Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


(қосымша 1)

1.Төменде берілген жағдаяттармен танысып, жасалған әрекеттің қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық екендігін анықтап, қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша орналастырыңыз

1.Азамат М. Ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Ішкі істер басқармасында 3 миллион тұрғынның жеке мәліметтерін өз серверлерінде сақтайды. Бір күні азамат М. қателік жасауының нәтижесінде 3 миллион тұтынушының жеке өміріне қатысты ақпарат көпшілікке таралып кетеді.

Әрекет түрі____________________________________________________

2.Цирк қызметкері Аманов достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап Нұржановқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Нұржановқа «Күнде істеп жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір пышақ Нұржановтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.

Әрекет түрі____________________________________________________

3.Түнгі уақытта азамат Н. банкке басып кіріп, күзетшіні суық қару қолдану арқылы қорқытып, кассадағы ақшаны тонайды.

Әрекет түрі____________________________________________________

4.Көлік жүргізіп келе жатқан азамат Г. жол жүру жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан асырып қарсы жолға шыға берісте қарсы келе жатқан көлікпен үлкен жылдамдықта соқтығысады. Нәтижесінде көлік жүргізуші қайтыс болады. Қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақатын алды.

Әрекет түрі____________________________________________________

Жоғарыда берілген қылмыс/қылмыстық теріс қылыққа байланысты берілген жағдаяттарды қоғамға қауіптілігі деңгейі бойынша орналастыр

1.___________________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________________

4.___________________________________________________________________________

(қосымша 2)

Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз

Жағдаят 1. Кәмелет жасқа толмаған тұрғындар Қанат пен Самат 2015 жылдың 25 тамызында сағат 18.00-шамасында Сейфуллин көшесінде орналасқан «Зерде» кеңсе тауарларын сатумен айналысатын сауда кешенінде сатушыға шабуыл жасап, өмірі мен денсаулығына қәуіпті емес күш қолданып, оның ақшалай қаражатын және сатылымға қойылған кеңсе тауарларының едәуір бөлігін иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 25000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Жағдаят 2. 9 сынып оқушысы Нұралы (15 жаста) өзінің сыныптасы Әзімханға өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан

Бағалау критерийлері:

Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес анықтайды

А) 191 бап. Тонау

В) 192 бап. Қарақшылық.

С) 193 бап. Қорқытып алу.

Жағдаятқа сәйкес кәмелетке толмаған азаматтарды Қылмыстық кодекске сәйкес қандай жаза күтіп тұр?-деген сұраққа оқушылар өз пікірін білдіреді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?