Музыка және мүсін өнері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және мүсін өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

3.2.1.2 -қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • мүсін мен музыканың байланысын түсінеді;
  • музыкалық аспаптар мүсінін жасайды;
  • істеген музыкалық аспап атауларына ырғақтық сүйемелдеу ойлап тауып орындайды;
  • шығармашылық жұмыстарын таныстырып, бағалайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • жұппен бірігіп шығармашылық жұмыс жасайды;
  • өз шығармашылық жұмысына музыкалық сүйемелдеу ойлап табады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • мүсін, ескеркіш,монумент, мүсінші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мүсін өнері дегеніміз не?
  • Мүсін жасайтын адамды қалай атайды?
  • Ескерткіштер неше түрге бөлінеді?

Құндылықтарды дарыту

Өз еліне, Отанына, туған қаласына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек пәнімен байланыс – оқушылар музыкалық аспаптардың мүсінін жасайды.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Музыка мен поэзия, бейнелеу өнерінің байланысын қарастырды. Динамикалық белгілермен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Музыкалық сәлемдесу.

Ойын арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу

«Мүсін бол» ойыны

Мақсатындан оқушыларға

Әр түрлі музыкалық аспаптардың мүсіндері бейнеленген суреттер таратылады.

Оқушыларға өздеріне берілген суреттегі мүсінді қимылы мен мимикасы арқылы көрсетуі қажет. Ал қалған балалар оны тауып анықтауы қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  • мүсін мен музыканың байланысын түсінеміз;
  • музыкалық аспаптар мүсінін жасаймыз;
  • істеген музыкалық аспап атауларына ырғақтық сүйемелдеу ойлап тауып орындаймыз;
  • шығармашылық жұмыстарды таныстырып, бағалаймыз.

Теориялық түсініктеме беру

Мүсіндемемүсінскульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды

Оқушылармен талқылау:

  • Балалар, ал біз өзіміз мүсінші бола аламыз ба?
  • Біз мүсіндерді неден жасай аламыз?
  • Мүсін жасау үшін не қажет?

синтезатор

таратпа материал

презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

6 мин

7 мин

5

мин

1-шығармашылық тапсырма. Мүсін жасау

Балалар, сабақтың басында әрқайсыңа бір мүсін суреттері берілген болатын. Ол жерде байқасаңыздар, музыкалық аспаптар мүсін ретінде жасылған.

  • Қазір сіздер жұптарға бірігіп өздеріңіз таңдап алған бір музыкалық аспаптың мүсінін жасайсыздар. Ол үшін сіздер пластилинді қолданасыздар

Дифференциация

Пластилинмен жақсы жұмыс жасай алатын оқушыларды алдын-ала көркем еңбек мұғалімінен анықтап алып, күрделі аспаптарды жасауды ұсыну.

Қалыптастырушы бағалау.

Бұл тапсырманың дескрипторлары:

  • бір аспапты екі адам бірігіп жасайды;
  • жасаған аспабын өзге оқушыларға таныстырады;
  • мұғалім айтқан уақыт шегін дұрыс сақтайды;
  • аспап тұруы қажет және барлық сынып бір көлемде орындайды.

Презентация

2 жұп бір топқа бірігіңіздер.

Өздеріңіз жасаған мүсіндерді таныстырыңыз.

Неге сол аспапты жасадыңыз, түсіндіріңіз.

Әр топтан бір оқушы жасалған екі аспап туралы сыныпқа айтып береді.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Өздеріңіз жасаған мүсіндерге атау қойыңыздар.

Образына назар аудара отырып музыкалық аспаптарды қолданып дыбыстаңыз.

  • Сіздер жасаған аспапты қандай музыкалық аспаптармен дыбыстауға болады деп ойлайсыңдар?

Топта 30 секунд талқылап, қажет аспаптарды алыңыздар.

Топпен бірге дыбыстауға дайындық үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі.

Дифференциация

Дыбыстау уақытында қиыншылық туған топтарға көмек көрсету

Орындау.

Әр топ дыбыстарын орындап көрсетеді.

Мұғалім оқушыларға өзге топ орындаған кезде тыныштықты сақтау қажет екенін ескертеді.

Қалыптастырушы бағалау.

Мұғалім әр топ орындаған кейін сұрақтар қойып өз пікірн білдіріп отырады.

Оқушы сабаққа пластилин әкелуі қажет

Әр жұпқа дескрипторлар таратылады

Презентацияда таймер қосылады

Таймер

Музыкалық аспаптар

Сабақтың соңы

5мин

Сабақ қорытындысы.

  • Балалар, бүгін біз сіздермен сабақ мақсатына жеттік пе?
  • Сабақ барысында мүсін мен музыканы қалай байланыстырдық?

Ал енді мүсін аспаптарымызды көрмеге орналастырайық.

Рефлексия:

Әр оқушы өзінің сабаққа қалай қатысқанын бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Пластилинмен жақсы жұмыс жасай алатын оқушыларды алдын-ала көркем еңбек мұғалімінен анықтап алып, күрделі аспаптарды жасауды ұсыну.

Дыбыстау уақытында қиыншылық туған кезде оқушыларға көмек көрсету

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау мен бақылау

Мұғалім комментарийлері мен кері байланысы

Пластилинмен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздікті оқушыларға ескертіп отыру.

Жұмыс жасап отырған орынжарын таза ұстауын ескертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу