Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)

  • Видеорепортаж Қазақстан телеарнасы «Табиғи апаттар толастар емес»

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=yEWHbJXirpI

  • «Әңгіме құра» тапсырмасының қима материалдары

https://www.namfs.org/natural-disasters/

http://www.smrbyallaction.com/tips-prepare-natural-disaster/

  • Кестемен жұмысқа арналған таратпа материалдар

Геологиялық катаклизмдер

Ауа райы, климаттық катаклизмдер

ЖЕР СІЛКІНІСІ

ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАУЫ

СЕЛ

КӨШКІН

ҚАР КӨШКІНІ

СУ БАСУ

ЦУНАМИ

ӨРТ

ҚҰЙЫН

БОРАН

БҰРШАҚ

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

Дұрыс жауабы:

Геологиялық катаклизмдер

Ауа райы, климаттық катаклизмдер

ЖЕР СІЛКІНІСІ

СУ БАСУ

ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАУЫ

ӨРТ

СЕЛ

ЦУНАМИ

КӨШКІН

ҚҰЙЫН

ҚАР КӨШКІНІ

БОРАН

БҰРШАҚ

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

  • «Галереяны шарлау» стратегиясына арналған мысал сурет: Сел кезіндегі негізгі 3 әрекет

(http://sav.21415s11.edusite.ru/selj.html)

Теориялық ақпарат

Қолайсыз табиғи құбылыстарға соңы алапат су тасқынына ұласатын нөсер жаңбыр мен дауыл (өте қатты жел) да жатады. Қазіргі заманда спутниктер арқылы ғарыштан бақылап, апаттардың алдын алуға болады.

Барлық аймақтарда қауіпсіздікті бақылайтын арнайы қызметкерлер бар, олар қауіпқатер жайында алдын ала хабарлайды. Қатер төнген жағдайды адамдар басқа жерге көшіріледі. Қолайсыз табиғи-климаттық құбылыстар ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Ыстық,құрғақ желдің жиі соғуынан құрғақшылық пайда болады.

Жыл сайынғы құрғақшылықтан егін шаруашылығы зардап шегеді, астықтың шығымы төмендейді. Судың тапшылығынан ауыл шаруашылығы өнімдері азаяды. Кейде мұндай желдер алапат шаң көтереді. Ауыл шаруашылығына, егістікке қатқақ, қатты аяз, нөсер, бұршақ өте қауіпті. Кей жерлерде ауа температурасының күрт төмендеуінен, көктемгі суықтың ызғарынан қатқақ пайда болады. Олар егістікке, мәдени көгөністерге, жеміс ағаштарына көп зиян әкеледі.

Жазда күн күркіреуінің соңы нөсер жаңбыр мен қатты желге, бұршаққа ұласады. Соның салдарынан астық шіриді, жолдар жарамсыз болады, электр сымдары үзіледі. Қолайсыз ауа райы әуежай жұмыстарына, ұшақтардың ұшуына кедергі келтіреді.

Геологиялық және табиғи-климаттық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, лай көшкіні, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.

Лай көшкіні – таудан немесе биік жар басынан төмен қарай ауыр салмақпен сырғып құлаған лай батпақ.

Сел – тау өзенінің арнасынан кенеттен асып, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты су ағыны. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, мұздың бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның іс-әрекетінен пайда болады.

Қар көшкіні – тау шыңдары мен құлама беткейлерінен төмен қарай құлаған қар массасы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағында қар көшкіні қаупі бар.

Көктайғақ – қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен мұз болып қатуы.

Жер сілкінісі – жер асты дүмпуі әсерінен жердің беткі қабатының қозғалуы. Дауыл – 30 м/с жылдамдықпен ұзақ соғатын жойқын жел.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу