Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар.Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар

10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау

10.2.4.4 кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

Қылмыс құрамы деп қылмыстық заңда қылмыс деп танылған әрекеттің объективті (сыртқы) және субъективті (ішкі) белгілерінің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы 4 элементтерден құралады, олар – қылмыс объектісі және қылмыстың объективті жағы, қылмыс субъектісі және қылмыстың субъективті жағы. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс субъектісі белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек. Қылмыс объектісі – (любое преступление посягает на какие-то ценности – жизнь, здоровье, честь, достоинство человека и др.) бұл қылмыстық іс – қимыл бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой. (Н-р, при краже велосипеда имущественные отношения владельца являются объектом преступления, а велосипед выступает как предмет преступления). Қылмыстың объективті жағы –қылмыстық әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы қылмыстың сыртқы көрінісі (деяние является необходимым признаком оъективной стороны преступления, проявляется в двух видах: действие и бездействие).

Қылмыстың субъективті жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары

      1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.      2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.      3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.      4. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

      11-бап. Қылмыс санаттары

      1. Қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi.      2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады.      3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады.      4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.      5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.

15-бап. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.      2. Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғаны (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (256-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алғаны (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқырғаны не қорқытып алғаны (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны (298-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлағаны (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (350-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.      3. Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген жасқа толған болса, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаса не оларға ие бола алмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.      4. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiміне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында тең.

      16-бап. Есi дұрыс еместiк

      1. Осы Кодексте көзделген қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.      2. Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.

20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық

      1. Тiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.      2. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тiкелей пиғылмен жасалған деп танылады.      3. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн алдын ала болжап білген болса, осы зардаптардың орын алуын қаламаса да, оларға саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, қылмыстық құқық бұзушылық жанама пиғылмен жасалған деп танылады.

      21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық

      1. Менмендiкпен немесе немқұрайлылықпен жасалған іс-әрекет абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.      2. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiпті зардаптар туғызу мүмкiндігін алдын ала болжап білген болса, бiрақ бұған жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектікпен бұл зардаптарды болдырмауға болады деп есептеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық менмендiкпен жасалған деп танылады.      3. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi зардаптар туғызу мүмкiндігін алдын ала болжап білмеген болса, дегенмен тиістi ұқыптылық пен сақтық танытқанда, осы зардаптарды алдын ала болжап білуге тиiс және біле алатын болғанда, қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайлылықпен жасалған деп танылады.

«КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ»

ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» жөніндегі бөлімінің 78 бабының 1 бөлігінде «Кəмелетке толмағандар деп – қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылатындығы» белгіленген. Сот кəмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы істерді қарау барысында кəмелетке толмаған адамның жас шамасын дəл анықтауға шаралар қабылдауға міндетті. Адам белгілі бір жасқа дəл туған күні емес, келесі тəуліктен бастап толған болып есептеледі. Жас мөлшерін соттық медициналық сараптама бойынша анықтағанда, сотталушының туған күні болып сарапшы атаған жылдың соңғы күні есептелуі қажет, ал жас шамасын ең төменгі жəне ең жоғарғы жылдар арқылы белгілегенде, ондай адамның сараптама ұсынған ең төменгі жасына табан тіреу керек [15, 91-92б.].

Тапсырма. Берілген баптарды қолдана отырып, төмендегі кестеңі толтырыңыз.

Дескриптор: Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығы мен ұқсастығын жаза алады.

Қылмыстың

белгілері

Ұқсастықтары

Қылмыстық теріс қылықтың белгілері

Тапсырма. Жағдаятты талдау.

Дескриптор: Қылмыстың объектісі, субъектісі, объективті жағы субъективті жағын анықтай алады.

Цирк қызметкері Досеков достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап Тұяқовқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Тұяқовты «Күнде істеп жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір пышақ Тұяқовтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.

  • Досековтың іс әрекеті қылмыс болып табыла ма?
  • Досековтың іс әрекеті қылмыс болып табылса, қылмыстық па? әлде қылмыстық теріс қылықпа?
  • Қылмыс екенін қалай дәлелдей аласыз?
  • Досековты кінәлі деп есептей аласыз ба?
  • Досековке жаза қолданыла ма?

Тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Дескриптор: Қылмыстық жауапкершілік жататын іс-әрекеттер мен жауапқа тартылатын тұлғаларды анықтай алады.

  • Кәмелетке толмаған адамдар деп кімдерді айтамыз?...................................................................................

................................................................................................................................................................................. .................................................................................................................................................................................

.................................................................................................................................................................................

  • Қылмыстық жауапкершілікке неше жастан бастап тартылады?................................................................

................................................................................................................................................................................3) Қандай іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке жатады?................................................................... ................................................................................................................................................................................. ................................................................................................................................................................................. ................................................................................................................................................................................. ................................................................................................................................................................................. .................................................................................................................................................................................4) Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар? ..................................................................................

................................................................................................................................................................................. ................................................................................................................................................................................. ................................................................................................................................................................................. .................................................................................................................................................................................

Тапсырма. Жағдаятты талдау.

Дескриптор: кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтай алады.

Кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Омар шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Омардың іс-әрекеті дұрыс болдыма?
  • Бұл жаза қаншалықты орынды болды?
  • Омардың ата-анасын жауапқа тарту дұрыспа?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?