Музыка және поэзия. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім: «Өнер»

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және поэзия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • поэзия мен музыканың байланысын зерттейді;
  • поэзиялық шығармаларды музыкалық сүйемелдеу арқылы орындайды;
  • өз шығармашылық жұмыстарын бағалайды.

 Бағалау

 критерийлері

  • тыңдалған музыкалық шығармалардың жанрын анықтайды
  • импровизаия жасау үшін динкамиканы жіне музыкалық аспаптарды дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;

Пәндік лексика мен терминология:

  •  музыка;
  •  поэзия;
  •  композитор;
  •  ақын
  •  орындаушы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- музыка мен поэзияның байланыстыратын әндер мен шығармалар жайында не білесіз?

-тыңдалған музыкалық шығармалардың қандай айырмашылықтары бар?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға шығармашлық тапсырма кезінде балалардың шығарған өлеңдері ұсынылады. Өзге балалардың поэзияға деген қызығушылығы оқушылардың құрмет жіне еңбек құндылықтарын дарытуына септігін тигізеді.

Топтық жұмыс барысында еңбек жіне шығармашылық, ынтымақтастық құндылықтары дамиды.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланыс – сабақтың юасына оқушыларға Абайдың өлеңі оқытылады.

 АКТ дағдылары

АКТ дағдылары сабақта ресурстарды көрсету мақсатында қолданылады.

Бастапқы білім

4 бөлімде оқушылар әннің формасымен таныс болды (шумақтық, шумақты-қайырмасы бар формалар). Музыканы әр-түрлі екпінде, регистрде және динамикада орындай алады. Staccato, Legato музыкалық ұғымымен танысып, практикалық жұмыста қолданды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

5 минут

3 мин

8 мин

2 мин

1 мин

2 мин

6 мин

5 мин

3 мин

Музыкалық сәлемдесу

  • Ба-ла-лар, сә-ле-мет-сің-дер!

(соль, соль, ми, соль,соль, ми, ми, соль)

  • Мұғалім, сәлеметсіз бе!

(соль, соль, ми, соль,соль, ми, ми, соль)

  • Здравствуйте, дети!

(соль, соль, соль, до, до )

  • Здравствуйте, дети!

(соль, соль, соль, соль, до, до )

  • Hello, children!

(ми, соль, ми, до)

  • Hello, teacher!

(ми, соль, ми, до)

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Өзін-өзі реттеуі және жинақталуы үшін білімді кинесиология жаттығуын орындау.

«Ырғақты гимнастика» («Ритмирование») жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындау үшін мұғалім нұсқау айтумен қатар жасалатын қимылдарды оқушыларға өзі көрсетіп тұруы қажет.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрайық;
  • Аяғымызды иық колемінде қояйық;
  • Ал енді сол қолымызды ішімізге қояйық;
  • Сол қолымызды мойынның астындағы бұғана сүйегінің астынан ұстап бір бағытта массаж жасамыз
  • Балалар, терең дем алып тұруды ұмытпаймыз.

Сабақ мақсаты мен тақырыбын өлең оқу арқылы ашу.

Мұғалім сөзі:

  • Жақсы балалар, ал енді сабағымызды бастайық.

Қазір, мен сіздерге өлең оқимын. Өлеңді мұқият тыңдаңыздар. Тыңдау барысында өлең қандай дикциямен оқылды, не туралы екенін назар аударып отырыңыздар.

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі оқылады

Талдау үшін сұрақтар:

  • Бұл өлеңде не туралы айтылған?
  • Менің дауысым қандай динамикамен шықты?
  • Бұл өлең өнерге жата ма?
  • Өнердің қай түріне жатады?

Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушыларға айтады

Сабақ тақырыбы: Музыка мен поэзия.

Бүгінгі сабақта біз

  • поэзия мен музыканың байланысын зерттейміз
  • поэзиялық шығармаларды музыкалық сүйемелдеу арқылы орындаймыз;
  • өз жұмысымызды бағалаймыз.

Жаңа тақырыпты ашу

  • Балалар, сабақты мен кімнің өлеңімен бастадым?
  • Қандай адамды композитор дейді?
  • Ал кімді ақын дейді?

Келесі тапсырмаға көшу үшін сіздерге 2 үлкен топтарға бірігу керек.

Миға шабуыл

Сыныпты 2 топқа бөлу.

1 топ – музыка дегеніміз не? Адамға қалай әсер етеді?

2 топ – поэзия дегеніміз не? Адамға қалай әсер етеді?

  • Балалар топпен бірге 1 минут ішінде ақылдасып өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

  • Балалар, қазір біз сіздермен екі түрлі музыка тыңдаймыз. Сіздерге тыңдау барысында бұл музыка поэзия оқыған кезде қосуға келе ме, әлде жоқ па, сол туралы ойлану қажет.

Және ойналған музыка қай жанрға жататынына назар аударыңыздар.

1. «Көңіл толқыны» Секен Тұрысбеков

2. «Мелодия Рая» Фридерик Шопен

Музыканы талдауға арналған сұрақтар:

  • Бұл екі музыкалық шығарма қандай көркем образды жеткізеді?
  • Екіпіні мен динамикасы қандай?
  • Бірінші тыңдалған музыка қандай жанрда орындалды неліктен?
  • Ал екінші музыкалық шығарма? Қайндай музыкалық аспапты естідіңіздер.
  • Осындай баяу әдемі әуендерді өлең оқыған кезде сүйемелдеу үшін қолдануға бола ма?

