Музыка және мүсін өнері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

Музыкалық сәлемдесу - сабақты алдыңға сабақтарда сияқты музыкалық сәлемдесуден бастау үшін мұғалім кез келген аспаптың сүйемелдеуі арқылы сәлемдесуді өзі бастап орындауына болады.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздерінің түсінуі үшін «Мүсін бол» ойыны

Өткізіледі. Бұл ойынды өткізу үшін мұғалім алдыг-ала музыкалық аспаптардың мүсіндерінің суреттерінен карточкаларды дайындауы қажет.

Мұғалім оқушыларға ойынның ережесін түсіндіріп, өзі де бірге ойынға қатуына болады. Бұл сыныпта коллаборативті ортаны қалыптастыруға көмектеседі.

Ойынға негізделе отырып мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айтады.

Оқушыларға мүсін, мүсін өнері жайлы теориялық түсініктеме беру қажет, бұл теорялық түсініктемені таратпа ретінде беріп, дәптерлеріне жабысытырып қоюларын сұрауға болады.

Оқушылар сабақта өздері мүсінші болып зерттеу арқылы, берліген суреттерге негізделу арқылы аспаптарды жасайтыны жөнінде талқылау барысында түсінеді.

Шығармашылық тапсырманы бірден бастамас мұғалім, жетелеуші сұрақтар қояды:

Оқушылармен талқылау:

  • Балалар, ал біз өзіміз мүсінші бола аламыз ба?
  • Біз мүсіндерді неден жасай аламыз?

 Мүсін жасау үшін не қажет?

 Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар алдыңғы сыныптарда, көркем еңбек сабағында пластилинді қолдану арқылы әр түрлі мүсіндер жасайтынын естеріне түсіреді.

 

1-шығармашылық тапсырма. Мүсін жасау

 Мүсін жасау шығармашылық тапсырманы музыка мұғалімі көркем еңбек пәні мұғалімдерінің көмегімен өткізуіне болады. Бұл әдіс екі мұғалімнің тәжірибе алмасуына, сабақты өзгеше қылып өткізуіне әкеледі. Оқушылар пәнаралық байланыс арқылы бірнеше дағдыларды меңгереді.

 Бұл шығармашылық тапсырманы жұптық жұмыс түрінде өткізу ұсынылады.

 

Дифференциация бұл тапысрмада пластилинмен жақсы жұмыс жасай алатын оқушыларды алдын-ала көркем еңбек мұғалімінен анықтап алып, күрделі аспаптарды жасауды ұсыну арқылы жүзеге асады.

Шығармашылық жұмысқа кіріспес бұрын оқушыларға нақты нұсқаулық пен қандай дескриптор бойынша бағаланатыны жөнінде ескерту қажет.

Қалыптастырушы бағалау.

Бұл тапсырманың дескрипторлары:

  • бір аспапты екі адам бірігіп жасайды;
  • жасаған аспабын өзге оқушыларға таныстырады;
  • мұғалім айтқан уақыт шегін дұрыс сақтайды;
  • аспап тұруы қажет және барлық сынып бір көлемде орындайды.

Презентацияны екі жұпты бір топқа біріктіру әдісі арқылы өткізуге болады. Бұл әдіс оқушылардың бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалауына және барлық оқушылардың бір мезетте оқу үдерісіне қатысуына әкеледі.

Оқушылар жасаған мүсіндерін таныстыру кезінде неліктене сол аспапты жасағаны жөнінде жіне қалай жасағанын түсіндіреді.

Әр топтан бір оқушы жасалған екі аспап туралы сыныпқа айтып береді. Спикерді топтағы оқушылардың өзіне немесе мүғалімнің таңдауына болады.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Жасалған мүсіндерді импровизация арқылы дыбыстауды ұйымдастыру үшін мұғалім әр топқа сол аспаптарды дыбысын қандай музыкалық-шулы және ұрмалы аспаптардың көмегімен дыбыстауға болатыны жөнінде топта талқылап, қажет аспаптарды ортақ шешімге келу арқылы анықтауын сұрайды.

Топпен бірге дыбыстауға дайындық үшін оқушыларға 2 минут уақыт беріледі. Уақытты таймер арқылы такқатада көрсету оқушылардың тайм-менеджмент дағдыларын дамытады.

Бұл шығармашылық тапсырмада дифференциацияны мұғалім дыбыстау уақытында қиындық туған топтарға көмек көрсету арқылы жүзеге асырады.

Орындау барысында мұғалім оқушыларға өзге топ орындаған кезде тыныштықты сақтау ажет екенін ескертеді. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің әр топ орындаған кейін сұрақтар қойып өз пікірін білдіріп отыруы арқылы жэүзеге асады.

 

Сабақ қорытындысы.

  • Балалар, бүгін біз сабақ мақсатына жеттік пе?
  • Сабақ барысында мүсін мен музыканы қалай байланыстырдық?

 Сабақ оқушылардың жасаған аспаптарын бір көрінетін жерге көрме орналастырумен айяқталады. Рефлексия әр оқушы өзінің сабаққа қалай қатысқанын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалауымен жүзеге асады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу