Ер елі үшін туады. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

  • «Суретті сөйлет» стратегиясы

Б. Тюлькиев пен З.Қожамқұловтың «Ұлы көш» суреті

  • «Кубизм» стратегиясына арналған кубиктің сұлбасы
  • Қойылым. Рөлдік ойын (топта)

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл)— Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы,  стратег  және  тактик. Батыс майданындағы 16 армияның , 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов  басқарған әйгілі дивизиясының құрамында қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. 1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды. 

Асанова Ләззат Оразханқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. 

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692–1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Оның алғашқы қатысқан ауқымды соғыстарының бірі — 1718 жылғы Аягөз шайқасы. Осы ұрыста Найман қолын басқарған Қабанбай асқан ерлігімен көзге түскен. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «дарабоз» атанған. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/3457-kabanbay_batyr.html© www.ZHARAR.com

Қойылымдарға шағын сценарий мысалы.

Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:

«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым».

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар. Күнәдан таза басм бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.)

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/zhospar/scenarii/816-scenarii_16.html© www.ZHARAR.com

«ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ» КӨРІНІС

сілтеме: видео http://tarmpi-innovation.kz/index.php?view=video&t=qazaq-batirlari-korinis



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу