Музыкалық сарай. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім:Сәулет өнері

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық сарай

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау

 Сабақ мақсаттары

  • музыкалық формамен танысады, шығармаларды талдайды;
  • А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін үйренеді көркем образын аша орындайды;
  • әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

тыңдалған әуеннің формасын анықтайды;

ән үйреніп, көркем образын аша орындайды;

әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

Оқушылар:

  • пәндік терминологияны қолданып, әртүрлі түсініктерді және тыңдалған әндерді талқылау;

Пәндік лексика мен терминология:

  • ән, форма, шумақтық форма, шумақты-қайырмалы форма.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әндерде неше шумақ бар?
  • Ал неше қайырма бар?
  • Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
  • Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?

Құндылықтарды дарыту

Тайм менеджментті сақтай білу, уақытты өзінің теңіне орналастыру

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Оқушыларға Астананың көрікті ғимараттарының суреттерін қарауды ұсынамыз. Дидактикалық материалдар.1-қосымша.

Сұрақтарды талқыла:

  • Бұл суреттер сізге қандай әсер қалдырды?
  • Бұл әдемі құрылыстарды жайлы не білеміз?
  • Сәулет өнері дегеніміз не?
  • Бұл ғимараттардың сырт пішіні қандай?
  • Әр ғимарат неше бөліктен тұрады?

Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Астананың көрікті ғимараттары-

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/top-12-zdaniy-astanyi-s-unikalnoy-arhitekturnoy-podsvetkoy-299697

https://www.youtube.com/watch?v=F-_pRlLFE28

https://www.youtube.com/watch?v=YTRzZVOZSkM

Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Алдыңғы сабақта үйренген Е.Тілепбердиевтің сөзіне жазылған, Х. Сетековтың«Әуендер сарайы» әнін тыңдап, еске түсірейік және

А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін тыңдайық.

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Әндерде неше шумақ бар?
  • Ал неше қайырма бар?
  • Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
  • Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?

2- тапсырама. Музыкалық сауат.

Музыкалық форма –музыкалық шығарманың құрылымы, құрылысы.

Музыкалық форманың шумақтық, шумақты қайырмалық, екі бөлімді, үш бөлімді (жай және күрделі) сонаталық, вариациалық рондо, фуга, полифониялық, т.б. түрлері болады.

Ән- шумақтық және шумақыты-қайырмалы болып келеді.

  • «Әуендер сарайы» -3 шумақтан және қайырмадан тұрады. Шумақты-қайырмалық форма.
  • «Ай келбетті Астана» -3 шумақтан тұрады. Шумақты форма.

3-тапсырма. Ән үйрену және орындау

А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін қайта тыңдаңыз. Әнді үйреніп, дирижерлық қимылды қосып, көркем бейнесін аша жұппен және топпен орындаңыз. 2-қосымша.

Орындауды бағалау критерийі

  • әннің сөзін ұғынықты айтады;
  • әннің ырғағын сақтайды;
  • әннің көркемдік мазмұнын жеткізеді:
  • әнді дирижерлық қимылды қосып орындайды.

Сөзі Е.Тілепбердиев,

Әні: Х.Сетеков «Әуендер сарайы»

Сөзі: А.Естенов,

Әні: А. Тани

«Ай келбетті Астана»

Сөзі: А.Естенов,

Әні: А. Тани

«Ай келбетті Астана»

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Шығарманы тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Орындау және импровизация тапсырмасында бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу