Мәміле түсінігі және оның түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Сабақ тақырыбы:

Мәміле түсінігі және оның түрлері

Оқу мақсаты:

10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру

Сабақ мақсаты

құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру

Бағалау

критерийлері

  • Міндеттеме, мәміле, борышкер, шарт, азаматтық құқықтық жауапкершілік ұғымдарын ашады.
  • Шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтары мен міндеттерін және мәміле түрлерін анықтайды.

Тілдік міндеттер

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

«Шарт жасау қажет пе, әлде қажет емес пе?» деген сауал төңірегінде ой түйіндейді (жазылым дағдысы)

  • Мұғалім міндеттеме, шарт, тараптар ұғымдарына мысалдар келтіре отырып, жағдаяттарды ұсынады.
  • Міндеттемелердің орындалуына қатысты шарт жасасу түрлерін зерттеп үш топқа бөлінеді (айтылым, жазылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • міндеттеме
  • борышкер
  • шарт
  • азаматтық құқықтық жауапкершілік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Міндеттеме/борышкер/шарт дегеніміз (...)

Шарт жасау қажет, себебі (...)

Ауызша және жазбаша келісім шарт

Екі жақты және көп жақты

Келісім шарт үлгісі (ауызша, нотариус арқылы құқықтық реттеу және т.б.)

Шарт түрлері (сатып алу сату, кепіл хат, және т.б.)

Құндылықтарды

дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

«Мәңгілік ел» идеяның құндылықтары:

- Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары;

- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдыңғы білім

Азаматтық құқықтың объектілері.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ой шақыру. Тақырыпты шешу үшін оқушыларға шарт туралы бейнероликті көрсету.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.
  • Мәтінмен жұмыс.

Дескриптор: оқушылар кестеде берілген ұғымдарға мысалдар келтіреді.

Ұғымдар

Мысалдар

Міндеттеме

Шарт

Борышкер

Мәміле

Азаматтық құқықтық жауапекершілік

  • Жұптық жұмыс. Шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтары мен міндеттерін және мәміле түрлерін анықтайды.
  • Топтық жұмыс. Топтар шарт түрлері бойынша мысалдарды келтіреді.

І-топ - Сату-сатып алу шартына мысалдарды келтіріңіз. Мәміле түрін атаңыз.

ІІ-топ -Айырбас шартына мысалдарды келтіріп мәміле түрін атаңыз.

  • Оқушылар ҚР Азаматтық кодексін пайдалана отырып мәміле түрлеріне мысалдарды келтіре алады.

Мәміле түрлері

Қатысушылары бойынша

Мерзімі бойынша

Формасы бойынша

Оқушылар жұпта мәліметтермен алмасып бір біріні бағалайды.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаты: азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау.

Міндеттеме- құқықтық қатынастар және міндеттер. Міндеттеме заңға және шартқа сәйкес орындалуы тиісті. Егер борышкер пайдалану үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуға міндеттенсе, ол оны беруге міндетті.

Шарт- екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімдерді шарт деп танылады. (АК 378 бап).

Борышкер- міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс. Ол борышкер деп аталады. Мысалы, несие беруші борышкерден міндеттеме мазмұнында көрсетілген әрекеттерді жасауды талап етуге құқылы: ақшаны қайтаруды, белгілі жұмыстарды орындауды, ақша төлеуді және т.б. қамтиды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік- Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершілік деп аталады. Көп жағдайда шарттың бұзылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдануға себеп болады. Оның бұзылуы салдарынан мүліктік залал (зиян) келеді. Залал (зиян) келтірген адам оның орнын толтыруға тиіс. Көп жағдайда мүліктік зиян келтіріледі. Ол мүліктің жоғалуынан немесе зақымдануынан, жәбірленушінің шығынынан, ол ала алмаған кірістерден құралады. Жауапкершілік шарасы ретінде айып төлеуге қолданылуы мүмкін.

1 тапсырма: берілген ұғымдарға мысал келтіріңіздер:

Дескриптор: оқушылар кестеде берілген ұғымдарға мысалдар келтіреді.

Ұғымдар

Мысалдар

Міндеттеме

Шарт

Борышкер

Азаматтық құқықтық жауапекершілік

2-тапсырма Шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтарын мен міндеттерін анықтаңыз.

Дескриптор: шарт түрлеріне қатысты берілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шартымен» танысып, тараптардың құқықтарын мен міндеттерін анықтайды.

