Музыка және поэзия. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және поэзия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Мұқағалидың «Оңай сөз ғой, Отанды сүйем деген» өлеңін тыңдайды және талдайды;
  • Мұқағалидың өмірі мен шағармашылығымен танысады;
  • «Балалық шақ» тақырыбына өлең жазады;
  • Шығармаларын А.Енсепов «Балалық шақ» күйінің сүйемелдеуімен мәнерлеп оқиды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады;
  • ақпарат іздеп,шығармашылық жұмыспен айналысады;
  • музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығарып және импровизация жасап, музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде және олардың өзара байланыстылығын туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • поэзия, композитор, әуен

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өлең не жайлы?
  • Өлеңнің музыкамен үйлесімі қандай?
  • Өлеңнің авторы жайлы білеміз бе?
  • Поэзия дегеніміз не?
  • Поэзия оқу үшін қандай музыкалармен сүйемелдеуге болады?

Құндылықтарды дарыту

Тайм менеджментті сақтай білу, уақытты өзінің теңіне орналастыру

Пәнаралық байланыстар

Дүние тану, жаратылыстану.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1 тапсырма.

Мұқағалидың «Оңай сөз ғой, Отанды сүйем деген» - өлеңінің бейне жазбасын қараңыз.. Оқушыларға тыңдау барысында музыкаға да назар аударударын сұраңыз.

Сұрақтарды талқылау:

  • Өлең не жайлы?
  • Өлеңнің музыкамен үйлесімі қандай?
  • Өлеңнің авторы жайлы білеміз бе?
  • Поэзия дегеніміз не?
  • Поэзия оқу үшін қандай музыкалармен сүйемелдеуге болады?

Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді.

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген:

https://marataga.wordpress.com/2011/08/03/hello-world/

Сабақтың ортасы

30 минут

  • тапсырма.Ақпарат іздеу.

Интернет желісін және оқулықтар, ақпараттық парақтар, музыкалық энциклопедия қолдана отырып, берілген тақырыптарға арқарат іздеңіз.

1-топ. Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығы

2-топ. Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндер .

  • тапсырма.Өлең шығару.

«Балалық шақ» тақырыбына екі шумақ өлең шығарыңыз.

4- тапсырма. Орындау.

А.Енсепов «Балалық шақ» күйінің сүйемелдеуімен «Балалық шақ» өлеңіңізді мәнерлеп оқыңыз.

Бағалау критерийі;

  • өлеңнің мазмұны;
  • өлеңнің ұйқасы;
  • өлеңнің әуенмен үйлесуі;
  • мәнерлеп орындау шеберлігі.

Мұқағали жайлы ақпарат

http://adebiportal.kz/kz/news/view/2690

https://qazaquni.kz/2012/02/15/10732.html

Балалық шақ өлеңі-

http://www.balalaralemi.kz/article/939/Balalyq-shaq#

Сабақтың соңы

5мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушыларға 4 шумақ өлең жазу ұсынылады және аспапты меңгерген оқушыларға өлеңге сүйемелдеу жасау тапсырылады.

Шығарманы талдау кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Өлеңді мәнерлеп оқығанда бағалау критерийлері бойынша

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу