Ұлы дала халқы. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мерзімі: 2-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлы дала халқы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1. Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру.

3.3.1.2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

3.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Түркілердің өмір салтын анықтайды;
  • Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады;
  • Ескерткіштерді сақтау маңыздылығын түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • Түркілердің өмір салт ерекшеліктерін анықтап, айтып береді;
  • Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды;
  • Ескерткіштерді сақтау маңыздылығына дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-тарихи –мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • тарихи ескерткіштер
  • көне түркі халықтары

- отырықшы және көшпелі өмір сүру салты

Талқылауға арналған сұрақтар:

- өркениет деген не?

- көне түркілер туралы не білесіңдер?

- көшпелі өмір сүру салтының отырықшы өмір салтынан қандай айырмашылығы бар?

- Қазақстандағы ежелгі мәдениеттің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Жазуға берілетін тапсырма:

-көшпелі және отырықшы өмір сүру салттарының айырмашылығы кестеге түсір

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын түсіну, көне түркілер тарихын танып білу арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері (жыл/ғасыр)

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі, ежелгі артефактілер және қалалар, отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы 1 сыныпта «Саяхат» , 2 сыныпта « Салт-дәстүр және әдебиет» тарауларынан оқып танысқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • Тапсырма «Ойлан, зерделе» (ұжымда)

Қазіргі замандағы түркі халықтарының суреттері көрсетіледі.

Мұғалім сұрақ қояды:

-Қалай ойлайсыңдар, бұл халықтарға не ортақ, оларды біріктіріп тұрған не?

(тілі, географиялық орны, айналысатын шаруашылық түрлері)

Бұл халықтар ежелде қалай аталуы мүмкін?

Қазақ халқы түркі тілдес халыққа жата ма?

Сабақтың мақсатына әкелу.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Түркілердің өмір салтын анықтау;
  • Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажырату;
  • Ескерткіштерді сақтау маңыздылығын түсіну.

Түркі халықтары суреті

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-12

13-18

19-24

25-35

  • «Суретті сөйлет» стратегиясы (ұжымда)

Оқушыларға ежелгі түркі халықтарының өмір салты бейнеленген сурет ұсынылады. Оқушылар суретке сүйеніп, сол замандағы өмір салтын баяндап беруі тиіс. Әр оқушы 1 сөйлемнен айтады. Алдыңғы оқушының ойын жалғастыру қажеттігі ескертіледі. Мұғалім тарапынан тапсырма соңында түркі халықтарының тарихына шолу жасалады.

  • «Көшпенділер» ойыны. (ұжымда)

Мұғалім оқушылардың бір бұрышқа жиналуын сұрайды. Бормен шекара сызығын сызады. Осы шекарадан аспай қарапайым гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Қайтадан бастапқы орындарына барып ,сол жаттығуларды жасауға тапсырма береді.

Талқылауға берілетін сұрақтар:

-Неліктен сендерге бұрышта жаттығуларды жасау ыңғайсыз болды?

-Жаттығуларды қай жерде жақсы жасадыңдар ?

-Бұл ойын мен көшпелі және отырықшы өмір салтының қандай байланысы бар?

Оқушылар өз зерттеулеріне сүйеніп, қорытынды жасайды.

  • «Кестені толтыр» тапсырмасы (жеке)

Оқушыларға жеке-жеке кесте сызылған парақ таратылады. Көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін естеріне түсіріп, кестеге толтырып жазады. (Кейбір оқушыларды қолдау мақсатында көшпелі және отырықшы өмір салттары бейнеленген суреттер беруге болады.)

Көшпелі өмір салты

Отырықшы өмір салты

Бағалау критерийлері:

  • Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды.
  • «Түркі қолөнері» (топта)
  • Әлем мәдениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі туралы мұғалім қысқаша мағлұмат береді.
  • Түркі халықтарының негізгі қолөнері туралы слайд көрсетіледі және сұрақ- жауап әдісі арқылы талқыланады.

-Осы заттарды (үзеңгі, ер-тұрман, киіз үй, әшекей бұйым үлгілері) ойлап табу үшін түркілерде қандай білім мен дағдылар болды деп ойлайсыңдар?

  • Әр топ өздеріне түркі қолөнерінің бір бұйымын таңдап алып, ермексаздан жасайды;
  • Жасаған бұйымдары туралы әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру маңыздылығын түсіндіреді.
  • Бұйымдарды «тарихи мұражайға» орналастырады ( сынып шкафы т.б.).

Бағалау критерийлері:

  • Түркілердің өмір салт ерекшеліктерін анықтап, айтып береді;
  • Ескерткіштерді сақтау маңыздылығына дәлел келтіреді.

Сюжетті сурет

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратпа парақ

үзеңгі, ер-тұрман, киіз үй, әшекей бұйым суреттері

Ермексаз әр топқа

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Көшпенділер құпиясы»

Оқушыларға 3түрлі сурет ұсынылады: көне ескерткіш, киіз үй және көне қала. Әр шаблонға берілген бейнені сабақ мақсатымен байланыстырып, 1 қорытынды ой жазу ұсынылады.

«Ескерткіш»

«Көшпенді»

«Отырықшы»

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Кестені толтыр» тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға қолдау ретінде көшпелі және отырықшы өмір салты суреттерін ұсынуға болады. Қабілеті жоғары оқушыларға «Қазақстан кеше және бүгін» тақырыбында ата-аналарымен бірге ой толғау жазу тапсырылады. Ой толғау критерийлері алдын ала әзірленіп уйге беріледі.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Кестені толтыр тапсырмасын жұпта парақтарды алмастыру арқылы бағалауға болады. Әр бағанға 3тен артық ерекшелік жазылуы тиіс. Дұрыс жауаптарды слайдтан көрсетіңіз.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу