез-құлқы

 Егер сіз барлық қажетті сақтық шараларын сақтайтын болсаңыз, құрбандар санын азайтуға болады

 Жер сілкінісінен кейін:

 Мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз

 Егер қосымша қару-жарақ қажет болмаса, үйіндіден зардап шеккендерді шығарыңыз

 Радиоқабылдағышты қосыңыз

 Мүмкіндікке қарай су құбырын, газды және энергожабдығын сөндіріңіз

 Ашық отты пайдаланбаңыз

 Жер сілкінісі болған кезде болған жеріңізді тастап бара жатқанда абай болыңызНазар аударыңыз!

 Радионы қосып жүріңіз!

 Төтенше жағдайлар бойынша қызметтердің сигналдарын тыңдаңыз

 "Баршаның назарына!"

 Айқын бұзылған ғимараттарға бармаңыз және олардың ішіне кірмеңіз. Қайта дүмпулерге әзір болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, аптадан немесе айдан кейін болуы мүмкін болса да, жер сілкінісінен кейінгі бірінші 2-3 сағат ең қауіпті болып саналады. Жер сілкінісінен кейін көп уақыт өтсе, қайта дүмпулердің ықтималдығы аз екені мәлім.

 Крэш-синдром деп аталатын ұзақ қысылу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Құрылыс конструкцияларының сынықтарынан, құлаған ағаштар діңдерінен, ауқымды жиһаз және соған ұқсас ауыр заттардың адамның қолына немесе аяғына ұзақ әсерінен қан жүру тоқтайды. Крэш-синдромның салдарлары ампутациямен жиі байланысты.

 Зардап шеккен адамда ұзақ қысылу синдромын анықтағаннан кейін барлық дененің сыртқы байқауын жасаңыз; ауруды басатын заттарды міндетті түрде беріңіз; қысылу орынның үстіне жгут салыңыз, зардап шегушіні босатып, жылытыңыз. Бір минутты жоғалтпау қажеттігін есте сақтаңыз. Адамды ауруханаға дереу апарыңыз, оған мамандардың көмегі қажет. Сіз қолыңыздан келгеннің барлығын істедіңіз.

 

 Сел 

 Сел - бұл таулы аудандарда тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен үлкен қарқынмен құлай ағауымен сипатталатын құбылыс.

 Селдің пайда болу себептері - ол мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болады. Сел кенеттен пайда болып, жоғары жылдамдықпен (секундына 10 метр және одан да артық) жүреді және он минуттан бірнеше сағатқа дейінгі аралықта бірнеше рет орын алады. Селдің алдыңғы толқынының биіктігі 15 метрге дейін жетуі және одан да асуы мүмкін. Селдің күрілі алыстан естіледі.

 Селге қалай дайындалу керек?

 Әдетте сел жүретін жерлер белгілі. Тауға шығар алдында өз жол бағытыңызды зерттеңіз, әрі сел қаупі бар жерлерге, әсіресе қатты нөсерден кейін, бармаңыз. Селге тап болсаңыз, аман қалу мүмкіндігіңіз аз екенін есте сақтаңыз. Селден оған жоламай ғана құтылуға болады. Қауіпсіз жерге кету кезінде үйден шықпас бұрын электр, газ және су желілерін сөндіріңіз. Есіктерді, терезелер мен вентиляциялық саңылауларды мықтап жабыңыз.

 Сел кезінде не істеу керек?

 Сел дауысын естігенде сайдың етегінен өрге қарай кем дегенде 50-100 м биіктікке көтерілген жөн. Селдің қарқынымен адам өміріне қауіп төндіретін үлкен тастар алыс жерлерге ұшуы мүмкін екендігін ескерген абзал.

 Селден кейінгі іс әрекет

 Селден жапа шеккендерге көмектесіп, сел жолындағы үйінділерді жинауға жәрдемдесіңіз. Егер сіз зардап шексеңіз - өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысыңыз. Жарақаттанған жерлерді сәл биіктеу ұстап. Оған мұз (суланған мата) басып, таңып байлаңыз. Кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.  

 Қар көшкіні– бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.

 Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?

 Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:

 - тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз; 

 - тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;

 Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.

 Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.

 Алдын-алу шаралары

 Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады. 

 Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.

 Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері. 

 Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?

 Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі) 

 Көшкін түскеннен кейін не істеу керек 

 Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.

 

 Су тасқыны

 Су тасқыны- бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады.

 Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

 - Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз, 

 - Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз. 

 - Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немесе рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

 Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

 - суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

 - жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

 - егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

 - ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

 - өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

 - бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;

 - өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз; 

 - қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

 Кенеттен су басса:

 - үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

 - тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз; 

 - егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

 - су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

 - балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;

 - ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

 - құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз;

 - күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

 - құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

 - өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;

 - өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.

 Су қайтқаннан кейін:

 - үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;

 - ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады); 

 - үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;

 - есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады; - қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз; 

 - суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;

 - су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

 

 «Мұздағы жүріс-тұрыс қағидасы»

 Мыңдаған балалар қыстың басталуын және өзендер, көлдер мен басқа да су айдындарында мұздың қатуын тағатсыз күтеді. Олардың ең төзімсіздері өзінің өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіре отырып, қатпаған мұзға барады және біз бүгін мұзда болған кезде қауіпті қалай азайту туралы айтамыз.Сонымен, мұзда өзіңізді сенімді сезіну және қолайсыз жағдайларға тап болмау үшін мұздағы жүріс-тұрыс қағидасын, апатқа ұшырағандарға көмек көрсету жөніндегі шараларды білу және оларды дұрыс қолдана білу қажет.

  

 ҚАУІПТІ МҰЗ!

