Уақыт толқынында. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.
«Уақыт» бөлімінің 2 сабағына әдістемелік нұсқаулық
Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.
Сабақты өткен сабақта өткен матреиалды қайталадуан бастауға болады. Оқушылар бұл арқылы қандай бөлім өтіп жатқандарын естеріне түсіреді.
1 тапсырмада сабақ тақырыбы мен мақсатттары айтылған соң оқушыларға қыл қобыз аспабында орындалған Қорқыттың «Башпай». Күйді тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға күй атау мен композиторын атамағаны жөн, оқушылар ойналып тұрған аспапты өздері анықтауы тиіс.
Оқушылар өз ойларын айтқан соң ғана мұғалім күйдің аңызын оқушыларға айтып береді. Сонан соң күй қайта тыңдатылып, оқушыларға аңызда айтылған оқиға мен музыка жайлы ойлануды сұрауға болады.
Екінші рет тыңдап болған соң күйді талдауға арнлаған ашық дәрежелі сұрақтар реті қойылады:
Күйдің атауы оның мазмұнын аша ала ма?
-Бағдарламалық музыка дегенді қалай түсінесің?
-Күйдің мазмұны туралы не айтасың?
-Күй сарыны уақыт пен музыка түсінімін жеткізе ала ма?
2 тапсырмадa оқушыларға жаңа музыкалық термин бағдарламалық музыка ұғымы түсіндіріледі. Мысал ретінде берілген Құрманғазы мен Динаның күйін тыңдатып шығып, тарихын айтпас бұрын оқушылардың қандай бағдарламалық музыка үлгілерін білетіні жөнінде сұрап алғаны абзал.
Бағдарламалық музыка - музыканың негізгі жанры. Программалық музыкаға әдейі көркем әдебиет шығармаларының желісімен жазылған, яғни программасы бар, мазмұнды аспапты музыкалық шығармалар жатады.
Мұғалім опера, балет және тағы да басқа музыка баңдарламалық музыкаға әндер де баңдарламалық музыкаға жататыны жөнінде айтып өтуі қажет
3 тапсырмада оқушыларға бағдарламалық музыка үлгілеріне ырғақтық сүйемелдеу ойнау импровизация жасау тапсырмасы беріледі. Музыка үлгісі ретінде мұғалім басқа да күйлерді немесі бір музыкалық шығарманы алуына болады.
Мұғалім оқушыларды орындау кезінде қатар бойынша кезекпен ойнатып, ырғаққа дұрыс ілесуін бақылайды. .
4 тапсырмада мұғалім музыкалық өлшемдерді қарапайым түрде түсіндіру үшін математика пәнімен байланыстырады. Сонан соң теориялық тұрғыда өлшем ұғымын түсіндіреді өлшем белгіленетін әрбір санды түсіндіріп, қарапайым өлшемдерді сыныппен бірге санатып, орынтадып көреді. Музыкалық өлшемге байланысты тапсырма бермес бұрын мұғалімнің оқушылар түсінгендігіне көз жеткізіп алуы қажет, себебі егер оқушылар өлшемнің саналуын түсінбесе сабақтағы келесі тапсырманы орындай алмайды. Және санап ырғақпен орындау барысында сегіздік, төрттік, жартылық ноталарды мысал ретінде жеке жеке өзі орындап көрсетіп, сонан соң оқушылмен бірге орындау қажет. Сонымен қатар 2/4 өлшемін түсінген соң ғана, 3\4 өлшеміне көшкен дұрыс.
2/4 өлшемін ырғақпен орындау үшін оқушылар И. Штраустың «Полька пиццикато» музыкалық шығармасына сүйемелдеу жасайды. Бұл жерде әр қатарға өз ырғағын бірнеше рет қайталатып жеке орындатып алу керек.
Сонан соң ғана барлық сынып бірге орындайды. Орындау барысында әр партияның нота ұзақтықтарын тақтадан көрсетіп тұру қажет, бұл оқушыларға өз партиясын нақытылықпен орындауға септігін тигізеді.
Рефлексияны өткізу үшін «Бағдаршам» әдісі қолданылады. Бұл әдісті мұғалім ауызша өткізуіне, егер уақыт аз қалса оқушыларды үш түсті смайлик қасына тұруын сұрауға болады. Бұл үшін сыныптың үш қабырғасына үш түсті смайликті алдын ала жабымтырып қою қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?