Қазір сіздер оны өздеріңіз топта зерттеп көресіздер.

Біз түстер бойынша 3 топқа бірігуіміз қажет.

1 топ-қызыл

2 топ-жасыл

3 топ-көк

Дифференциация тапсырма түрі бойынша жүргізіледі.

Түсті карточкалардың артқы жағында сандар жазылған.

Оқушылар топқа бірігу үшін сандарға емес түстерге негізделеді. Сандар оқушыларға топта нақты қандай тапсырманы орындау керектігін білдіреді.

1 топ - «Табиғатпен сырласу» өлеңі Қарсыбай Рамазан

Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым,Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам.Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсеңСұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.Сылдырлаған өзенім мен шайдай ашық көк аспан,Таудың биік шынарлары аспанменен таласқан.Жан – жануар мекені мен өсімдіктер әлеміЕкі аққу көл бетінде бір–біріне жарасқан.

2 топ «Дана Абай атам» өлеңі Кемел ДілназШыңғыстау мекенінде,Абай атам туыпты.Тіл шешендік өлеңдерін,Халқымыз тұңғыш көріпті.

Құнанбайдан тараған,Абай атам ақылшы.Шыңғыстаудың мекенінде,Толған ақын жырлары.

Даңқы биік, асыл мұра,Кезберген жүрек Абайдың.Сұлу, ақын жанары,Дана Абайдың жырлары.

Жырлады ақын халық жайын,Қиналды жүрек, мұңайды.Халық жайын ойлаумен,Абай атам толғанды.

3 топ - «Мен елімді сүйемін» өлеңі Серікжан Тілек

Еңселі елім, көркейе бер ұлы елім,Сен деп соғар әрқашанда жүрегім.О, туған ел оттай ыстық сезіммен,Әлпештеген мені анамдай сүйемін.

2 тапсырма. Музыкалық импровизация

Топтарыңызда өзара рөлдерді бөлісіңіздер.

Кімнің карточкасын 1 саны бар ол оқушылар өлең оқиды;

2 саны көрсетілген оқушылар металлофон аспабында ойнайды;

3 саны көрсетілген оқушылар ұрмалы аспаптарда ойнайды;

4 саны көрсетілген оқушылар шулы аспаптарда ойнайды.

Тапсырма

  • Поэзияны оқуға келетін музыканы аспаптармен импровизация жасау арқылы шығарыңыз.
  • Аспапшы рөліндегі оқушылар өз дыбыстарыңызды бірнеше рет орындап дайындалыңыздар.

Қандай динамиканың сәйкес келетіні жөнінде ойланыңыздар.

Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі

Презентация және бағалау

Топтар шығармашылық жұмыстарын «Сахна» әдісі арқылы сыныпқа таныстырады.

1 топ әртіс, қалған екі топ көрермен болып, бір-бірінің жұмысын шапалақтау арқылы бағалайды.

Өзін-өзі бағалау

Қалыптастырушы бағалау әр топ шығармашылық жұмысын таныстырып болған соң мұғалімнің қойған сұрақтарына ауызша жауап беру түрінде өткізіледі.

  • Шығармашылық жұмыс көңілдеріңнен шықты ма?
  • Дайындық кезінде қандай қиындықтар туды?
  • Егер қосымша уақыт болса бұл жұмысты қалай өзгертер едіңіздер?

Сабақты қорытындылау

Музыка мен поэзияны қалай байланыстыруға болады?

Бүгінгі сабақтың мақсаттарына оралайықшы.

Оқушылар «Иә, жоқ» әдісі арқылы сабақты бекітеді.

Мұғалім оқушыларға поэзия мен музыкаға, сабақта болған әрекетке байланысты сөйлемдер оқиды. Оқушылар сөйлем дұрыс па, әлде қате ма екенін анықтап кабырғада ілініп тұрған «иә» және «жоқ» сөздерінің қасына барып тұра қалуы керек.

Поэзия мен музыканы байланыстыруға болады. (Иә)

«Көңіл Толқыны» Ф. Шопеннің музыкасы. (Жоқ)

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңі бар. (Иә)

Бүгінгі сабақта біз өлең оқыдық және тыңдадық. (Иә)

Бүгінгі оқыған өлеңдер таным ақындардың өлеңдері болып табылады. (Жоқ)

Синтезатор немесе фортепиано аспабы

Презентация

Аудио материалдар

Тоқа бөлуге арнлаған сандар жазылған түсті карточкалар

http://bilim-all.kz/article/6252-Tabigatpen-syrlasu

http://bilim-all.kz/article/6414-Dana-Abai-atam

Презентация

Таймер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

  • бүгінгі сабақ мен үшін
  • жағымды болды;
  • қиын болды;
  • жаңалықтарға толы болды;

 Оқушылар жоғарыдағы сөз тіркестерінің қайсысымен келіссе, сол санды саусақтарымен көрсетеді.

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырма түрі бойынша жүргізіледі.

Түсті карточкалардың артқы жағында сандар жазылған.

Оқушылар топқа бірігу үшін сандарға емес түстерге негізделеді. Сандар оқушыларға топта нақты қандай тапсырманы орындау керектігін білдіреді.

Оқушы өз тапсырмасына көңіл бөледі және топтық жұмыстың тиімді болуына ат салысады.

Бақылау

Өзін-өзі бағалау

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу