Бәріне ортақ музыка. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 5 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 5

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бәріне ортақ музыка

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді

3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Л. Хамиди «Қазақ вальсы» әнін тыңдайды және құрылымын анықтайды;
  • С.Тұяқованың «Мектеп вальсі» әнін үйренеді;
  • әнді музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды;
  • вальс ұғымымен танысып, вальс билеп үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық форманың құрылымын анықтайды;
  • музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді;
  • музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Әннің құрылымы, вальс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Екпіні қандай?
  • Ән неше шумақтан тұрады?
  • Басқа әндерден ерекшелігі неде?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық өнерімізге деген құрмет

Пәнаралық байланыстар

-

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  • тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

Л. Хамиди «Қазақ вальсы» әнін Күміс Базарбаеваның орындауында тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Екпіні қандай?
  • Ән неше шумақтан тұрады?
  • Басқа әндерден ерекшелігі неде?

Әннің құрылымын анықтаңыз.

Геомертирялық фигуралар арқылы әннің құрылымын көрсетіңіз.

-кіріспе -шумақ

-қайырма

Вальс –жұптасып билейтін би өнері.

Л.Хамиди «Қазақ вальсы»-

https://www.youtube.com/watch?v=mt0j9B2VOf0

Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкалар

Сабақтың ортасы

30 минут

2- тапсырма .

Ән үйрену және орындау.

Е.Сейдахметовтың сөзіне жазылған С.Тұяқова,

«Мектеп вальсы» әнін үйреніңіз.

3-тапсырма. Орындау.

Әнді шулы және ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен орындаңыз.

Бағалау критерийі:

  • Ансамбльді сақтайды;
  • Ырғақты дұрыс сақтайды;
  • Әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдейді;

4- тапсырма . Импровизация.

«Мектеп вальсы» әніне вальс билеп үйреніңіз және билеп көрсетіңіз.

Сөзі: Е.Сейдахметов

Әні:С.Тұяқов

«Мектеп вальсі»

шулы және ұрмалы аспаптар

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жақсы шықпады?
  • Нені жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға әнді аспаппен сүйемелдеу тапсырылады.

Тыңдаған әннің құрылымын анықтау кезінде ауызша бағалау

Ән орындау кезінде критерий бойынша бағалау

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу