Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері . Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері | Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 сыныптар | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері | ||||||
Кәсіби даму | Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.3 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету | ||||||
Сабақ мақсаттары | ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсетеді | ||||||
Бағалау критерийлері | Әкімшілік құқық нормалардың маңызына баға береді | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Топтар қылмыстың жекелеген түрлеріне қатысты қылмыстық істерді кейс арқылы талқылап ҚР Қылмыстық кодекстің баптарына сүйене отырып, жаза түрін анықтайды Пәнге қатысты лексика мен терминология жаза, жауаптылық, Қылмыстық жаза түрлері, айыппұл, қорғаушы сот, айыпталушы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Оны түзеу жұмыстарына тарту керек, себебі (…) Оған өлім жазасы тағайындалмайды, себебі (...) | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ашықтық, жауапкершілік - өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну - патриотизм - өз елі үшін мақтаныш - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет... | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын құру Өткен тақырыпқа шолу жасау Т Топтарға қылмыстың жекелеген түрлеріне қатысты қылмыстық істерді кейс арқылы таратып, талдауды сұраймын. ҚР Қылмыстық кодекстің баптарына сүйене отырып, жаза түрін анықтайды. Сондай-ақ, оқушылар қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескеруі тиіс. М аудандық сотында қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша: аз. Ш. М ауданының М ауылында 2013 жылдың 10 желтоқсанында шамамен 20:45 сағатта алкогольды мас күйінде жәбiрленушiге Б.-ге күш қолдану арқылы Өтебалинов көшесі 125 үйдің жанында жәбірленуші аз. Б.-нің бетінен бірнеше рет жұдырықпен ұрып, соның салдарынан жеңіл түрдегі жарақат келтіріп, «Cаnon» маркалы бағасы 70 000 тенге тұратын фотоаппаратын, «Iphone 6» маркалы бағасы 189 000 тенге ұялы телефон және бағасы 300 тенге тұратын симкартасымен, барлығы 259300 тенге құрайтын бөтен мүлiктi ашық ұрлаған. Сотта сотталушы өз кінәсын толық мойындады. Сот үкімімен сотталушы Ш.-ға мүлкін тәркілей алады ма? Қолданылатын жаза түрі ҚР ҚК қай бабына сәйкес жүргізіледі? Тараптарыдың татуласуы арқылы қылмыстық істі тоқтатуға болады ма? Б «Сот процесі» рөлдік ойынын ұйымдастырамын. «Сот процесінің» қатысушыларын белгілеймін (сот, прокурор, қорғаушы, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер, тергеуші және т.б). Сот процесіне тікелей қатыспайтын оқушылар сыртқы сарапшылар ретінде қорытынды жасайды. Ж Жазбаша тапсырма. «Сот процесіндегі» шығарылған үкім әділетті ме және оның қоғамдық мәні неде? Кері байланыс: «1 минуттық эссе» Үйге тапсырма: «Сот әділдігі ел дамуының тұғыры» атты тақырыпта 150 сөзден кем емес эссе жазу | Сот процесі https://www.youtube.com/watch?v=xbtUCUxeo8c Сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері http://zhmb.sud.kz/kaz/sub/baizak/sot-otyrysyna-katysushylardyn-kukyktary-men-mindetteri | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?