Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
Ерекше бөлiк 1-тарау. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР | ||
99-бап. Адам өлтiру | ||
100-бап. Жаңа туған баланы анасының өлтiруi | ||
101-бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру | ||
102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру | ||
103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттiшаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру | ||
104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату | ||
105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу | ||
106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру |
1-топ
130-бап. Жала жабу
1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату –
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
100-бап. Жаңа туған баланы анасының өлтiруi
Анасының өзiнiң жаңа туған баласын босану кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын күйзелтетін ахуал болған жағдайларда немесе есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуы жағдайында өлтiруi –
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қайшы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2 топ
101-бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру
1. Жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған адам өлтiру –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайлар кезiнде жасалған, екi немесе одан да көп адамды өлтiру –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру
Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру –
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
115-бап. Қорқыту
Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС)жұқтыру
1. Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Өзiнде АИТВ/ЖИТС бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет –
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген және жұқтыру қаупін туындатқан әрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
3 топ
103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттiшаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру –
үш жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату
1. Абайсызда қазаға ұшырату –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату –
бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
117-бап. Соз ауруын жұқтыру
1. Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты екі және одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыру –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4-топ
115-бап. Қорқыту
Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады
110-бап. Қинау
1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, –
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;
2) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;
4) азаптауды қолдану арқылы;
5) жалдау бойынша;
6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
1. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5-топ
114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру –
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру –
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына қарай немесе өзге де дәрменсiз күйi салдарынан өзiн-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, егер кiнәлi адамның сол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған немесе сол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйге өзі түсірген жағдайларда, –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көмексiз қалдырылған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан іс-әрекет –
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
131-бап. Қорлау
1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?