Жер учаскесін сатып алу-сату Шарты Өскемен қаласы №____ 2010 жылғы _____

Бiз, төменде қол қоюшылар, жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізінде әрекет жасайтын, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Виктория Александровна Барсукова тұлғасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының өкілетті органы бiрiншi тараптан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын Мусагали Ауезбекович Садыковтың атынан 2010 жылғы 29 қаңтардағы сенімхаттың негізінде әрекет жасайтын Асем Талгатовна Чакпантаева екiншi тараптан 27 төмендегiдей Шарт жасадық:

1. Шарттың мәнi

1.1 Сатушы сатады, ал Сатып алушы Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 3813 қаулысының негізінде жер учаскесін шартқа қоса тіркелген жер учаскесінің жоспары бойынша (1-қосымша) сатып алады.

1.2 Жер телiмiнiң орналасқан жерi және оның деректерi:

Орналасқан жерi: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр атындағы және Новаторлар көшелерінің қиылысында, «РЕЧНИК» ГИТК, № 186 бокс

Кадастрлық нөмiрi: 05-085-073-611

Жалпы ауданы: 0,0024 га

Нысаналы мақсаты: гаражды орналастыру үшін Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: жоқ Бөлінуі немесе бөлінбеуі: бөлінбейді

2. Жер учаскесінің құны

2.1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемжерғылөнорталығының Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Өскемен филиалымен анықталған және «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жер учаскесінің бағалау құны 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңге құрайды.

2.2 Жер учаскесін сатып алу бағасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысымен бекітілген жер үшін базалық төлем ставкалары бойынша, III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-III шешімімен бекітілген түзету коэффициенттерінің ескерілуімен анықталды және 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңгеге тең және Сатып алушымен осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын жер учаскесінің құнын анықтау актісі (2-қосымша) бойынша төленуі тиiс.

3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

3.1 Сатып алушының: жер учаскесінің құнын толық төлеген соң және құқық куәландыру құжатын алған соң Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 25-бабы бойынша жер учаскесінің жеке меншік иесінің құқығын іске асыруға құқығы бар.

3.2 Сатушының: а) пайдаланылатын жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды және пайдаланатын жерді қорғауды бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар; б) Сатып алушы жер учаскесі үшін Шартпен белгіленген мерзімде төлем жасамаған жағдайда Сатушы сатылған жер учаскесінің төлемін төлеуді немесе жер учаскесін қайтаруды талап етуге құқығы бар.

3.3 Сатып алушы мiндет алады: а) жер учаскесінің құнын Сатушыға Шартқа қол қойылған сәттен бастап 30 күн ішінде төлемдерді мына шотқа төлеуге: Бенефициар: Өскемен қаласы бойынша салық комитетi. СТН 181600000011, ИИК 000080900, Бенефициар банкi - Астана қаласындағы Қазынашылық Комитет БИК 195301070, код 303101 б) шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, Шарт жасаған сәтте белгiленген жер телiмiн пайдаланудағы құқықтардың шектелуін және олардың ауыртпалықтарын сақтауға.

3.4 Сатушы мiндет алады: а) Сатып алушыға жер учаскесін шарт жағдайына сәйкес тапсыруға; б) жер учаскесіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтары туралы Сатып алушыны хабарландыруға. 4. Тараптардың жауапкершiлiгi

4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Шарт талаптарының орындалмауына немесе ойдағыдай орындалмауына жауапкершiлiк артады. 28

4.2. Осы Шарттың 3.3 тармағының а) тармақшасында белгіленген мерзімде жер учаскесін сатып алу төлемi бұзылған жағдайда, «Сатып алушы» төлем төленуге тиісті күннен бастап «Сатып алушы» төлемді төлеген күнге дейін әрбiр өтiп кеткен күнге тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен тағайындаған қайта қаржыландыру ставкаларынан есептеледі.

5. Дауларды қарау тәртiбi Келiссөз жолымен шешiлуi мүмкiн емес шарттан туындайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртiбiнде қаралады.

6. Шарттың қолданылуы

6.1. Шарт оған тараптар қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және мемлекеттік тіркеуге жатады.

6.2. Осы шарт және жер учаскесін сатып алу бағасының толық төленгенін растайтын құжаттар Сатып алушыға жер учаскелеріне меншiк құқығының актiсiн ресiмдеп беруге негiз болып табылады.

6.3 Шарт бірдей заңды күші бар үш дана етiп жасалды, оның бiр данасы Сатып алушыға, екiншi данасы Сатушыға беріледі, үшіншісі жер-кадастрлық ісінде сақталады.

Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Сатушы Сатып алушы ШҚО, Өскемен қаласы Астана қаласы, Киров көшесi, 33 Достық көшесі, 12-2

___________________ В. Барсукова _____________ А. Чакпантаева Қабанбай батыр атындағы көше, 82-19 М.А.Садыковтың атынан 2010 жылғы М.О. 29 қаңтардағы сенімха

Қазақ сыныптарға арналған мәтін

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.

Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:

а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;

б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.

Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.

Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.

заматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.

Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.

Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білдіреді."

• Зиянзаңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.

• Залалзардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар).

Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.

Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.

• Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.

Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.

Заңды тұлғажоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?