 Айнадай жылтыраған мұз айдында немесе су айдынның тік жарынан шаңғымен сырғанаған қандай тамаша! Бірақ мұндай сырғанақ қауіпті болуы мүмкін, әсіресе сол жер белгіленбеген немесе зерттелмеген болса. Өйткені қар астындағы мұз, ашық жердегі мұзға қарағанда, өте жұқа болады, сонымен қатар мұзда жылымдар мен ойықтар болады. Бұл жағдай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін. Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз, 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақыртып, зардап шеккенге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:

 - мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;

 - құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейін жетпей, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға немесе мықты мұздың үстіне шығарыңыз;

 - мұз астына түсіп кетсеңіз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейін тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда тырбаңдамаңыз. Кеудеңізбен мұз шетіне сүйеніп, жағаға қарай немесе қауіпсіз жерге қарай жылжып көріңіз.

 Көктемде мұз өте қауіпті!

 Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген уақытта мұз жарылып, суға батып кетуіңіз мүмкін. Төтенше жағдайдың талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша 4 қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан 3 адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы, яғни олар ата-аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін қайғылы аяқталуы мүмкін. Көктем мезгілінің кіруімен су айдындарында адам өліміне жол бермеу мақсатында ТЖ департаменті ескертеді:

 Ата-аналар және мұғалімдер: Балаларды әсіресе сең жүру уақытында мұз айдынына қараусыз жібермеңіздер; өзен және көлдерде мұздың еру кезі қауіпті екенін ескертіңіз. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңдер, олардың мұзда ойнауына тыйым салыңдар. Жарылған мұз, салқын су, қатты ағыс адам өміріне қауіп төндіреді. Естеріңізде болсын, су тасқыны кезінде, қайғылы жағдайлар көбіне көп баларлармен болады.

  

 Көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  •  мұз айдынына шығуға;
  •  сең жүру кезінде өзеннің арғы бетіне өтуге;
  •  өзендегі мұздың кептелісіне жақын жүруге;
  •  жағалауды су шаю қаупі бар тік жарларға жақын тұруға;
  •  кішкене көпірлерде, бөгеттерде және тоғандарда жиналуға;
  •  мұз кептелісіне жақын тұруға, мұздарды жағалаудан итеруге;
  •  өзеннің немесе кез келген су қоймасының тереңдігін өлшеуге;
  •  мұз үстінде жүруге және сырғанауға.

 Естеріңізде болсын:

  •  көктемде мұз морт сынғыш;
  •  мұздың ыдырау үрдісі әсіресе жағалауда тез жүреді;
  •  қармен жабылған, көктемгі мұз ауыр салмақты көтермейді.
  •  көктемде балалар ойнайтын жерлерге бақылауды күшейті қажет.

 Мұқият және сақ болыңыздар, себебі көктемгі мұз өте қауіпті!

 kamisti.kostanay.gov.kz

 

 Найзағай. Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариалық,

 ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.

  Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте сақтау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі. Тоғайдың шетімен үлкен егістікте болу да қауіпті.Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау да аса қауіпті.

  Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Жартас арасында жасырунуға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде 2 метр қашықтықта жасырынуға болады.

  Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз. Найзағай кезінде жүруге, абдырауға болмайды. Барлық метал заттарын адамдардан 15-20 метр қашықтықта жинау керек. Отырғанда астыңызға полиэтилен , жапырақ, киім, тас және т.б. қойған дұрыс. Арқаны еңкейтіп, басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа

 отырған жақсы. Сулы дене мен киімге найзағай түсу мүмкіндігін есет сақтаған жөн.

  Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Ал бұл жағадайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электр өткізгішке айналады.

  Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін. Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралар:

  1. Егер сіз найзағай болардың алдында қаласыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, кауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, үшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға,шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте үстау қажет. Ал үйеңкі мен қайынға өте сирек түседі. Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.

  2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтыққа жасырынуға болады.

  3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.

  4. Найзағай аймағында абдырап жүгіруге болмайды.

  5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтыққа қою керек.

  6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.

  7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.

  8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс.Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электрөткізгішке айналады.

 

 Шаңдақ дауыл. Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмының, топырақтың, түздің және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

  Сақтық шаралары. Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз. Үй хайуанаттарын, оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

  Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет.егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

  Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, жүруді тоқтау керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда қозғалу қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалдан от жаққан жақсы.

  Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезені мықтап жакып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобилькорпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауа сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.

  Дауылдың жақындағаны туралы хабарлы алған бойда мыналарда істеу

 қажет:

  1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;

  2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;

  3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашып қалдыру, ғимараттың ішкі

  қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;

  4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қауіпі бар заттарды

  алу;

  5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;

  6. Газды, электроэнергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және

  арнаулы органға бару;

  7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, кондырғыларды бекіту,

  агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;

  8. Ауылға жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің судың қорын даярлау.

  Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:

  - бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;

  - ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;

  - жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады;

  - далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен

 жату керек;

  - орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;

  - нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа

  жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;

  - дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше

  адам болып шығыңыз.

  Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:

  - зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

  - жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;

  - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу

  мекемесіне жеткізу;

  - шыққан өртті сөндіру;

  - өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі

  аварияларды жою.

 https://stud.kz/umkd/id/24230

Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

Ұзақтығы

1

Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекет

https://www.youtube.com/watch?v=b1RGWxYyIkQ

https://www.youtube.com/watch?v=YHdp_gU5yv0

1:45

2:48

2

Су тасқыны кезіндегі халықтың жасайтын іс-қимылдары

https://www.youtube.com/watch?v=ajH0wu26TDg

2:04

4

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

Ресми интернет-ресурс

5:00



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу