Мәміле түсінігі және оның түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарыБекітемін: ___________ ӘБ жетекшісі

Сабақ: Құқық негіздері

Мектеп: Орал қаласы, ФМБ НЗМ

Бөлім

Сабақ тақырыбы:

Жеке құқық. Азаматтық құқықтың жүйелері мен негізгі институттары.

«Меншік құқығы және оның қорғалуы»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Кдиршаев О.А.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Меншік ұғымын түсіну

Сабақ мақсаты

  • Мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру;
  • Құқықтық жағдаятты талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру

Бағалау критерилері

  • Меншік түрлерін айыра алады және меншікке қатысты негізгі құқықтық-нормативтік актімен жұмыс жасай алады, өз талдауынан қорытынды шығара алады.
  • Меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын анықтайды.

Тілдік мақсат

Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы:

Меншік, меншік құқығы, жеке меншік, мемлекеттік меншік реквизициялау

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары:

Меншік құқығы дегеніміз (...)

Мынадай меншік түрлері бар: (...)

Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктен ерекшеленеді, себебі (...)

Меншік иесі бола аламын, себебі (...)

Құндылықтар

Рухани жаңғыру, «Мәңгілік ел» бағдарламасы. Өзара сыйластық пен басқаның құқығын сыйлауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Экономика.

Алдыңғы меңгерілген білім

Меншік ұғымы туралы жалпылама түсніктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

БЫМ. Келесі сұрақтар негізінде сыныппен талқылау ұйымдастырылады:

  • «Менің меншігім» деген сөзді қалай түсінуге болады?
  • Сендер меншіктің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Сендер қандай жағдайда адамды меншік иесі деп атай аласыңдар?
  • Оның құқықтары қандай?

Жаңа тақырыптың мақсаты және сабақ жоспарымен таныстыру. Меншік құқығының негізгі өкілеттілігі туралы түсініктерді мысал келтіре отырып

(Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. 

Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде. )

оқушылардың ойымен бірге бөлісе отырып, ашу.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

Сабақтың ортасы

Оқушыларды топтарға бөліп, әрбір топқа меншік нысандары көрсетілген суреттер беріңіз.

Мысалы: Жеке меншік (үй, саяжай, машина т.б. ), мемлекеттік меншік көрсетілген (су, өсімдік, жануарлар, табиғи қорлар. т.б.) суреттер. Осындай суреттер арқылы меншік түрлеріне сипатама беріңіз.

Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй секілді ірі жеке меншік, киім-кешек сияқты ұсақ заттарды қоса алғанда 10 затты таңдатыңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:

Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?

Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету)?

Оқушыларға меншік иеленуді құқықтық құжаттар көмегімен куәләндірудің түрлі жолдары туралы қосымша түсіндіре кетіңіз.

Оқушылар меншікке алған заттарды және оны растайтын құжаттарды тізіп, кестеге жазуларын сұраңыз және бұл тізімге киім - кешек сияқты ұсақ заттан бастап, автокөлік немесе жер учаскесі секілді заттар енгізілуі керек екенін ескертіңіз.

Тапсырманы қорытындылау ретінде оқушылардан кез-келген адамның меншік иелігін растайтын арнайы құжатты қажет ететін заттарды атауын сұраңыз.

Жағдаяттар

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Меншіктің қандай түрі маңызды? Мемлекеттік меншік пе, әлде, жеке меншік пе?

ИНСЕРТ әдісі

Оқушылардың пікірлеріне қарап, олардың сабақ туралы көзқарастары тексеріледі

Үй жұмысы

  • Жеке меншіктің түрлерін анықтау,
  • ҚР Конституциясының 6 бабын қарастыру, жазу,
  • ҚР Азаматтық кодексінің 188 бабын қарастыру, жазу.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

В ходе групповой работы более способные учащиеся поддерживают учащихся из группы риска.

Учащиеся проводят взаимооценивание, при этом роль учителя заключается в направлении учащихся и оказании необходимой конструктивной обратной связи

Данный урок тесно связан со знаниями учащихся по географии;

Главная ценность – уважение, уважение к другим религиям, культурам, толерантность.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?