Адамдар не үшін еңбек етеді? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Видеорепортажды көрсетуге дейін сұрақтарды алдын-ала балаларға қою аса маңызды. Осындай жағдайда оқушылар мақсатты түрде видеоны көріп жауап іздуге тырысады. Оқушыларға қалам алып, жауаптарды түртіп отыруға болатынын ескертіңіз.
  • «Болжау» тапсырмасында оқушылар тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің қалай әсер ететініне жалпылама болжамдар жасауға тырысады. Бұл тапсырма ақпаратпен жұмыс істейтін маманның ең сұранысқа ие дағдысы болып табылатын, болжау жасау дағдыларын дамытады. Жетекші сұрақтарды қою арқылы болжау дәлдігін дамытуға тырысыңыз. Сабақтың соңында болжамдарға оралып, олардың қаншалықты нақты, дәл болғандығына баға беріп кету аса маңызды.
  • «Сәйкестендір» тапсырмасында оқушыларға сюжетті суреттер/жазылған сөздер ұсынылады, «ой еңбегі» және «дене еңбегі» деген екі жәшікке оларды бөліп салулары керек. Жәшіктерге атауларын жабыстырып, алдын-ала дайындап қойыңыз. Оқу мен отбасында ата-аналарына көмектесу де еңбектің бір түрі екендігіне оқушылардың назарын аудартыңыз.
  • Оқушыларды топқа бөлген кезде топ мүшелерін өзгерткіңіз келсе (саралау жүргізу мақсатында немесе бір топта қабілеті жоғары оқушылар жиналып қалса т.с.с.) тиісті оқушының орындығының арқасына білдіртпей стикерге қажетті топ атауын жазып, жапсырып қойыңыз. Бір сәтте барлық оқушыларға тосын сый етіп орындық арқасына қарап, топ мүшелерін алмастыруды ұсыныңыз. Бұл әдіс оқушыларды бір-бірінен бөлмей, байқатпай әрбір оқушының оқу мақсатына жетуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  • 6-шы тапсырмада оқушылар топта жұмыс жасау тәртібі төмендегідей болуы мүмкін:
  • 3 МИНУТ талқылау, баяндаушыларды таңдау;
  • 1 минут қорғау;
  • 1 минут сұрақтарға жауап беру.
  • «Дәлелде» тапсырмасында әрбір дұрыс тұжырымдалған дәлелдеме 1 ұпаймен бағаланады. Стикер алу үшін қажет ұпай саны – 3 ұпай. Келесі әрбір 3 ұпайға бір стикерден беріледі.
  • Қосыша сыныптан тыс тапсырма:

Оқушыларға өз қаласында (ауылында) тұратын, ерен еңбегінің арқасында аса қадірлі болған адамды кездесуге шақыруды ұсыныңыз. Оқушылар осы тақырып арнасында сұрақтарды алдын-ала дайындап қоюлары қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу